Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ақпараттық технологияны сабақта пайдалану


13 апреля 2012, 15:43 | 3 791 просмотр



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті—ұлттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу» делінген.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп мұғалімдері күнделікті іздену арқылы барлық жаңалықтармен өзгерістерге жол ашатындай жаңа тәжірибелік әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білуі тиіс. Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой-өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын арттырады.

Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп , адамзат қоғамын алға апаратын жол – тек қана білім, оны тұрақтандыратын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын да – білім.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру – педогог кадрлардың ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде сенімді әрі тиімді қолдана білуін талап етеді. Мектептерде интерактивті тақталардың қойылуы, педагог мамандардың онымен жұмыс жасай білуі ақпараттық-коммуникациялық технологяның мүмкіндіктерін дамыту бағытында қолданылады соны мен бірге түсіндіруге және ақпаратты белсенді қабылдау үшін мультимедиялық орта беріп қана қоймай, оқушылардың осы ақпаратты оқып-үйренуге деген мотивациясын жоғарылатады.

XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, жеке тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамда ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енуде.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы:

Жаңа материалды сынып ортасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді;

Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді;

Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған жазбаларды сақтауға, баспаға беруге болады және материалды қабылдау деңгейін тексер-

уді жеңілдетеді;

Оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке ынталандырады;

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламалар-

ын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқытудың жаңа құралдарының бірі болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық, электрондық оқыту құралдарын барлық пәндерді оқытуға пайдаланылып отыр.

Ақпараттық қоғамның негізігі талабы:

оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру:

логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту:

ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру:

ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы - әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту ар-қылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүние танымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру:

мектептің материалдық-техникалық базасына;

ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;

оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;

оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне;

педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне;

оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді болуына;

Интерактивті құралдар мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеу-

іне жағдай жасайды.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы:

•пән бойынша базалық білімді меңгеру;

•алған білімді жүйелеу;

•өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

•жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

•оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадыны іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Оқушылардың көпшілігі естігенін 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Сабақтағы уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақта үш режимде де жұмыс жасайды. Ақ тақта режимі – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Бұл режим сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталауға қолдануға ыңғайлы.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.

XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проб-

лемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.

Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтауы жоғарғы деңгейде болады.

Интерактивті құралдардың ерекшеліктері:

Бормен тақтаға жазылған кескінді интер-

активті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.

Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

Слайдтарда, флипчартта қателер жіберіл-

се, тез арада түзетуге болады.

Сабақта Activote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін іске асыруға болады.

ACTIVwand указкасы тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Менің ұстаз ретінде негізгі мақсатым – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. К.Д. Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз жаңғыртып отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденісті тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген екен.

Сондықтан, әр сабаққа жаңа ізденіспен келіп, жаңашыл еңбекке ұмтылу, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіну, білімді де білікті шәкірттер даярлауға атсалысу, әр мұғалімнің бүгінгі таңдағы басты міндеті.

К.У.ОМАРОВА,

К.Д Ушинский атындағы №7 орта мектеп

Талдықорған қаласы

«Ананың аялы алақаны»

Мақсаты.

1.Балаларға 8 Наурыз туралы түсінік беру. «Ананың аялы алақаны» деген сөздер туралы әңгімелету.

2.Анаға деген сүйіспеншілікті арттыру.

3.Ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілер: Суреттер, нақыл сөздер, интерактивтік тақта.

Барысы: Көктемде күн жылынады. Қар ери бастайды. Ағаштар бүршік жарады. Жылы жақтан құстар ұшып келеді. Осы құлпырып келе жатқан көктем айының ең алғашқы күндері аналарымыздың салтанатты мерекесімен басталады. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол – тіршілік үлкен тағдыр. Біз де бүгін аналарымызды мерекемен құттықтап, «Ананың аялы алақаны» атты ертеңгілімізді бас-

таймыз.

Сөзжұмбақ

Қар, мұз еріп,

Су көбейіп сай – салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктем)

Көктем туралы не білеміз?

Береке бірлік қатар қонсын

Қуанышқа, шаттыққа орта толсын

Жылына бір келетін сағындырып

Аналар мерекесі құтты болсын!

Ай қабақты анашым,

Күн сәулелі мамашым

Әлпештеген баласын

Айналайын, анашым.

Бал бөбегін баптаған

Мамам үшін мақтанам

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші, келші, ақ мамам.

Айналайын, анашым

Әлпештеген мамашым

Еміп өскен бөбекпіз

Маматайдың мамасын.

Ана туралы қандай жылы шуақ сөздер білесіңдер?

1.Ана-құдіретті сөз.

2.Ана- өмірдің шуағы

3.Ана – бақыт

4.Ана – жыр

Ана - өмір

Ана – гүл

5.Ана - өмірдің гүлі.

Мұғалім: «Ананың аялы алақаны» дегенді қалай түсінесіңдер? Осы тақырыпқа эссе жазғызу. Бірнешеуін оқыту.

Ана туралы мақал – мәтелдер айту.

Хор:

«Құтты болсын ардақты ана». Асыл анам мерекең!!!

«Ән - әжемнің шайы»

Құттықтау мен сыйдың

Иесі мынау гүлдің

Айтыңдаршы балалар.

Мерекесі кімнің?

Хор: Аналардың

Құрметті сұлу арулар бүгінгі мерекелерің құтты болсын! Гүлдей жайнап жүре беріңдер.

Би: Вальс. Бір топ балалар.

Аналарға деген біздің көңіліміз, мейіріміз ұшан – теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жар-қын, дені сау болуын әрқашан тәлейміз.

Ана - көркі көгімнің,

Ана – нұры жерімнің.

Ана – бағы баланың

Мақтанышы елімнің

Құтты болсын, ардақты ана,

Асыл анам, мерекең.

Ән «Құттықтаймын мама туған күніңмен»

Мұғалім: Дүниеде ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады

Сол үшін де құдіретіне бас иіп

Құрметтейік қасиетті ананы!

Л.Б.БАТИКБАЕВА,

Балпық би атындағы орта мектебі МДШО

бастауыш сынып мұғалімі

Көкжазық ауылы,

Ескелді ауданы