Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АЛ, ҚАНЕКЕЙ, ӘЖЕЛЕР!


3 апреля 2012, 08:26 | 3 281 просмотр



Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрімізді оқушылар санасына құю.

Көрнекілік құралдары: Нақыл сөздер, үнтаспа.

Барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Әділқазы алқасымен таныстыру.

Ә) Сайыстың шарты: а) әжелер сайысына қатысушылардың ұлттық үлгіде киім киюі.

б) Ұлттық салт-дәстүрді әжелердің оқушыларға жете түсіндіруі.

II.Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, қадірменді қонақтар!

«Ал, қанакей әжелер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

III.Сайысымызды жүргізуге үш әже қатыс-

ты.

Асылайын мойныңа,

Еркелейін қойныңа

Шөпілдетіп сүйесін

Әжелерімнің тойында, - дей келе

әжелерімсізді ортаға шақырайық. (Күй ойнап тұрады, немерелері әжелерін ортаға жетектеп әкеліп, орындарына отырғызады).

Тлеш Әнеттің әжесі – Жүмакүл әже

Балгазиева Диананың әжесі – Жанаркүл әже

Мәтібай Асылайдың әжесі – Жұлдыз әже

Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік етуші әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Мектеп төрайымы – Киригизбаева Зоя Сатаевна

2.Тәрбие меңгерушісі – Зейнелаева Ә.О

3.Бастауыш сынып мұғалім – Амирбек-ова Гулзат

4.Ата-аналар атынан – Амантай Жәйна

Ал, кәнеки ағайын,

Асқақ әнге салайық

Басы болсын бұл тойдың,

Шырқап әнге салайық,

- деп тойымызды «Әже» әнімен басатайық.

Сайысымыздың I бөлімі – Таныстыру.

Әжелер келіп жетті танысуға,

Сыпырады томағасын осы дұға.

Қызып келген қырандай керіледі

Әдеппенен, ізетпен танысуға,

- дей келе әжелеріміз өздерін таныстырып өттеді.

Сайысымыздың II бөлімі – Өз қолдарынан жасаған бұйымдарын таныстырып қорғайды.

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін

Біз айтайық төрелігін соңынан,

- дей келе әжелеріміз өз қолдарынан жасаған бұйымдарын қорғап өтті.

Сайысымыздың III бөлімі – Өнерлерін көрсету.

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді

Сізді сонша аңсап ел,

Би билеп, ән салып береді,

-дей келе әжелеріміз өнерлерін көрсетіп өтті. Әділқазылар алқасы бағасын бағалағанша «Наурыз биін» тамашалау.

Сайысымыздың IV бөлімі – Ұлттық тағамдар.

Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Ас қадірін білмеген аштан өледі», «Ат қадірін білмеген жаяу қалар» демекші әжелеріміздің алтын қолынан жасаған қазақтың дәмді тағамдарын таныстырып қорғамақшы.

Әділқазы алқасы бағаларды бағалағанша «Айгөлек биін» тамашалау.

Сайысымыздың VI бөлімі – Нақыл сөздер.

Жақсы сөз-жарым ырыс дейді ғой «Көп білгеннен емес, көп көргенен сұра» демекші, өнеге үлгілерін әжелеріміз мына отырған жас келіндерге, оқушыларға қандай қасиет айтар екен, соны тыңдасақ. Әжелер ойға түйгендерін атап өтті.

«Үнді биін» тамашалау.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демеші бүгінгі тойымыз аяқталды. Сіздер бүгін әжелеріміздің батылдығы мен тапқырлығына куә болдыңыздар.

Мектеп төрайымы Киргизбаева Зоя Сатаевна әжелерді құтықтай отырып әр әжелердің қатысуына қарап ат қойып, сыйлық тапсырып өтті.

Автор:
С.А.МУСРЕПБЕКОВА, Ш.Уәлиханов атындығы орта мектебі МДШО-мен бастауыш сынып мұғалімі Ұзынағаш ауылы, Жамбыл ауданы