Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Құрметтейік Ананы!


26 апреля 2012, 12:05 | 3 106 просмотров



(Ғ. Мүсіреповтың аналар тақырыбына жазылған топтамалық әңгімелері бойынша аналар бейнесін ашу)

Сабақтың мақсаты:

І.Білімділік. Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп, аналар тақырыбына жазылған топтамалық әңгімелерінің тақырыбын ашу.

2.Тәрбиелік. Оқыған мәтіндерінен ананың сөздерінен ғибрат алғанын дәлелдеп айта білу.

3.Дамытушылық. Оқушыларды өз бетімен әдеби кітаптарды оқуға, өзіндік ойын жүйелеп айтуға, қорытынды жасауға, өзара сынды дамытуға көңіл бөлу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:

1. Ғ. Мүсіреповтың суреті

2. Шығармалары бойынша көрме ұйымдастыру(мүмкіндігінше)

Сабақтың түрі:

1.қалыптан тыс сабақ

2.Сабактың әдісі: сұрақ-жауап, салыстырмалы

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы.

Сабақтың барысы:

(Мұғалімнің сөзі)

Бүгінгі сабақтың өзгешелігіне тоқталып, сабақтың құрылымымен, мақсатымен таныстыру.

Балалар, тұтас бір ел, тұтас халық үшін ұмытылмайтын қасиетті есімдер бар. Мысалы: Тұман басқан Альбиен елі үшін-Шекспир, Германия халқы үшін- Гете, Ресей халқы үшін- Пушкин

Ал біздің халқымыз үшін-Абай. Осындай ұлы ақындары, жазушылары бар ел бір- бірінен жіктері ажырамайды.

Қазақ әдебиеті де мәуелі бәйтерегімен, желісі мол бау- бақшасымен ерекшеленеді десек, осындай жемістері мөлдіреп, уылжып, тұрған бақтың жемістерін жесең тамсанып, рахаттанып, жаның жадырап, бір керемет дүниенің есігі ашылып, өзіңді ерекше сезінесің. Осындай бақшаның саясы мол, ауасы кең табиғаттың небір тылсым сырларын көріп, сезінетінің сияқты, әдебиетте де небір ғажап жазушылардың, ақындардың шығармаларын оқу арқылы ғажап дүние есігін ашып, өзіңді кейіпкермен қатар қойып, күйінетін, жылататын, қуанатын кездерің болып, өз ойыңнан арыла алмай, дел- сал болатын кездерің болады.(Сәл үзіліс)

Топпен жұмыс (Сынып оқушылары төрт топқа бөлінген. Әр топтың топ жетекшісі бар. Алдын ала топқа тапсырма берілген.)

Топ жетекшісі

«Отау үй». Біртуар деген сөзге анықтама беруде оқушылар әңгімеден үзінді оқи отыра мысал келтіру арқылы дәлелдейді (мысалды жатқа айтуға болады). Біртуар деп кімді айтамыз? Біздіңше, біртуар адамдардың ғұмырында екі күн, яғни, туған күн, өлген күн деген болмайды. Ол - біртуар. Яғни, өмірге бір-ак рет келеді. Келеді де кетпейді. Меніңше, өмірбақи өмір сүреді. Ол мәңгі өлмейді

Оқушы. Өлім себетін Темірдің өзінен де Ана қорықпай, тайсалмай, көзіне тіке қарап отырып-ақ бар кінәсін мойындатуының өзі де керек емес пе? Наталья апай ше? Жаудан қорықпай, ауру немересімен күллі жаудың арасында отырып-ақ күлдерін көкке ұшырмады ма? Жазушының кереметтігі, құдіреттігі де осында. Мен де топ жетекшімнің сөзін қолдаймын.

(Бірнеше оқушылар өздерінше өз ойларын дәлелдеді).

«Үлкен үй». Ғабит Мүсірепов - жазушы.

Оқушы. Орыстың ұлы жазушысы А.М. Горький Сургучевка «Русьтағы жауапты және ең қиын қызмет-патшаның қызметі емес, жазушы деген пайғамбардың қызметі екенін айта келіп, әдебиетші қалпында қалуын талап еткен. Жазушы деген талантты ешкім қолдан жасай алмайды, өзінде жоқ болса өзгеден қарызға алуға мүмкін емес, жер жаһаннан қанша іздесең де таптырмайтын нәрсе»,-деген екен.

Оқушы. Топ жетекшісінің сөзіне мен де және топ мүшелері де толық қосылады деп ойлаймын. Өмір болған соң жазушы болған соң, әр түрлі болуы өмір заңдылығы. Ал Ғабиттей жазушы жоқ деп ойлаймын. Мүмкін сіздерге дұрыс көрінбеуі де. Мен өз ойымды дәлелдеймін. «Отау үйдің иелері біртуар адам деді. Оған толық қосыламын. Ғабиттен басқа асыл аналарымыз туралы топтама әңгіме жазған ешкім жоқ.!

III.«Қарашаңырақ» Ғ.Мүсірепов-әдебиетші

Оқушы. Біздер, мына отырған оқушылар, қарашаңырақ иелеріміз. Қарашаңырақ әкенің жолын қуушы, әкенің ізбасары болып қалатын кенже баласы емес пе?. Біз де осы Мүсіреп-

овке ұқсап жазушы болсақ дейміз. Біздің топта өлең жазатын 4 оқушы, аудандық «Ақсу өңірі» газетіне шағын мақалалары жарық көріп жүрген оқушылар отыр.

Оқушы. Жер жаһандағы аналар өз баласына жақсылық еліне тыныштық ойлайды. «Бала ананың бауыр еті, отқа да, суға да сүйреп салады екен, өзегіңнен үзіліп түскен балаң үшін қалай отқа түспейсің. Доңыз жылы ерім өліп, көптен жесірмін. Арқалап жүріп жалғыз баламды асырап жеткіздім. Он бес жасқа толғанда Алтыбас байдың сиырын бағып, ақысын сұрауға барғанда соққыға жықты.

Оқушы: «Ананың арашасы» атты әңгімесінде жарқырап келе жатқан күнімен күні өтіп бара жатқан жазагер отрядының бастығы офицер Антонов және оның әскері туралы айтылады. Осы әңгімеде Нағима ананың «Көк қошқарды соймаңдар, орнына қой әкеліп берейік» дегеніне қарамай, қошқарды батып бара жатқан күннің көзіне қылышы шағылысып, қып - қызыл болып жарқ етті,- деп жазады. Ана өз баласына, өз халқына ғана жақсылық тілеп қана қоймай, жауына да дұрыс жол көрсетуге тырысады. «Өмірдің азығы бар, тозығы бар» деген емес пе?

Оқушы. «Ғ.Мүсірепов - сөз зергері» дегеннен бұрын мен «Ас үйге» тоқтала кетейін. Ас үйден келген адамдар дәм татады емес пе? Біз бүгін келген қонақтарға Ғ.Мүсіреповтың орыстың ұлы жазушысы А.М. Горькийден аударған «Өлімді жеңген ана» әңгімесінен өнер көрсетеміз. Ғ.Мүсірепов - талант иесі, сөздің атасы! Ал талант жұмыстан пайда болады.

Сабақты қорытындылау:

Бағалау: Сөз сараптаушыларға беріледі.

Үйге тапсырма.

А.А.МУХАМЕТЧИНА

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің оқытушысы

Талдықорған қаласы

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Қазақ тілі сабақтарында көздейтін мақсат оқушыларға жалаң сөз жаттау емес, әрбір сабақта үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйрету.

Мен өтілетін әр тақырыптың ерекшелігіне, қиындығына, жеңілдігіне қарай әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап алып отыруға тырысамын, әсіресе қайталаудың ықтимал жолдар-

ына көңіл бөлемін.

Мемлекеттік тілді орыс мектептерінде оқытуда оқушыларды дұрыс сөйлеуге, оқуға, сауатты жазуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету, ойлау қабілетін дамыту, ойын қазақша жеткізе алатындай болуы көзделеді.

Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері күнделікті еңбек барысында әр түрлі болуы қажет.

Мен өз іс-тәжірибемде мынадай әдіс-тәсілдерді қолданып жүрмін:

1.Күбірлеп, дауыстап оқу.

2.Үндеспейтін құбылыс-

тарды жақындастыру.

3. Ауыстырып алу амалы. Өмірбаян – шығармашылық – диалог – монолог – абзацтар – сөйлемдер – сөз – грамматикалық заңдылықтар.

Проблемалық сұрақтар.

1 Ойын – оқушы ойын дамытады. Ойын – оқушылардың есте сақтап қалу қабілеттерін арттырады және мемлекеттік тілді үйретуде ұйымдастыру әдісінің негізгі бөлімі болып табылады.

2. Тірек сызбалар – тиімді тәсіл. Нәтижесі өте жақсы. Сабақтың барысында бұл тірек сызбалар, біріншіден, көзбен көріп есте сақтау қабілетін арттырып, екіншіден, білімге деген құштарлығын, ынтасын дамытады.

3.Оқытудың бір тәсілі – кесте. Кестені қолданғанда балаларда талпыныс пайда болады және бір қарағанда қиын көргенмен қолдану барысында оқушылар тез жаттығып, тез үйреніп кетеді.

Сабақта қолданатын пікірталас түрлері:

пікіралмасу (дискуссия) сөзталас (спор) ойталқы (диспут)

1.Мәтінмен жұмыс (оқыту, аудару, мазмұнын айтқызу, сұрақтар құрастыру, өз бетімен мәтін құрау).

2.Деңгейлік тапсырмалар. Баланың ашылмаған қабілетін ашу, дамыта оқыту, белсенділігін арттырады, өзіне деген сенімін күшейтеді, іздену мақсатымен өткіземін.

3.Суретпен жұмыс (сөз табу, сөз тіркес, сөйлемдер, әңгіме құрастыру).

Осындай әр түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта қолданған оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттырады, олардың жауапкершіліктерін, үнемі жұмыс істеуге, мақсатқа жетуде – табандылыққа, қиындықтан қорықпауға баулиды. Сонымен қатар,оқушылар білімінің тиянақтылығын және тереңдігін арттырады.

6-8 сыныптарда модульдік оқыту. Оқушылар әр модульден кейін міндетті түрде деңгейлік тапсырмалар, нәтиже сабақтар, бақылау жұмыстар, диктант, сөздік диктант, мазмұндама, шығарма жазады. Сонда олар әр тақырыптан алған білімдерін жүйелеп, өз пікірлерін жазып, білімдерін, қаншалықты меңгергендерін көрсетеді.

Менің жеке білім көтеру жөніндегі тақырыбым «Ойын технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту».

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолданудың маңызы зор. Соның ішінде рөлдік ойындар белгілі мақсатта тілді меңгеруге, пәнге деген қызығушылықты арттырады. Әрбір сабақта қолданылатын ойын түрінің белгілі мақсаты болады.

Мағынасы бір сөздерді біріктіру.

Сәлеметсіз бе тағам

Қонақ қоштасу

Үикен кісі сыйлау

Көріскенше төр

Дастарқан амандасу

«Әрі оқу – әрі ойын».

Бір оқушы орысша сөз айтады, екіншісі қазақша баламасын айтады:

Здание – ғимарат

Урок – сабақ

Природа - табиғат

Поколение - ұрпақ

«Бәйге» ойыны үш топқа оқушыларды бөліп, әрбір топқа тапсырмалар беру арқылы өтеді (тақтада үш аттық бейнесі ілулі тұрады) жауап берген топтың атын ілгері жылжытып тұру керек. Бұл ойын оқушылардың топтасып, жұмыстауын, бірлігін көрсетеді.

3-сыныпта «Дүкенде» модуль бойынша нәтиже сабақта, оқушылар «Дүкенде» диалог құрап, рөлге бөлініп, ауезекі сөйлеу дағдыларын көрсеті. Немесе не артық? Неге? Деген сұраққа толығымен жауап беруге тырысады. Мысалы: Әжем дүкеннен нан, тоқаш, торт, алма сатып әкелді. Артығы алма, өйткені ол ұннан жасалмайды. Ол жеміс.

1.Тілді үйренудегі ойынның мақсаты. Ойын арқылы оқушылардың білім-білік дағдылары қалыптасады.

2.Оқытудағы ойынның міндеті:

-Білім деңгейі мен дағдыларын жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу және тәрбие ұштасады.

-Ойната отырып жаңа білімді меңгертеді.

-Танымдыққызметі мен өй-өрісі кеңейеді.

Қорыта келе айтарым, білім беру – оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу.

Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқан «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақылой тәрбиесі болмайды».

Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасалған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады.

Ж.Қ.НОҒАЙБАЕВА

Н.Островский атындағы

гуманитарлық экономикалық мектеп лицейі МДШО

мемлекеттік мекемесі

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Сарқан қаласы

Ұлттық ойын түрлерін дене шынықтыру

сабағында пайдалану

Дүниеге келген әрбір перзенттің өмірі келешегі денсаулығы тәрбиеге байланысты. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру ойын арқылы дарытып, көңіліне қондыра білу қазіргі заман талабы деп білемін. Өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа, адамгершілікке, бір-біріне деген мейірімділікке денсаулығын нығайтуға тәрбиелеудің құралы – ол ойын. Ойын – тәрбиенің бастауы. Ежелден бері өркен жайып үздіксіз дамып келе жатқан ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында пайдаланудың мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, бір-біріне деген жолдастық, достық, ұжымдық сезімдерін тәрбиелеу. Бастауыш сыныптарындағы дене шынықтыру сабағында ұлттық ойын түрлерін сабақ жоспарына байланысты енгізе отырып, сабақтың толық қамтылуын қамтамасыз етуге болады. дене шынықтыру сабағы басқа да сабақ түрлерін қамтып, жетілдіріп, пысықтап отырады. Өйткені дене шынықтыру сабағы көптеген сабақ түрлерінің жиынтығы. Мысалға, «Ұшты-ұшты» ойыны бастауыш сыныптардағы дүниетану сабағымен байланысты болса «Көрші-көрші» ойыны музыка сабағымен, ал «Сиқырлы таяқ» ойынын математика сабағымен байланыстыруға болады, спорт түрлерін үйретудің бастамасы ретінде ойналатын ойын түрлері «Түйілген орамал», «Қазан доп», «Айгөлек», «Аңшылар мен қояндар». Ұлттық ойындардың ерекшелігі, ол арнаулы спорт алаңын қажет етпейді, қыста да, жазда да ашық алаңда ойнай беруге болады. Ендеше ұлттық ойын түрлерін сабақ барысында пайдалану дегеніміз біріншіден насихаттау болса, ал екіншіден сол ойын арқылы денсаулығы мықты, ойлау қабілеті жылдам азаматты тәрбиелеу.

Қазыбек БАЙХАДАМОВ,

Мұсабек орта мектебі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

Көксу ауданы.