Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!


13 апреля 2012, 15:57 | 6 115 просмотров


Мақсаты: Кітаптың шығу тарихымен, оның адам баласына пайдасы туралы және бүкіл ғылым мен техника кітап арқылы өрістейтінін,білімнің бастауы екенін түсіндіре отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын, рухани байлығын дамыту,өз елінің классиктерін таныту.

Көрнекіліктер: 1.Плакатқа жазылған сөздер:

1.Кітап-білім бұлағы

(М.Горький)

2.Оқу-инемен құдық қазғандай

(мақал)

3.Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

(мақал)

4.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

(жұмбақ, жауабы:кітап)

5.Кітап-алтын қазына

11.Кітап көрмесін безендіру.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды үш топқа бөліп,оларға үш тапсырма беріледі.

1)Бір сандық бар өзгеше,

Қасыңа алып жүресің.

Ішін ашып ақтарсаң,

Өмір сынын білесің.

Ол не? (Кітап )

2) Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігінде бойлаған

Қанбайды адам құмары.

Ол не? (Білім)

3)Сыныптай жылтырап,

Биіктен сырғиды.

Ән салып былдырлап

Іздейді ылдиды.

Ол не? (Бұлақ)

Берілген жұмбақтың шешуі үш топтың аты болып,қолдарындағы қағазға аттарын жазып, тақтаға іледі.

Енді осы сөздер арқылы тақырыбын анықтап аламыз.

1 топ. «Кітап тобы»

Кітап туралы өз ойларын ортаға салады.

11 топ. «Білім тобы»

«Білім не үшін керек? Білімді жинауға не керек?»деген сауалдар төңірегінде әңгіме қозғайды.

111 топ. «Бұлақ тобы»

Бұлақтың пайдасы,оның осы өткізіп отырған іс-шарамызға қандай қатысы бар екенін дәлелдейді.

Тақта алдына қойыл-

ған ақын-жазушылардың кітаптарынан оқушылар өздеріне ұнағанын таңдап алады. Алынған кітаптардың ішінде төмендегідей тапсырма бар.

1.Мұхтар Әуезов 1 томы.

1.Мұхтар Әуезов туралы не білесің?

2.Бұл кітап саған неге ұнайды?

3.Білімді болу үшін не керек?

2. Ғабит Мүсреповтың кітаптары

1.Ғ.Мүсреповтың қандай әңгімелерін білесің?

2.Өзің оқыған әңгімесінің кейіпкерлерін ата

3.Кітапты неден жасайды.

3. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша түсірілген «Батыр Баян» киносын көрдің бе? Оқиға не туралы?

1. «Бұлақ» сөзінің синонимын айт. Соған байланысты мақал айт немесе жұмбақ жасыр.

2. Кітап оқығанды ұнатасың ба?

Оқушылардың жауабы тыңдалғаннан кейін, Танаш Дәуренбековтың «Кітаптар мұңы» әңгімесінен көрініс көрсетіледі.

Кітаптар мұңы:

Мектептің отын қоймасы. Бір құшақ кітапты әкеліп тастай салды. Есік жақтағы бір кітап басын көтеріп қарап қояды. Ыңырсыған дауыстар.

Қазақ әдебиеті: Ей, (жанындағысын түртіп) тұрсаңдаршы, қайда келдік?

Дүние жүзі тарихы: Ойбай,басым! Мазамды алмашы,бүйткен тіршілігі құрысын. Мұнан да парақтарымның пәре-пәресін шығарып, желмен ұшырып жібергені жақсы еді.

Қазақ әдебиеті: Не болды? Жалғыз сенің басыңа келген қасірет қой дейсің бе? Көтер басыңды. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой!

Дүние жүзі тарихы: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін.Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті, баспа қызметкерлері әр әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысты.Сонда кім үшін? «Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын» деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі.

Дүниетану: Иә, достар, менің күнім сендердікіндей. Мен де қолымнан келгенше бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгер-шілікке, парасаттылыққа, өз жерінің табиғатын тануға тәрбиелеуге тырыстым, бірақ Адырбай деген бала мені әбден шимайлап, жыртып, қорлады.

Қазақ әдебиеті: Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптестерім. Енді мұңдас болдық. Мен де Сотқарбай деген баланың қолына түстім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасын аттағанын құанып едім. Оным көпке бармады. Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып, сызып тастады.

Дүние жүзі тарихы: (асығып, тұтығып). Әуелі көтеріп жүруге ауырсынды ма,кейде өзіне керекті беттерімді жыртып алатынды шығарды оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.

Қазақ әдебиеті: Әріптестер, ең құрғанда кіші сынып оқушыларына неге жоғары сынып оқушылары айтып қоймайды екен?! Олар да кінәлі-ау!

Математика: Дұрыс айтасыңдар!Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда,10 –сыныпта оқитын ағасы қой демеді-ау!

Қазақ әдебиеті: Бірақ әр оқушы өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой.Ондай ұқыпты балалар жоқ емес. Бірақ олар Адырбай мен Сотқарбайларға ақыл айта алмай келеді.

Дүние жүзі тарихы: Иә, иә, сен дұрыс айтасың. Мен өзім сияқты құрдасым болды. Ол екеуміз мектеп кітапханасынан бірге шықтық. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық. Міне,оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін!Кітабына кір жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайтармайды,арасына қағаз салып қояды, сызбайды, сия тамызбайды. Оның кітабы жаңа күйінде шықты.

Дүниетану: Енді бізді не істер екен? Әлде отқа тамыздық етер ме екен? (Бәрі селк ете түсті.Бір сәтке үндері шықпай,іштен тынды).

Қазақ әдебиеті: Қой,мүмкін бір кәдеге жаратар. Қайтадан түптер.

Математика: (кекетіп) Түптер! Түптесе, сені түптер, ал түптеуге келмейтін, тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарым-жанбыз.

Дүние жүзі тарихы: (басу айтып). Әріптестер, мен тарихты білсем, бізді фабрикада қайта жуып, тазартып, сиямыздан, бояуымыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен деп тілейік. Бәрі: Иә, ия, соны айтсаңшы. Ылайым солай болсын. Бізді аялап ұстаса ғой.

(Бәрі үміттеніп кетеді)

Кітапханашы сөзі: Иә, балалар, кітаптардың мұңы, шынында да адам аярлықтай екен. Олай болса кітапты күтіп ұстау бәріміздің міндетіміз. Кітап біздің ақыл ойымызды өсіреді, ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстырады, өмірде не болып жатқанын хабардар етеді. Білім бастауы болған кітапты ұқыпты ұстауға, оны жан досындай қадірлеуге әрқайсысың міндеттісіңдер. Кітап адамға қандай кезде де ақылшы, дос бола алады.

Қорытынды сөз: Міне, балалар, кітаптың пайдасы, оны күтіп ұстаудың тиімділігі, кітаптың шығу тарихы туралы сөз қозғадық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің барлық балаларының оқып, білім алуына, олардың оқулықпен қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлді. Сондықтан да «Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»,- деген аталы сөздің мән-мағынасын түсінуіміз керек.

Сауле ТОЙКЕНОВА

№ 17 орта мектеп кітапханашысы

Талдықорған қаласы

«Ғылым таппай мақтанба» «Жақсылардың жақсысы»

МАҚСАТЫ:

1. Абай Құнанбаев туралы

1. Ертегіні түсініп, мәнерлеп түсініктерін оқу.

2. Таным мүмкіндіктерін ашу, тереңдете түсу, өлеңді түсініп оқу, сөздік қорын молайту.

2.Сөздік қорларын дамыту, өз ойларынан ойларынжүйелеп жеткізе қорытынды жасай білуге дағдыландыру білуге баулу.

3. Еңбекті сүюге баулу, адамгершілікке,3. Еңбек ете білуге, еңбекті достыққа тәрбиелеу. сүюге, бағалап,құрметтеуге тәрбиелеу.

ӘДІСІ: Сұрақ-жауап, іздену, ой шақыру, топтық жұмыс.

КӨРНЕКІЛІГІ: Абай Құнанбаевтың суреті, суреттер, үлестірмелер.

ТҮРІ: аралас сабақ.

САБАҚ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастару кезеңі

Психологиялық дайындық

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз-талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Өткен тақырыптарды еске түсіру.

1.Қасым Аманжолов кім?

2.Әңгімелерді еске түсіріп айту.

Ол туралы не білеміз

3.Тест сұрақтарына жауап алу.

2.Қасымның туған жері

3.Қасымның қандай өлеңдерін білесіңдер.

4.Ақын ұшқышты қалай сипаттаған

5.Ұшақтың қандай түрлері бар.

Жаңа сабақ

«Ғылым таппай мақтанба»

«Жақсылардың жақсысы»

Абай Құнанбаев туралы не білеміз?

«Ой ашар» стратегиясы бойынша

Топтастыру стратегиясы

АқынСазгерАудармашы 1.Ұршық, өрмек туралы не білесіңдер?

2. Ұршықты көргендерің бар ма?

1-оқушы Менің әжемнің ұршығы

Ұршықпен жіп иіреді.

Семей болысында Әжем бізге шұлық тоқып береді.

Оқулықпен жұмыс

а) мәнерлеп оқу

ә) түсіндіру

б) сұрақтарға жауап алу.

СЕРГІТУ СӘТІ:

Шығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныстап.

Дәптерменжұмыс

Оқулықпен жұмыс

1-топ:

Мәтінді оқу

Жақсы қасиеттерді жазу

Мұғалім оқи отырып оқушыларға

2-топ: сұрақ қояды.

Жаман қылықтар 1. Жабық тұрған бөлмеге әкесі қызының кіруіне неге рұқсат етпеді?

Поэзия минуты.

2. Қыз есейіп, жабық тұрған бөлмеге кіргенде ұршық, кітап, өрмекті көргенде неге жылады?

3. Әкесі қызына қалай түсіндірді?

Сабақты қорыту

Топпен жұмыс

Мақал-мәтел айту

Оқушы білімін бағалау. Оқушы білімін бекіту

Не білдік? Не үйрендік?

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап келу.

Оқушы білімін бағалау

Үйге тапсырма

Ертегіні түсініп оқу.

Майра ДИХАНБЕКОВА,

Сарыбұлақ бастауыш мектебі

қосарланған сыныптар мұғалімі.

Кербұлақ ауданы

«Саятшы Ораз»

Сабақтың мақсаты: 1. Аңшылық, саятшылық туралы әңгіме.

Үзіндіге жоспар, талдау жұмысы

2.«Саятшы Ораз» шығармасы тілін талдауға,шығармашылық ізденіске баулу.

3.Аңшылық, құсбегілік кәсіпке тәрбие алуға, табиғат сырларын ұғынуға үйрету.

Әдіс: жоспар құру, топтастыру стратегия-

сы, мазмұндау, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілік: алғыр құстар суреті, кесте Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Сабақ барысы.

І. Кіріспе: оқушы деңгейі

ІІ. Үзіндіге жоспар құру, әңгімелеу: алгоритмдік саты

ІІІ. Шығарманы талдау: эвристикалық саты

IV. Шағын әңгіме жазу: шығармашылық саты

-Сынып оқушыларын түгендеу

-Сабаққа әзірлігін тексеру.

II Жаңа сабақ: С.Мұқановтың «Өмір мектебі» өмірбаяндық романынан үзінді. Саятшы Ораз. /үй тапсырмасына шығарманы оқып, түсініп келуге берілген/

Балалар, жаңа сабақты талдамас бұрын аңшылық, құсбегілік кәсіп туралы әңгімелесіп көрейік.

І-деңгей. Сұрақтар:

1.Аңшылық, құсбегілік кәсіппен қазақ хал-

қы неліктен айналысқан?

2.Жігіттің жеті қазынасы деп нені айтамыз?

Аңшылық – құмай тазы, қыран бүркіт, ықшам киім, берен мылтық, ау, тұзақ, тату жолдас, жүйрік ат.

3. Аңшылық туралы тақырыпқа жазылған қандай ұлы ақын өлеңі бар?

П-деңгей. Саятшы Ораз. Үзіндіге жоспар құру. Ай-күнді жазу.

Ж О С П А P. 1-бөлім. Балалық шақ.

1.Менің отбасым

2.Жаңа қоныс.

3.Ауыл келбеті

4.Жаңа көрші

-ІІ-бөлім. Саятшы Ораз.

1.Мерген Ораз

2.Құсбегі Ораз

3.Жомарттық.

4.Көршілік парыз, /Оқушылар жоспар бойынша мазмұнын әңгімелейді/ Ш-деңгей. Шығарманы талдау.

-Ал енді балалар, үзіндіден Ораздың порт-

ретін тауып оқып беріндерші.

-Ауыл көрінісі суреттелетін табиғат суретін тауып оқиық.

-Ораздың мінезі қандай? /үзінді оқу/ Үзіндіде алғыр құстардың аттары аталады. Қандай алғыр қүстар туралы айтылатынын тауып жазайық. /түрымтай, түйғын, лашын, ителгі, бүркіт/

Ораздың мінезі мен бойындағы ерекше қасиеттерін тауып, дәлелдеп айтып беріндер.

Алғыр құстар суретін көрсету \әңгімелеу/Қыран бүркіт неліктен мемлекеттік туда бейнеленген? Ол ненің белгісі?

IV-деңгей. Шығармашылық саты.

Аңшылық, құсбегілік туралы шағын әңгіме жаздыру. Мақал-мәтелдер, ырымдардан мысалдар келтіру.

Сабақты қорыту. /кесте бойынша/

Үй тапсырмасы.

Бағалау.

Қ.Б.ДЖАНАМАНОВА,

«Ж.Бусаков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Панфилов ауданы