Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Құрметті мектеп директорлары!


3 апреля 2012, 07:02 | 1 904 просмотра


Өздеріңіз төл басылымдарыңыз «Білім шапағаты» газетінің басты мақсаты – мұғалімдердің арасында өзара байланыс орнату, олардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашу, дамыту, оларға деген қоғам, билік назарын аудару, көпшілік құрметін қалыптастыру, еселі еңбектерін, жемісті жетістіктерін барынша насихаттау болып табылатынын жақсы білесіздер. Осы мақсатта газетімізде «Адам және оның еңбегі» атты айшықты айдар ауқымды жұмыс істейді. Сіз басқарып отырған ұжымда да еңбегімен әріптестеріне, елге сыйлы, шәкірттеріне үлгі бола білген ұстаздардың көп екенін жақсы білеміз. Сондықтан «Білім шапағаты» газеті осындай озық тәжірбиелі ұстаздың еңбегін насихаттау, педагогика саласында ұзақ жылдар еңбек етіп енді зейнеткерлікке шығатын ардагер ұстаздарды міндетті түрде, сондай-ақ, жас та болса жаңашылдығымен көзге түскен жас мұғалімдер қызметін көпшілік назарына ұсынуды басты темірқазығы етіп отыр. Осындай озық ойлы ұстаздар жайлы газетімізге мақалалар берулеріңізді өтінеміз. Олардың кезеңмен жарық көретініне кепілдік береміз. Осы арқылы сіз бен біз ұстаздардың әлеуетін арттыруға тамшыдай болса үлес қосамыз деп білеміз. Ақжолтай ниетімізді қолдағаныңыз үшін Сізге алдын ала алғыс білдіреміз.

Автор:
Құрметпен Бас редактор: Нұрым Нұрлыбеков