Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ІЛИЯС – ЖЫР ДҮЛДҮЛІ


13 апреля 2012, 15:45 | 3 298 просмотров


1-жүргізуші: Армысыздар! Халықтың ішінен қайнап шыққан ғажайып талант иесі,жыр дүлдүлі,поэзия Құлагері, ақын Ілияс Жансүгір-

ұлын ардақтаған ағайын!

2-жүргізуші: Ұлы ақын Абай атамыз:

Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы,- деп жырлағаны баршамызға аян. Ілияс Жансүгірұлы өлеңді сөздің патшасы, сөздің сарасы екендігін әдемі поэзиялық өрнекпен, айшықты суретпен дәлелдеді.

Құрметті көрермен қауым! Өмірді өлеңмен өрнектеген ақынның шығармашылығына арналған думанды да дүбірлі шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

(8 «А»сынып оқушыларымен дайындал-ған әдеби іс-шара. Сахнаға қолдарына шырақ ұстаған оқушылар шығады.)

1-оқушы: 1894 жылдың көктемінде бір жағы тау сілемдерінен,екінші жағы жазық даладан тұратын Жетісудың жеті өзенінің бірі, Ақсу өзенінің бойында торсық шеке, ай маңдай бір нәресте дүние есігін ашты.

2-оқушы: Анасы Көкештен 4 жасында жетім қалған Ілиясты әжесі Тоқтық пен атасы Берсүгір ерекше мәпеледі. Әжесі Тоқтық:

Сен туғанда жасарды кәрі жасым,

Өсті өркенім теңіздей ықыласым.

Ай ма екен,жұлдыз ба екен,күн бе екен,

Құз қабақ,жота мұрын Ілиясы,- деп еркелетті,ай мен күнге балады.

3-оқушы : Қобызшы Молықбай шал Матайдағы,

Матайда Кенже,Тұнғат,Сақайдағы.

Қазақта қобызшының қалғаны сол,

Жорға еді маймаңдаған бақайшағы ,- деп Ілиястың өзі жырлаған, «Күй» поэмасына арқау болған,өзек болған қобызшы Молықбай сәби Ілиясқа батасын берген еді.

4-оқушы: Атасы Берсүгір өлеңді ойдан төгетін ақынжанды кісі болатын.Ол кісі Ілиясты:

Әлде сері боларсың жорға мінген,

Әлде өлеңші боларсың ән күйлеген.

Бақыт,дәулет,абырой әлі алдыңда,

Сонда мені есіңе ал әлдилеген,- деп маңдайынан иіскейтін,құшағына алатын.

5-оқушы: Әкесі Жансүгір сөзге шешен,ағаштан түйін түйген шебер,ұста Ілиясты Қапал өңірінде 1909 жылы Маман Тұрысбектер аш-қан мектепте 1910-12 жылдары оқытады. Біліммен сусындаған Ілияс көп ізденеді,талаптанады,ақындық жолға түседі.

6-оқушы: І.Жансүгірұлы жан-жақты талант иесі.Ол кісі өзінің «Мен қалай жаздым?» атты естелігінде: «1920 жылы қалаға тарттым.Алматы қаласында 3 айлық мұғалімдер даярлайтын курста оқып жүргенде ел әдебиетін жинайтын комиссия құрамына ілігіп кеттім.Содан бастап жаза бастадым,»-деп жазды.Содан бастап жазды да.

7-оқушы: І.Жансүгірұлы-жан-жақта талант иесі.Ақын балалардың жан дүниесіне көз жүгірте білді.Сондықтан да ол жеткіншектердің тіліне жатық,ойына орайлы,санасына жақын бірнеше шығармалар жазды.Балалар әдебиетінің негізін қалауға өз үлесін қосты. Өлең өлкесінде балаларға арналған жыры шырақ боп жанды

8-оқушы: І.Жансүгірұлы-жан-жақты талант иесі. Өзі өмір сүрген кезеңнің ащы шындығын шынайы суреттей білген, сықақ әңгіме де жазған үлкен сатирик жазушы. Ол Кісінің Әзіл-оспағының астарында терең ой,ірі мәселелер жатады. Сатиралық шығармаларында парасаттылықты, кісілікті, сабырлылықты үндеді.

(Оқушылар ортаға жиналып тұрады да 1 оқушы «Ағынды менің Ақсуым»өленің оқиды).

1-жүргізуші: Қадірлі,бағасы алтын анам тілі

Сенімен бағаланған балаң түрі

Төрт бөліп түп ұйқысын жұбатам деп

Сенімен әлдилеген анам мені-деп жырлаған ақын Ілияс атамыздың өнерін ардақ тұтқан өнерлі ұландар біздің назарымыз сіздерде.

1-кезең Талдау жұмысы . І.Жансүгіровтің 1 прозалық немесе поэзиялық шығармасын таңдап алып, жазбаша талдау.

2-кезең «Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін» .

3-кезең «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» талапкер төл шығармасымен таныстыр-

ады.

4-кезең «Үмітке мініп жүр көңіл» І.Жансү-гіровтің прозалық шығармасы немесе драматургиясынан үзінді жатқа оқиды.

2-жүргізуші: «Жұртымның жүйрігінің дүлділімін» байқауы бойынша үміткерлеріміздің өнерін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші: Ақынның басқалардан ерекшелігі – айналасындағы құбылыстарды тез көріп, тез сезініп, олардан әсерлену және сол алған әсерлерін өлең тіліне түсіре білу. Өмірдің тілін түсінбей ақын поэзия биігіне көтеріле алмайды. «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» кезеңі бойынша үміткерлердің ақындық өнерін байқап көріңіздер.

1-жүргізуші: Тарих-ана. Қандай болса да бала анасынан жерімейді. Тәуелсіздік жолындағы күреске толы тарих өмір үшін күрес. Өмір үшін күресе білген өмір шындығын прозалық шығармаларына арқау ете білген Ілияс Жан-сүгіровтің мұрасын жалғастырушы да насихаттаушы да сіздерсіздер. Сондықтан «Үмітке мініп жүр көңіл» атты кезеңі бойынша үміткерлеріміз прозалық шығармаларын оқиды.

Қорытынды (оқушыларды марапаттау)

К.Т.МЕЙРБЕКОВА, С.А.АБИШЕВА

№2 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Талдықорған қаласы

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы ұстаз, ағартушы ақын, жазушы, аудармашы Ы. Алтынсарин жайлы дерек-мағлұмат арқылы түсінік қалыптастыру; жаңа сөздерді меңгерту; Алтынсарин шығармаларын ажырата алу, баға беру, өзінше ой түю, тұжырым жасау, байланыстырып сөйлеу біліктерін шыңдау.

2.Танымдық, байқағыштық, коммуникативтік қарым-қатынас жасау, еске түсіру қабілеттерін, көркем оқу шеберліктерін, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

3. Адамгершілікке, еңбекқорлылыққа, ұлы ұстазға деген құрметке, оқу-білімге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім мен білікті меңгерту

Сабақтың түрі: Интербелсенді сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап; мағ-лұмат беру; сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы; интербелсенді тапсырма; ой толғау; сөзжұмбақпен жұмыс; кітаппен, сөздік, жұптық, өздік жұмыстары, эссе жазу; санквейн; әңгіме: эвристикалық зерттеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, слайд; интерактив. тақта; электрон. оқулық.

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі, орыс тілі, тарих

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Қызығушылықты ояту: Ой қозғау стратегиясы

-Балалар, кестеге назар аударайық. (Мұғ. тақтадан үзінді оқиды)

Бір Аллага сиынып, Шығарманың атын ата.Авторы кім?

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге Өлеңнің идеясы не? Өзің түйген ой?

Ықыласпен тоқылық!

III. Топтастыру стратегиясы (Ыбырай кім?)

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

(Ы. Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі, шығармалары жайлы дерек-мағлұмат беру)

( Оқушылар өлеңдерден, хаттардан үзінді оқиды )

IV. Сөздік жұмысы (синонимі жасырын тұрады, мұғ.сөзді орысша айтады, синонимін сұрайды).

Тілмаш- аудармашы Шығыстанушы- шығысты зерттеуші

Ағарту- оқыту Тоқу- есте сақтау

V. Сөзжұмбақпен жұмыс («Ыбырай» сөзжұмбағы)

VI.Эссе жазу (Алтынсарин тақырыбына 2-3 сөйлем құрып жазу)

VII.Синквейн

1.Зат есім- Кім? Не? 1 сөз

2.Сын eciм- Қандай? 2 сөз

3 .Eтістік- Не қылды? Не icтeдi? Қaйтті? 3 сөз

4.Тақырыпты ашатын сөйлем құру. 4 сөз

5. Тақырыптың түйіні.

VIII. Кітаппен жұмыс (126-бет )

«Әке мен бала» (Рөльге бөліп оқыту)

IX.Топтық жұмыс. (Екі топтың мәтін бойынша сұрақ- жауап жұмысы)

X. Интербелсенді тапсырма.

Берілген сөздерді жинақтап, Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінен қанатты түйін сөз шығару.

XI.Ой толғаныс. (әңгіме)

«Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың» ұғымына өмірден мысал келтіру.

XII.Қорыту.

1. Рефлексия2. Коррекция 3. Коррекция

XIII. Үйге: Ыбырай Алтынсарин (мазмұндау). «Талаптың пайдасы»әңгімесін оқу.

К.А.МУДЖАЕВА,

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

спортқа дарынды

балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты

Талдықорған қаласы

Қауырсын жабынды жануарлар

Оқушыларды құстардың сыртқы құрылысы мен тіршілік әрекетімен таныстыру; құстар жайындағы білімін кеңейту, тереңдету. Өзі тұратын өлкенің құстарын күтіп- баптауға тәрбиелеу, құстарды зерттеп, оның қадыр- қасиеті, пайдалысы туралы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

С/типі: Аралас

С/барысы: I. Ұйымдастыру

II. Кіріспе

III. Үй тапсырмасын сұрау

IV. Түсіндіру

I.Қазіргі кезде құстардың 9000-ға тарта түрлері бар. Қазақстанда 481 түрі мекендейді. 43 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

II.Құстардың сыртқы құрылысын таблица арқылы жорғалаушылармен салыстыра отырып түсіндіру.

а) ұқсастығы

б) айырмашылығы

III. Басқа жануарлардан құстардың ерекшелігі айқындау.

IV.Зертханалық жұмыс.

1.Құстың сыртқы құрылысымен таныстыру.

2.Құстың қауырсынын лупамен көру.

3.Кесте толтыру

V.Жұмбақтар шешу (құстар туралы)

Ребустарды шешу

Мақал- мәтелдер (Ұя туралы)

VI.Қорытынды. Халқымыздың бар өмір тіршілігі табиғатпен тығыз байланыста болған және өзін сол табиғаттың бір бөлшегі деп есептеген өсімдікті де, жануарларды да, құсты да аялап, қастерлеп, киелі әулие деп, ырым жасап, бақыт, байлық деп ұрпағына аңыз- әңгімелер, мақал- мәтелдер қалдырып отырған.

Қонатын бақыты, бақыт құсына теңеген. Құстығ ұясын бұзбаған, балапанын ұядан алуға, өзін өлтіруге рұқсат етпеген.

VII.Үйге тапсырма

Б.Р.САДЫБАЕВА,

К.Д.Ушинский атындағы

орта мектептің биология пәні мұғалімі

Сарқан ауданы

Ы.Алтынсарин

«Таза бұлақ»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі:

Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру, Ы.Алтынсарин өмірінен мәліметтер беру, білімділік, тапқырлық жайында айта келе, автордың ой түйінін таба білуге үйрету.

2.Дамытушылығы:

Балалардың көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.

3.Тәрбиелігі:

Балаларды табиғатты сүюге, құрметпен қарауға, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, тапсырмалар.

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі

1.Амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік жасау.

2.Психологиялық дайындық.

«Алақан» жаттығуы.

-Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

2. Үй тапсырмасын сұрау.Сұрақ-жауап.

-Әңгіменің авторы кім ?(Ы.Алтынсарин.)

-Ол туралы не білесіндер?

-Ғалым не істеді?

Неге тасты көтерді?

Кімдерге, нелерге барды?(түйе, жеміс ағашы, итке, балаға).

Білімдерін тексеру: «Жақсылыққа жамандық бар ма?»дегенді қалай түсінесің? Сенің пікірің.

3. Жаңа сабақ

Бүгін, біз халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, ойшылы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесімен танысамыз.

«Таза бұлақ» деген сөзді қалай түсінесіндер? суретке қарап ойларыңды айтып көріңдер.

1.Суретпен жұмыс.

-Суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Бұлақтың суреті қандай?

-Бұлақ суының пайдасы бар ма?

2. Кітаппен жұмыс

1.Мәтінді түсініп оқу.Бұлақтың басындағы қара тастан не делініпті?

2.Бұлақты сипаттаған жолдарды тауып оқы.Мәтінде қызыл түспен ерекшелінген жолдарды тауып оқып,мына тапсырмаларға жау-

ап беріңдер.

1.Бірінші жолаушының .... (адал қызмет ет, еш уақытта жалқауланып, тоқталып қалма, ақырында сенде үлкейіп, мұратыңа жетесің)

2. Екінші жолаушының ....(біреуге жақсылық етсең , ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе)

3.Үшінші жолаушының (көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза ұста, сақта, көңілің сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын)

5.Түсінгендерін тексеру.

Әр жолаушының пікірін қысқаша нақыл сөзбен көркемдеп, дәптеріңе жазып ал.

6.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, сабағымызды әңгіме кестесі арқылы қорытындылайық..

Әңгіменің аты- «Таза бұлақ».

Әңгіменің авторы-Ы. Алтынсарин.

Кейіпкерлері –Үш жолаушы.

Әңгімедегі негізгі ой- Жан дүниенің тазалығы.

Әңгіме немен аяқталады –Үшінші жолаушы жас жігіттің пікірімен.

Әңгімеден не үйрендік-Адамгершілік, мейірімділікті,тазалыққа, жақсылық жасауға.

7. Үйге тапсырма.

Білімдерін бағалау.

Ғалия БІТІБАЕВА

«Ақын Қабан жырау атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

бастауыш сынып мұғалімі

Ақтекше ауылы

Көксу ауданы