Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тәрбие-отбасынан басталады


26 апреля 2012, 11:58 | 15 887 просмотров



Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, яғни қоғамға, өзі өсетін тіршілік ортасының мүшесі болады.

Адам дүниеге келісімен өзі көріп отырған адамдардың іс-әрекетіне, қимылына, ас ішуіне, киінісіне, жүріс-тұрысына, сөйлесуіне, ойнауына әңгімелесуіне таңдана қарап, өзі де сол көргендерді есту мақсатында әрекет жасайды. Осыған баланысты: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»-дейді халық. Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы - отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек. Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса, өскенде де сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз. Отбасындағы барлық адамдардың іс-әрекетіне, бала тәрбиесіне бірінші әсер ететін - орта. Бала сол ортаға қарап өседі. Сол үшін балаға отбасындағы тәрбиені қоғамдық ортаға байланыстыра отырып берген адам ұтады. Қоғамдық ортамен байланыссыз, жеке берілген отбасы тәрбиесі бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Сондықтан өскен ортасымен отбасындағы тәрбиені байланыстыру адамның даму жолында үлкен орын алады.

Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеу өте орынды. Әлі тілі шықпаған балаға: «ананы әкел, мынаны әкел, мынаны апрып қой, есікті аш, ары отыр, тамағыңды іш» деп жұмсағанда нәрсені әкеліп, апарып қоюды қызық көреді.

Мұндай жұмсаулардың бәрі бала ересек болған сайын күрделене беруі керек. Осы арқылы сіз баланы еңбекке тәрбиелеген боласыз.

Тәрбие - өте нәзік әрі машақаты көп жұмыс. Баланың тәрбиелі, саналы азамат болғанын барлық ата-ана қалайды. Сол тәрбиені беруге қиналады. Кейбір ата-аналар: «Қолым тимейді», «Өзі-ақ адам болады», «Есейген соң бұл қылықтар қалады» деп те айтып жатады.

Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтан қашпаған ата-ана ғана саналы тәрбие бере алады. Ол үшін баланың не істеп жүргенін, кіммен ойнайды, қай жерде жүргенін, тапсырманы қалай орындағаны сияқты жұмыстарын қадағалап, түсіндіріп, жан-жақты тәрбие беру, оны әрі қарай дамыта білу керек. Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінде өте маңызды екені белгілі.

Ана –өз баласының тәрбиешісі ғана емес, отбасының ұйытқысы. Отбасы мүшелерінің өзара түсінісуінің, бір-біріне кішпейіл, қамқор қатынасымен үйде жылулықтың орнығуына бірден-бір себепкер болатын - ана.

Парасатқа құрылған «әке-шеше» қатынасы баланың адамгершілік сапаларына жетудегі теңдесі жоқ үлгі-өнеге.

Отбасындағы өсіп келе жатқан жеке тұлғаның қалыптасуына, отбасындағы көңіл - күйге қатысты адамгершілік микроклиматтың әсері де зор.

Кейбір отбасында барлық жағдай байыппен, ақылмен шешіледі, ал кейбір отбасында жай әңгіменің өзі ұрыс-керіспен, балаға дауыс көтерумен шешіледі. Неге десеңіз отбасы-баланың сезім мектебі. Ондағы ересектердің әрбір іс-әрекеті, сөзі, араласатын адамдармен қарым-қатынасының барлығына бала еліктей отырып, бойына сіңіреді. Егер бала ересектер қатынасынан үнемі татулық, достық, жанашырлық, адалдық, өзара көмекті байқайтын болса, бұл бала жүрегіне адамгершілік, ізгілік сезімдерін құяды, ал керісінше дау-жанжал, өсек, өтірік, немқұрайлылық, бас пайдасын ойлау, қатыгездік сияқты қасиеттер байқаса бала санасын улайды. «Тәрбие-тал бесіктен басталады» демекші, бала балабақшаға барғанда, өз жасындағы балалармен бірге ойнайды, сөйлеседі. Бұл жерде тіл алғыш, айтқанды істемейтін, жылауық, сабырлы балалардың ортасына, яғни аралас ортаға барады. Балабақшада әр баланың мінез-құлқына мән беріліп, жалпы ортақ тәрбие- адамегршілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, тамақтану, бірін-бірі құрметтеу, жылатпау, көмектесу сияқты адамгершілік тәрбиесі беріледі. Ол тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Сондықтан да балабақшадағы тәрбиешілердің бала тәрбиесіне қосатын үлесі зор.

Тәрбиенің түп-тамыры – ұлтты қадірлеу, ұлттық әдет ғұрыпты дамыту, ұлттық дәстүрді жандандыру, ұлтаралық достық қарым-қатынасты нығайтуға үйрету. Сабақ та, тәрбие де осы бағытта болса ғана баланы ортаға қарап тәрбиелеген боламыз, сонда ғана оның адамгершілігі қалыптасады. Адамды құрметтеуге тәбиелеуіміз керек.

Ш.Т ЖОЛТАБАРОВА

«Балдырған» бөбекжай

балабақшасының меңгерушісі.

Жарлыөзек ауылы,

Көксу ауданы

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту дегеніміз, оның өмір шындығын ажыратып, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

Дамыта оқытудың негізгі мақсаты да балаға білім беріп, оны шығармашылық бағытта тәрбиелеу.

Қосымша білім беру, білім алушылардың білім алу қажеттерін жан-жақты қанағаттандару мақсатында жүзеге асыратын тәрбиелеу мен оқыту процесі.

Қазақстан білім туралы заңы 2007 жылы 24-шілдеде №319 бұйрықпен қабылданды. Қосымша білім берудің оқу бағдарламалары білім алушылардың және тәрбиеленушілердің таза білім алу мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға бағытталған. Қосымша білім беру жүйесінің құнды басымдықтары оқыту тәрбие процесінің демократияландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту. Педагогтың шығармашылығы үшін қажетті жағдай жасау.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, ұстаз «жаңашыл ұстаз» болуы қажет. Жаңа технологиямен жұмыс жасай отырып, газет-журнал, интернеттен жаңалықтарды ести отырып, оны өз сабағында қолдана отырып, өзгеріс, жаңалық енгізу.

Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскелік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру.

Қосымша білім беру бағдарламасына сәйкес өткізіп жүрген сабақтағы іс-тәжірибемнен үзінді.

Сабақтың тақырыбы: Туған жерге - әнмен саяхат.

Мақсаты: Туған жерге деген сүйіспеншілікті оқушы бойына музыка арқылы жеткізу.

Міндеті: Естілген ән арқылы сипатын ажырата білу. Әннің өлеңі мен әніне талдау жасауды ән авторларына шығармашылық мінездеме беруді үйрету. Әннің мәтінін тыңдап, түсініп бойына сіңіру арқылы рухы таза, өнерпаз, шығармашылық тұлға қалыптасады. Әннің мәтіні бойынша суреттер салу, мақал-мәтел айту, сөзжұмбақ шешу. Шығармашылық еңбек дегеніміз, теорияны практикамен шебер ұштастыру, педагогикалық проблемаларды жоғары білімділікпен шешу. Белгілі бір зерттеу бақылау жүргізуді шығармашылық еңбек деп атайды.

Қойылатын талаптар:

1.мақсаткерлік;

2.оған жетудегі белгілі бір міндеттерді жүзеге асыру;

3.мақсатқа сәйкес белгілі бір проблемалық тақырыппен айналысу;

4.білім беру технологияларын, әдіс-тәсілдерді оқып-үйрену, меңгеру.

5.практикаға ғылыми ойларды, озық тәжірибелерді енгізуде белгілі бір бақылау жасау (эксперимент).

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері жүйелі түрде сабақ жүргізу арқылы оқушының қабілетін ашу.

Тәжірибелі мамандардың сабағына қатысу, әртүрлі байқауларға қатысу.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50 ден астам жаңа технология қолданады. Олардың бірнешеуі музыка сабағында қолданыс тапты.

Қабілет мәселесімен көптеген белгілі ғалымдар айналысқан. Солардың ішінде психологияның жарқын қайраткерлерінің бірі

Б. М. Теплов. Оның зерттеуінің маңызы адамдардың бәрі бірдей емес, әр жеке тұлғаның әртүрлі бағыттағы қабілеті болады дегенге саяды. Б. М. Теплов қабілет тек ерекше адамдарға болады дегенге қарсы болды. Әсіресе, ғалымның пікірінше, сапалық айырмашылықты ескеру керек, қабілетінің тек сапалық жағы маңызды роль атқарады.

«Ән де адам секілді өз тағдырымен туады» деген рас сөз.

Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпаққа ,табиғат, жер-ана, Отан, туған жер, атамекен ұғымдарының мағынасын түсіндіру.

2) Табиғатты ән-күйімен тербеген жерлес сазгерлермен Серікжамал Әжібекова, Данияр Құрамысов, т.б.

3) Табиғатты суреттеген халық композитордың (Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгір) күйлерін тыңдатып, музыка мәдениетінің асқан шеберлігін оқушыларға байқату.

1.Дамытушылық: халық музыкасы арқылы оқушылардың ақыл-ойын, сезімін, эстетикалық тағылымын, творчествалық қабілетін дамыту.

2.Тәрбиелік: Донеділ қажимов, Е. Хасанғалиев, Ғ. Құрманғалиевқа арналған буклеттер, үнтаспалар: «Сарыарқа», «Саржайлау», «Аққу», Бейнетаспа «Табиғат», табиғат туралы нақыл сөздер:

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі; салесдесу

Ынталандыру; дауыс жаттығуы

Үй тапсырмасын тексеру, өтілген әндерді қайталау

Жаңа сабақ: Туған жерге әнмен саяхат

Музыка тыңдау

Қорытынды: Әнді нақышына келтіріп орындау

Бекіту: оқушыларды бағалау, үй тапсырмасын беру

Сабақ – ерекше жанр. Сондықтан, 45 минутта балалардың музыкалық іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы нақты мақсатқа жетуге болады. Баланың немен қалай айналысатынын жоспарлау арқылы, сабақта түрлі пікір, диалог, айтыс жүргізіледі.

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Әннің терең мазмұнды мәні оятар» –

деп Абай атамыз айтқандай «Вокал» класы ән жанрын өскелең ұрпақтың бойына дарыту, дамыту бағытында біраз жұмыстар жасап келеді.

Ажар МЕЙІРМАНОВА,

Талдықорған қалалық әкімшілігінің өнер мектебінің вокал пәнінің мұғалімі.

Қосу және азайту 40+34, 74-40

Сабақтың мақсаты: а) ондықтан аттап екі таңбалы сандарды қосу мен азайтуды түсіндіру; құрылысы күрделі әр түрлі өрнектердің мәндерін тапқанда сандарды қосу мен азайтудың әр түрлі әдістерін пайдалануға топта жаттықтыру

ә) оқушылардың матиматикалық білім-біліктерін дамыту

б) логикалык ойлауларын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивті тақта (құралдар)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен амандасу, зейндерін жынактап, назарларын сабаққа аудару.

-Оқушылар орындарынан тұрып, тізбектеліп қол ұстасып бір-бірлеріне жақсы қуат береді. Партадағы жұптар бір-біріне қарап алақандарын тік ұстап тигізсе жылуды алады, көлденең тигізсе жылуды береді. Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтеді. Мен сендерге 5 деңгейлік тапсырма беремін.Әр деңгейдегі тапсырманы дұрыс орындаған оқушы ең жоғарғы баға алады. Сендер, барлықтарыңда 5-ші деңгейге жетесіңдер деп сенемін. Әр оқушыға бағалау парағы беріліп, өз білімін бағалайды.

1.Білім деңгейі:

Үй жұмысын тексеру: 105-бет №4

Ұн-50 кг ?

Күріш-?, 20 кг кем

Шешуі: а)50-20=30 кг

ә) (50-20)+50=80 кг

Бірліктерді бірліктерге қосады

Ондықтарды ондықтарға қосады

Жаңа сабағымыздың тақырыбы шықты: ондықтарды ондықтарға қосу, ондықтардан ондықтарды азайту

40+34 74-40

40+34=(40+30)+4=74

30 4

74-40=(70-40)+4=34

70 4

2-деңгей. Түсіну №2

Күні айы көркем жазу

Ел құрметтеп бағалар,

Кел, дәптерге балалар,

Досың бар ол тазалық

Тап-таза етіп жазалық

98-2 15

65+3 97

35-2 78

98-20 33

67+30 68

35-20 96

7дм 8см – 2см 9дм 7см

67см + 2см 7дм 6см

6дм 7см + 3дм 69см

3-деңгей: Өтілген материалмен жұмыс

Зәуреде – 40 теңге болды

Оған берді – 30 теңге

Бәліш алды – 20 теңге

Қалды - ? теңге

Шешуі:

4-ші деңгей: Жинактау. Өзіндік жұмыс

№6

АВ - 7 см

КМ - ? 3см ұзын

Қосындысы: 4см, 17см, 10см

Айырмасы: 7см, 3см, 5см

№8 4, 5, 6 цифрларын пайдаланып неше екі таңбалы сан жазуға болады?

Үйге тапсырма:

Білімдерін бағалау.

Бубижан АБРАЛИЕВА,

Беріктас орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі. Кербұлақ ауданы