Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АДАМДАРДЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ


13 апреля 2012, 15:57 | 4 750 просмотров



Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға адамдардың қарым - қатынасы туралы, түрлері, жақтары туралы мағлұмат беру.

2.Оқушылардың басқа адамдармен қарым - қатынасы жақсы болуға тәрбиелеу.

3.Оқушылардың арасындағы өзара қарым - қатынасын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап арқылы.

Сабақтың көрнекілігі: буклеттер, сызбалар, үлестірмелі қима қағаздар

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.оқушыларды түгендеу

2.назарын сабаққа аудару

3.сабаққа деген ынтасын ояту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

(сызықша тұрған жерге сұрақтың жауабын оқушылар жазады)

1. Адамның дүниетанымының кеңдігінен, санасының жоғарылығынан, ізгілік үшін белсенділігінен, өзгелерге (руханият) сүйіспенші-

лікпенен көрініс беретін оның ішкі әлемі қалай аталады?

2. Қоғамдық құбылыс, ас ішер алдында қол жуудан бастап, адамзаттың ақылы мен ойының биігіне дейін қамтитын (мәдениеттілік) кең ұғым.

3. Адамдарды құрметтеуден, адамгершілік қатынастардан, өзгеледі сыйлау, оларға әдепті ілтипат білдірудегі адамға (сыпайылық) тән қасиет.

4. Мәдениетті адамның ішкі дүниесінің әсемдігі мен мейірбандығының көрсеткіші ғана емес, ол философиялық (шыншылдық) ж/е эстетикалық санат.Ол қалай аталады?

5. Адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени (руханият) дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді.

6. Мәдениеттіліктің белгілері. (кішіпейілділік)

7. Шыншылдыққа байланысты «Сұлулық - шындықта» (Е.И.Репин) деп жазған орыс суретшісі.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

І-тапсырма: (Оқушылар жаңа сабақтан түсінгендерін интерактивті тақта арқылы жазады)

ІІ-тапсырма: сөзжұмбақты шешу.

ІІІ-тапсырма:тест жұмысын пульт арқылы белгілеп, интерактивті тақтада жауабын көрсетеді

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үй тапсырмасын беру:

Адамдардың қарым - қатынасы. Тест құрастырып келу, дәптерге анықтама жазу.

Динара САЛИЕВА,

Е.Сиқымов атындағы орта мектебі құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі.

Ақсу ауданы

«БАҚЫТТЫ СӘТ» ОҚЫТА-ҮЙРЕТУ ОЙЫНЫ

Сабақтың мақсаты: «Өсімдіктің вегативті мүшесі жапырақтың құрылысына жалпы негізгі ерекшеліктері» тарауы бойынша түсініктерін тексеру.

Оқушының және топтың ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесін, шығармашылығын, белсенділігін арттыра отырып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу. Балалардың ойын сергіте отырып, өзара достыққа тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: слайд, фишкалар, сөзжұмбақ, кеппе шөп, жұмбақ

Сабақтың типі: сұрақ-жауап, аралас

Сабақтың түрі: блокты-модульді

Сабақтың әдісі: жарыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Жаңа сабаққа дайындалу, еске түсіру

Жаңа сабақ

«Бақытты сәт» оқыта үйрету ойынының ережесі:

Сыныпты 3 топқа бөлемін

А тобы, Б тобы, С тобы. 3 топ өз топ басшыларын тағайындайды.

1-гейм. Бой сергіту

3 топқа 20 сұрау беріледі, кім бірінші белгі берсе сол жауап береді, толық жауапқа фишка таратылады. Сонымен, іске сәт!

1-сұрақ. Алма мен терек жапырақтарының жүйкеленуі.

Жауабы: қауырсын тәрізді торлы.

2-сұрақ. Сабақтың әр буынында бір жапырақ ғана болған жағдайдағы жапырақтың орналасуы.

Жауабы: кезектесіп.

3-сұрақ. Сабақтың әр буынында екі жапырақтың бір-біріне қарама –қарсы бекініп орналасуы.

Жауабы: қарама-қарсы

4-сұрақ. Егер бір буында үш немесе одан да көп жапырақтар болса онда мұндай орналасу.

Жауабы: топтану

5-сұрақ. Өсімдіктердің жапырақта күн сәулесінің әсерінен бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездеуі.

Жауабы: фотосинтез

6-сұрақ. Кактустың түрі өзгерген жапырағы

Жауабы: тікенек

7-сұрақ.Фотосинтездегі хлорофильдің ролін алғаш сипаттаған ғалым

Жауабы: К.А. Тимирязев

8-сұрақ. Бірнеше жыл тыныштық күйде болатын бүршік

Жауабы: бұйыққан

9-сұрақ. Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен дамитын бүршік:

Жауабы: Қосалқы

10-сұрақ. Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұратын орталық тірек

Жауабы: Сабақ

2-гейм. «Ақ терек пен көк терек» ойыны

3 топ бір-біріне жұмбақ жасырады

Жұмбақты шеше алмаған топ мүшесі қарсы топқа қосылады

Әр топ 2-ден жұмбақ жасырады.

Қайсы топ жауап бере алмаса, сол топқа қарсы топ жұмбағын жалғастыра береді.

А-тобы

Сабаққа бекитін бір ғана «ноқтасы» бар,

Жап-жасыл бірнеше жалпиған тақтасы бар (жапырақ сағағы)

Улы газ да, су да оның қорегі

Тіршілікке қоректік зат бөледі

Сары менен қызыл түске боялып,

Күздің ызғар суығынан өледі. (жапырақ)

Б-тобы

Күн сәулесін сіңіріп жарықта,

Газ бен су айналар қантқа (фотосинтез)

Көктемде тұрады бұтаққа асылып,

Күзде жерде жатады шашылып (жапырақ)

С-тобы

Абайла! Жапырағы «шағады», балақай,

Бұл өсімдік аталады (қалақай)

Сабаққа бекитін жіңішке «ноқтасы» да біреу,

Күнге қарап жалпиған тақтасы да біреу (жәй жапырақ)

3-гейм. «Жорға жарыс» Топ басшылар сайысы

А-тобы

1.Өсімдіктің өсу мүшесін ата. (жапырақ)

2.Фотосинтез дегеніміз не? (өсімдікте күн сәулесінің әсерінен бейорганикалық заттардан, органикалық заттардың түзілуі)

3. Жәй жапырақ пен күрделі жапырақтың айырмашылығы. (сағақтағы жапырақтардың орналасуына байланысты)

4. Жапырақтың сыртқы құрылысына жатады. (сағақты, сағақсыз)

5. Кавказ Самырсынының жапырағының тіршілік ету ұзақтығы. (9-13 жыл)

Б-тобы

1. Жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі қызметі. (фотосинтез, жасушадағы артық суды буландыру, органикалық заттарды қорға жинау, газ алмасу, көбеюге қатысу).

2. Жапырақтың сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі. (сағақ)

3. Жапырақ тақтасын жарыққа бағыттап, бұрып қозғалтады. (сағақ)

4. Бөбешік жапырақты өсімдіктер. (асбұршақ, итмұрын, раушан, беде)

5. Қынапты жапырақтар. (бидайда, жүгері-

де)

С-тобы

1. Жапырақтың кеңейген бөлігі. (тақтасы)

2. Ине пішінді жапырақты өсімдіктер (қарағай, шырша)

3. Жүп қауырсынды жапырақты өсімдіктер (ас бұршақ, сары қараған)

4. Үш құлақты күрделі жапырақ (беде, соя)

5. Жүйкелену дегеніміз не? (өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасында орналасуы)

4-гейм. «Кім көп біледі?»

Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы.

5-гейм. Дебат (пікір-талас)

А-тобы Жайқалтса жасыл желек жапырағын,

Ажарланып кетеді-ау атырабым.

Табиғаттың осындай сұлулығын,

Сақтауға барша жанды шақырамын.

Б-тобы Жапырақ қоймасы ғой таза ауаның,

Таза ауа қазынасы жан дауаның.

Ағаш егіп, ұрпаққа мирас етсек,

Алармыз бір Алланың мың сауабын!

6-гейм. Өсімдік жапырақтарының құрылысын ажырата білу.

Кім дәл біледі? Кеппе шөптермен жұмыс.

7. Сабақты қорытындылау, пысықтау

8.Фишкаларды санау, жеңімпаз топты анықтау.

9.Үй тапсырмасын белгілеу.

Д.Т.ТӨЛЕУБАЕВА,

Ғани Мұратбаев атындағы орта

мектебі, мектепке

дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі, биология пәнінің мұғалімі

Құстар қалай қыстайды?

Мақсаты: 1) Қыстап қалатын құстардың тіршілігі, ерекшелігі туралы алған білімдерін кең-

ейту;

2) Шапшаң ойлану, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыру;

3) Құстарды қорғауға, дос болуға тәрбиелеу;

Құрал-жабдықтар: Суреттер, сауалнама сұрақтар, құстар короналары;

Әдісі: Сұрақ-жауап,

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Бағалау: финикалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбер.

-Оқушыларды шеңберге тұрғызып, өлең жолдарын айтқызу.

«Табиғат сен- тіршілік!»

Сен- Күнсің; Сен-Көлсің;

Сен- Ормансың; Сен- Бұлбұлсың,

Адамға –сұлулықты шын ұқтырған!

2.-Оқушыларға алақан мен алақан арқылы жылулығымызды жіберіп, бүгінгі сабағымызда сәттілік, табыс, тапқырлық тілеп, ынтымақтастықпен бастайық!

ІІ. Өткен сабақтағы білімдерімізді 1) тест, сауалнама арқылы көрсетелік.

2. суреттер бойынша жұмыс.

1. Қосмекенділер мен жорғалаушылар, Бунақденелілер қыста қалай тіршілік етеді?

ІІІ. Жаңа сабақ

-Балалар, енді бүгінгі тақырыпқа көңіл аударайық.

«Құстар қалай қыстайды?»

Хат тасушы көгершін хат-хабар арқылы осы тақырыпқа мәлімет береді:

1.Құстарды атап шығайық

2.– Торғай, Құр, Ала қарға, Сауысқан, Қаздар, Тауық сөздері. (мұғалім оқып береді).

IV.Сабақты бекіту.

Бұның бәрі, яғни хат-хабар оқулықта берілген.

Сұрақ-жауап:

1.Құстардың хабарларынан не түсіндіңдер?

Суреттер арқылы жыл құстарын, үй құстарын, отырықшы құстарды топтайық

3.Сергіту сәті.

10.Жұмбақтар:

10.1. Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)

10.2.Өзі сақ, өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзақ, өзі ала

Бұл қандай құс? (Сауысқан)

10.3.Көктемде құстар келгенде,

Ең алдымен келетін

Өзіміз күтіп алатын

Ұя жасап беретін

Бұл қандай құс балалар? (қараторғай)

10.4.Ауыл да, қала да мекені

Жолаушы жүрсек шығарып салады

Алдыңнан да шығады.

Бұл қандай құс? (қарлығаш)

V.Қорытындылау :1) Бүгінгі сабақтан нелер жайында білдік?

а) Құстардың үш топқа бөлінетіні туралы;

ә) Құстардың қалай қыстайтыны туралы;

б) әр құс өзі туралы айтты;

2) Финикаларды жинақтатып, бағалау.

Үйге тапсырма

А.Б.ҚОСМАНОВА,

М.Мәметова атындағы

орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ескелді ауданы