Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ҰСТАЗЫМЫЗ ЖӘНЕ БІЗ СПОРТ СҮЙЕР БАЛҒЫНБЫЗ!»


26 апреля 2012, 12:06 | 2 010 просмотров



Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсау-

лықтарын нығайтуға әсер ету.

Түрі: жарыс түрінде.

Қатысатын командалар:1,2,3,4 класс оқушылары, капитан командалары – класс жетекшілер.

Керекті құралдар: ту, қапшық, қарындаш, ұш шығарғыш, формат, доп, скакалка, тапсырмалар, т.б.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Негізгі бөлім.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың,

Спортты серік ете біл,

Чемпион болу оңай ма

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қор-ғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдану басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар!

Жарысқа қатысқалы отырған сынып жетекшісі бастаған оқушыларды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІҮ топ

1.Таныстыру./топ атын, ұранын таныстыру

2.Өз біліміңді тексер!

3.Кім шапшаң?

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт – сапар!

1.Таныстыру

Әр топ атын, ұранын таныстыру.

2.«Өз біліміңді тексер!»

Ойын шарты:

1 – бала допты секіртіп апарып, тапсырма орындау, жүгіріп келу

2 – бала аяқ арасына допты қыстырып, секіріп барып, тапсырма орындау, жүгіріп келу.

3 – бала допты аяқпен итеріп барып, тапсырма орындау және жүгіріп келу

Мұғалім екпінмен жүгіру.

3.«Кім шапшаң?»

Ойын шарты: Әр қашықтыққа жүгіру.

Жар салып алты Алашқа,

Әрбір қазақ баласы

Дәл осылай билесін, – дей отырып, соңғы бөлімді бастаймыз.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.

Ә.Ж.УСАМБЕКОВ

Ғали Орманов атындағы орта мектеп

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Қапал ауылы, Ақсу ауданы

«Мұғалім, сөзіме құлақ түріңіз»

Қымбатты мұғалім!

Биыл сіздің оқытатыныңызды естіп, ерекше қуандық. Осы жылдың басталуымен- ақ, сізге жан сырымызды ақтарып, бізге қажеттіні сізге түсіндіріп қоюды ойладық. Осы жыл ішінде біз тәрбиеңізді шынайы қабылдаймыз әрі шынайы құрметке ие болуыңызды тілейміз.

1. Нұршат Айтмұхамбет: Мұғалім, сіздің баянды сүйіспеншілік-

те болуыңызды, тек қана кітап оқыту машинасы болмауыңызды үміт етемін.

2. Әмина Асылбекова: Мұғалім, маған адам деп мәміле жасау-

ыңызды, әсте, журнал бетіндегі бір белгі деп санамауыңызды қалаймын.

3. Ақбота Сақариянова: Мұғалім, тек нәтижемді ғана көре білумен бірге, ең маңыздысы тырысуыммен ілгерлеуімді де көре білсеңіз.

4. Ерболат Тілеухан: Мұғалім, маған шабыт беріп тұруыңызды әрі талабыңызды қабілетімнен асырып жібермеуіңізді өтінемін.

5. Ілияс Жамантай: Мұғалім, үйрену-өмірдегі ең үлкен ләззатті іс деп зорламаңыз, олай үйренудің ләззатті болуы екіталай.

6. Дияс Нұрланұлы: Мұғалім, егер ағаттығымды сезсеңіз, әсіресе көпшіліктің алдында мүсіркей көрмеңіз, мүсіркеушілік кенже қалдырады.

7. Шұғыла Қуат: Мұғалім, класс ішінде бас-

қа бір оқушыны маған үлгі етіп көрсетпеңіз, өйткені оны және ол арқылы сізді жек көріп қалуым мүмкін.

8. Анаргүл Сейсенбаева: Мұғалім, сіз мені өзіңіз оқытқан сабаққа қызығады деп ойламаңыз, бәлкім, басқа сабақтарға тіпті де қызығатын шығармын.

9. Диана Құрманбекова : Мұғалім, дербес үйренуіме, ой жүгіртуіме , талдау жасауыма көмектесіп, босаңсып кетпеуімді тежесеңіз.

10. Айжан Дүкенбаева: Мұғалім, сырымды байсалдықпен тыңдай білуіңізді, мені түсінуіңізді үміт етемін; сонда ғана сізден үйреніп, сөзіңізді тыңдайтын боламын.

11. Бақытжан Пазылжанов: Мұғалім, маған қойған қатаң талабыңызға әділеттілік барынша қамтылса екен, мен көріністе жақтырмаған бейне көрсеткеніммен, шынын қуғанда, қатаң талабыңызға мұқтаж екендігімді жаным сезеді.

12. Айжан Ероболғанова: Мұғалім, сіздің де үздіксіз үйренуіңіз қажет қой, олай болмағанда, сізден жаңа білімдерді қайтып үйрене аламыз.

Ең соңында, мұғалім, үйренуде мәңгі алға басуымызды тілеңіз, ал біз де сіздің жұмысыңыздың табысты болуын қуана құптаймыз. Сіздің табысыңыз-біздің алға басуымыздың кепілі. Біздің алға басуымыз-сіздің табысқа кенелуіңіздің алғы шарты.

Жәмилә Төлек,

Егінсу орта мектебі,

химия пәнінің мұғалімі,

Ақсу ауданы

Абай Құнанбаев

«Өлең-сөздің патшасы,

сөз сарасы»

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік:Оқушыларды ұлы ақын А. Құнанбаевтың өмірімен және «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін шығару мақсатымен, мазмұнымен таныстыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың ақын туралы білімдерін тереңдету, дамыту, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға баулу.

3.Тәрбиелік: Өлеңнің адам өміріне тигізетін әсерін, беретін тәрбиесін түсіндіру, адамгер-шілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, СТО әдісі, баяндау

Көрнекілігі: М. Жұмабаев, М.Әуезов сөздері жазылған плакат, сызбалар, мақал-мәтелдер, суретті плакат, кеспе қағаздар, кітаптар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

а) Ой қозғау. Өлеңді мәнерлеп оқыту.

М. Сұлтанқожаұлы кім? Оның өмірі туралы не білеміз?

ә) Ақын толғауларының тақырыбы не жайында?

б) «Толғау» өлеңінде не туралы жырлады?

в) кеспе қағаздар бойынша өлеңдегі нақыл сөздерді тауып теріп жазу.

Сабақты қорытындылау.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Қызығушылықты ояту. Нені білгіміз келеді?

1.а) Абай өмірі туралы дерек беру.

ә) Әкесі Құнанбай қажы – ел билеген көсем, сөз бастаған шешен.

в) Көрнекілікті түсіндіру.

2. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін талдаудың мазмұны:

а) Мұғалімнің өлеңді талдамас бұрын мәнерлеп оқып береді.

Ақын бұл өленіңдеқазақ өлеңіне үлкен ән беріп, оның шығу тегіне талдау жасап, сынаған. Бұл өлең 1887 жылы жазылған. Абай бұл өлеңінде ақындық өнердің мақсаты мен айқындап көрсеткен. Ақын ақындық өнер әлеуметтік тартыстың құралы, зор мәнді әрекеті екенін айтқан. Ең алғашқы шумақтарда өлеңнің көркемдік шарпын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы – поэзияекенін жоғары бағалай отырып, оны төмендететін олқылықтарды да айтады.

«Шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызады» дейді. Ақын өлеңін сататын ақындарды қатты сынаған. Өлеңді халықты түзейтін, жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беретін құрал есебінде шығарылуы тиіс екенін айтады, сондықтан «өлеңді – сөз патшасына» теңейді. Өлең «жүректен шығып, жүрекке жетуі тиіс» десе, өлеңді ар-ұяты бар, адамгершілігі бар, намысты, сабырлы, адал, ақылды, шыншыл адам шығара алатынын ескертеді. «Ақындар аз, тыңдаушы көп, егер тыңдаушы да ақынға баға беріп, талап қойса, ақын да жақсы өлең шығарар еді» дейді. Бұл өлең араб, ағылшын, башқұрт, белорус, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған. Бұл өлеңге А:М: Гурьевич деген композитор ән-романс жазған. Ақын 1904 жылы дүние салды.

Сабақты пысықтау кезеңі:

Түсіндір.

1.Ақын қай жылдары өмір сүрді?

Қай жерде дүниеге келді?

2.Әкесі кім? (ел билеуші, қажы)

3.Анасы мен әжесінің аты кім?

4.Ақын қандай әдебиет үлгілерінен үйренді?

Талда. 1-2-3 шумақты талдау.

Ізде. Бұрынғы ақындарды сынаған шумақты тауып оқы (4-5-6 шумақ).

Тап. «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» дегенде қандай мағына бар? (Өлең арқылы заманының адамын тәрбиелемекші болады)

Зертте. Өлеңді құрылысы жағынан талда.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

1 шумақ, 4 тармақты, 4 бунақты, 11-12 буынды кезекті ұйқасты өлең.

Салыстыр.Венн диаграммасын толтыру.

«Абай»сөзінен 4 жолды өлең әдісімен қорыту.

1.Зат есім – Абай

2.Сын есім – өнерлі, білімді

3.Еиістік – оқимыз, білеміз, үйренеміз

4.Сөйлем – Абайды оқып үлгі аламыз

Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы.

Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау. Алғашқы 7 шумақты жаттау.

З.Б.МУСАПИРОВА,

қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Таңертеңгілік дене шынықтыру

жаттығуларының маңызы мен ерекшелігі

Таңертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданудың өзіне тән мақсаты, жүйесі болады. Таңертең орнынан тұрғаннан соң бойды жазу үшін далаға шықпайтын адам өз төсегінің жанында тұрып-ақ керіліп, созылып, отырып-тұрып басын қозғап, одан қолды жоғары-төмен алдыға-артқа созып жалпы қолдың созылып аяқтың сілтеуімен бірге денені оңға, солға бұрып, еңкейіп-шалқайып т.с. жалпы дамыту жаттығуларын 10-15 минут аралығында орындауға болады. мүмкіндік болғанша аса пайдалы қозғалыс таңертегілік бой жазу жаттығуларын 15-20 минут аралығында далаға шығып серуендеп реті келсе жүгіріп, жаттығуларды құрал-жабдықтармен орындап келген бала күні бойына өте сергек жүретіндігі ғылыми негізде дәлелденген.

Биология ғылымының заңдылығына сүйенсек, дені сау ағзасы дұрыс қалыптасуы үшін бала бес жасқа дейін тәулігіне 6-8 сағат қозғалыста болуы керек. Одан ары 10 жасқа дейін 4-6 сағат бойы, ал ересек адам қай жаста болмасын орта есеппен күніне 2 сағат қозғалыста болуы керек екен. Мектепте ұйымдастырылатын дене шынықтыру сауықтыру жұмыс-

тарының ең алғашқы бастамасы күнделікті өткізілетін сабаққа дейінгі бой жазу жаттығулары. Мұндай жаттығуларды орындаудың мақсаты бала ағзасын алдын ала жұмысқа дайындап, жұмыс қабілетін арттыру. Таңертегі жаттығудың ойдағыдай өтуі негізінен ұйымдастырылуына байланысты. Ата-аналар балаларын сабаққа ертерек жіберулері бұл істің негізгі ұйтқысы. Сол себепті салауатты өмір салтын ұстана отырып Мұсабек орта мекте-бінде күнделікті таңертеңгілік дене шынықтыру жаттығулары жасалып тұрады. Сабақ 800 –де басталғандықтан таңертеңгілік жаттығуды 7 40 пен 7 55 – ке дейін оқушыларға жасатамыз. Таңертеңгілік жаттығуларға тек қана оқушылар ғана емес, сол сияқты сынып жетекшілері мен кезекші мұғалімдер де орындайды. Бұл дегеніміз мұғалімдердің де салауатты өмір салтын ұстанатынын оқушылар алдында көрсету, насихаттау. Жаттығуларды жасауды дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің қадағалауымен мектептің үздік спортшылары өткізеді. Осылайша күнделікті үзбей таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын орындау ақыл-кеңес болмаса қаражатты талап етпейді. Тек жеке тұлғаның өзінің дені сау болсын деген ынтасы мен құлқы керек. Дені сау адам өзінің үнемі ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі мақсатына жетеді.

Қазыбек БАЙХАДАМОВ,

Мұсабек орта мектебі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

Көксу ауданы.