Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БУЫН ТҮРЛЕРІ


4 февраля 2012, 07:59 | 2 665 просмотров


Сабақтың мақсаты:

білімділік - сөздерді буынға бөлу, буын түрлерінің жасалу жолдарын үйрету;

дамытушылық - жаттығулар мен мысалдар арқылы буынның жасалу жолын, буынның түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, сөздік қорын, ойлау қабілеті мен тілдерін дамыту; тәрбиелік – ізденімпаздыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, кесте

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылар назар-

ын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.

301-жаттығу. Мәтінге ат қою, екі буыннан тұратын сөздерді көшіріп жазу.

Есеп-сұрақ

1.Бір буында қанша дыбыс болады?

2.Мына з, с, т, н, б, м дыбыс-

тарынан буын құрала ма?

Жаңа сабақ.

Оқулық, жапырақ, Жетісу, тәуелсіздік сөздерін буынға бөлгізіп тақтаға жазғызу.

Тіл дыбыстарының тіркесінен сөздер жасалады. Дыбыстар сөздің ең кішкене бөлшектері.

Буын дауысты дыбыстардың қатысуымен ғана жасалады, демек дауыссыз дыбыстардан буын жасалмайды.

Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты. Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.

Сергіту сәті: Жаңылдырғыш сұрақтар.

1.Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?

2.Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?

3.Шалға қарағанда балада не көп?

4.Бота мен қозы ұқсас екен дейді кейбір балалар. Олар қалай ұқсас бола алады?

Шығармашылық жұмыс

Метаграмма құрастыру

Сабақты қорыту.

Үй тапсырмасын беру.

Бағалау

Автор:
Н.А.ҚАБДЫҒАЛИЕВА, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «М.Төлебаев атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы» бар мемлекеттік мекемесі