Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ЖАБАЙЫ АҢДАР». СЫН ЕСІМ.


26 апреля 2012, 12:07 | 5 194 просмотра



Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Балаларға жабайы аңдар туралы мағлұмат беру.Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту;

2.Дамытушылық.: Балалардың ой өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып,жеке дара жұмыс жүргізу;

3.Тәрбиелік: туған өлке табиғатын, онда мекендейтін жануарларды қорғауға, аялауға баулу,адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, кейіптеу, деңгейлеп оқыту, сөзжұмбақ шешу,кластер, жұптық, топтық;

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, мультимедиялық тест.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, жаратылыстану, жағрафия.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі;

1.Сәлемдесу;

2. Гимн орындау;

3. Кезекшімен сұхпат;

ІІ. Өткенді пысықтау

1.Миға шабуыл

Балалар, біз сендермен «Табиғатты қорғау-баршаның міндеті » модулін аяқтадық, сонымен бірге Есімдік және осның түрлерімен таныстық.

1.Табиғатты қорғау үшін біз қандай үлес қосуымыз керек?(ағаш отырғызу, оны баптап күту)

2. Есімдік дегеніміз не?

3.Болымсыздық есідіктерін ата? Жалпылау есімдіктерін ата?

4.Мысал келтір

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

1. Балалар, қоршаған ортаның, табиғаттың айрлмас бөлігі ретінде қарастыратын жануарлар әлемі қандай топтарға бөлінеді? Иә, балалар, үй жануарларына не жатады: жабайы аңдарға не жатады? Иә, балалар , бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жабайы аңдар»

Балалар, бүгінгі сабағымызда біз сендермен сол жабайы аңдармен, олардың мінездерімен, тіршілік ету ортасымен кеңірек танысамыз.

Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

1.Аю

2.Қоян

3.Қасқыр

4.Түлкі

5.Арыстан

Қызығушылығын ояту. «Топтастыру» стратегиясы бойынша ой қозғау.

Балалар, осы атаған жабайы аңдар-

ға сипаттама берейік.

1.Аю (жалқау, қоңыр, жабайы, үлкен, маймақ, күшті, тәтті құмар)

2.Қоян (қыли, қорқақ, ақ, жабайы, әлсіз )

3.Қасқыр (азулы, жыртқыш, ызақор, ашушаң)

4.Түлкі(айлакер, қу, жйрен, әдемі, жыртқыш, жабайы)

5.Арыстан (айбатты, жыртқыш, үлкен, күшті,)

6.Жолбарыс(жолақты, жылдам, жыртқыш, жабайы)

Сөздермен тіркесіп тұрған сөздер қандай сұраққа жауап береді? Иә, қандай деген сұраққа қай сөз табы жауап береді? Сын есім, яғни заттың түрін, түсін, сапасын, формасын, дәмін білдіретін сөз табын атаймыз. Сын есім қандай? қай? Қайсы? Деген сұрақтарға жауап береді. Сын есім құрамына қарай: дара, күрделі, тұлғасына қарай: негізгі, туынды. Мағынасына қарай: қатыстық және сапалық болып бөлінеді.

Осы сабағымызда кездесетін жаңа сөдермен танысып өтейік:

бөрене-бревно

тасқын су-половодье

ойпат жер-низменность

апанын кезіктірдім-увидел берлогу

сақтану-опасаться

ыңғайлы-удобный

қателеспейді-не ошибаются

болжағыш-предвидящий

күрке-палатка

Тақтада орысша сөздер берілген, оқушылар дәптерлеріне тек қазақшасын жазу керек. Соңында сол сөздер дәптер алмастырылып тексеріледі.

2.Мәтінмен жұмыс.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, сын есімдерді табыңдар. Қай сын есімге жататынын анықтаңдар.

Болжағыш аю

Біз Әлібай аңшының күркесіне қондық.

Тәңертең аңшы бізден біраз бөренені өзен жағасына тасуға көмек сұрады. Біз белшемізден қарға батып, түске дейін бөрене тасыдық. Аңшы сол жерге терілерін сақтайтын қойма тұрғызды. Соңынан жылы күркеде отырып, бәріміз шіл сорпасын іштік.

-Сіз қойманы неге қырға тұрғыздыңыз?- деп сұрадым мен.

-Көктемде ойпат жердің бәрін су басып кетеді. Көктем биыл ерте шығып, қар тез ериді,- деді аңшы.

-Бірнеше ай бұрын сіз оны қайдан білесіз?

-Оны білген мен емес, аюлар. Мен биыл қыста олардың үш апанын кездестірдім.Бәрі де биік жерлерден қазылған. Бұл-көктемде болатын тасқын судан сақтану. Аңдар күз басынан мекенжайын ыңғайлы жерден сайлап алады, еш уақытта да қателеспейді,-деді аңшы.

3.Сергіту сәті

4.Дәптермен жұмыс

3-тапсырма. «Болжағыш аю» мәтіні бойынша ІІІ деңгейлік тапсырманы орындаңдар.

Балалар, біз тапсырмаларды орындамас бұрын, тақтадағы пирамидаға назар аударайық. Әр деңгейді орындаған сайын, біз пирамиданың бір сатысына жоғарылаймыз.

ІІІ- деңгей

1.Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңдар

2.Мәтіннен сын есімдерді өзі тіркесіп тұрған сөзімен бірге теріп жазыңдар.

Үлгі: тасқын су

3.Болжағыш сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар

ІҮ. Сабақты қорытындылау

1.Ү.Үйге тапсырма

ҮІ. Бағалау.

Ж.Б.ҚАСЫМБАЕВА,

№3 ОМ МДШО-мен ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Текелі қаласы

Ондық бөлшектерді қосу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ондық бөлшектерді қосу ережесін айта білу, біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.

Дамытушылық: оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен ұштастыруға , тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағыландыру.

Көрнекіліктер: үлестірмелер, семантикалық карта, тестік тапсырмалар

Сабақтың түрі: Ойын

Сабақтың әдісі: Өзіндік, шығармашылық, сұрақ-жауап,аралас сабақ

Сабақтың типі:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Сабақ қарақшылар ойыны түрінде өтеді

Б) Шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз

-Балалар, енді қлоымызды ұстап алақан жылуы арқалы бір-біріңе жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.

Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін )

Қуанасың сен де (жаныңдағы досыңды көрсетесің)

Қуанайық, достарым,( бір- біріміздің қолымыздан ұстаймыз)

Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Карточкалармен жұмыс /Үтір дұрыс қойылды ма?/

ІІІ. Кеме сатып алу/ ауызша есептейік/

7,4+3,2= 1,2+3,6= 3,6+2,4=

25,5+ 15,5= 26,4+56,6= 45,7+13,3=

ІҮ. Аңдардан өту/ тізбек бойынша берілген есептерді шешу/

+1,05 +2,13 +0,42

+2,14 +3,21

Ү. Қыл көпірден өту

/Оқулық бойынша жұмыс № 1021 Шығармашылық жұмыс/

ҮІ. Қазына үстіндегі тас /ойлап, тап/

+ 2,*5 +*9,*

*2* *,*7

2,90 61,17

ҮІІ. Қазына құлпын ашу /Логикалық есеп/

Ұшып келе жатқан бір топ қазға жалғыз қаз жолығады, жалғыз қаз:

- Ассалаумағалейкум, жүз қаз ,-депті

- Уағалейкумассалам, жалғаз қаз! Бірақ біз жүз қаз емеспіз. Біз жүз қаз болуымыз үшін тағы біздей, сонан кейін жартысындай, тағы ширегіміздей және сен келіп қосылсаң, жүз қаз боламыз,-депті.

Сонда қанша қаз ұшып келе жатқан?

ҮІІІ. Бекіту/ Семантикалық картамен жұмыс/

ІХ. Қорытынды

1.Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?

2.Ондық бөлшектерді қосуда қандай қасиеттер орындалады?

3.Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

4.Ондық бөлшектің бүтін бөлігінен үтірмен ажыратуды ұсынған математик?

Х. Үйге тапсырма

ХІ. Бағалау

С.Е.ЖЕТІМБЕКОВА,

Бибақан негізгі мектебі,

математика пәнінің мұғалімі.

Алакөл ауданы

Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың тиімділігі

Егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға жасалған жоспарында өскелең ұрпақты сауатты етіп шығару бағыты көзделген.

Жас ұрпақ – ел тірігі, ертеңіміздің кепілі Президенттің халыққа жолдауында айтқандай, мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, шығармашылыққа, ақыл- ойын жан- жақты дамытуға, саналы білім бере отырып, тәрбиелеу қазіргі нарық қатынасының талабына сай адам етіп шығару міндеті көзделген. Сондықтан мен өзім сабақ беретін сыныптарда ең алдымен, оқушының қай бағытта өмірге икемділігін анықтап алып, баланың сол қасиеттерін дамытуға мүмкіндіктер жасауға тырысамын.

Педагогикалық технология дегеніміз не?

Жас жеткіншектерге білім берудің жаңа технологиясы Америкада 1940 жылдары пайда болған. Алғашқыда бұл технологияның құрал жабдықтары оқу- тәрбие жұмысы мақсатында пайдаланып, қолданылып жүрген. Қазіргі уақытта педагогикалық жаңа технология ұстаздардың педагогикалық жұмысының негізделген моделіне айналды.

Педагогикалық технологияны меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Ал педагогикалық технология оқу - тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген әдістердің үйлесімділігі арқылы оқыту мен тәрбиелеу тиімділігін қамтамасыз ететін білімнің құрамдас бөлігі болып табылады.

Жаңа технология ұстаз өзі сабақ беретін пәннің мазмұның анықтап, оқушының еріксіз білуі тиіс материалдары сұрақ түрінде жазып, мақсаттарын анықтайды. Осы мақсаттардың мазмұнына қарап, топтап, технологиялық картаға орналастырады.

Оқу үрдісінде болып жатқан оң өзгерістерден бізде тыс қалмаймыз. Жаңа технология мақсаты – оқушының ізденімпаздығын, сабаққа қызығуын, ойлауын, пікірталастыру қабілетін іске асырып күшейту.

Өзім сабақта пайдаланып жүрген педагогикалық технология- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берудің бірлескен еңбек нәтижесі.

Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Ситл, Куртиц С.Мередит , Чарльз Темпл, жоба негізі Ж. Пияже, Л. Выготский теорияларын негізге алады. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты Сорос- Қазақстан қоры арқылы келген.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Ол мынадай кезеңдерден тұрады

1.Қызығуды ояту

2.Мағынаны тану

3.Ой толғаныс кезеңдері

Әр кезеңге сәйкес әдістер жинақталған.

I.Кезең – қызығуды ояту – бұл үйрену үрдісі. Ол оқушының бұрыңғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Мұнда ойды қозғау, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта талқылау» стратегиясы қолданылады. Топтау, түртіп алу, болжау, әлемді шарлау, т.б. әдістер (стратегияларды) жинақталған. Қызығуды ояту кезеңінің 2-ші мақсаты- үйретушінің белсенділігін, ынта- жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, жұбымен талқылайды. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкүндік туады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындау шарт:

1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек;

2.Оқушыларға ойланып- толғануға ойын ашық айтуға рұқсат беру.

II.Кезең – мағынаны тану. Мұнда оқушы жаңа ақпаратпен танасады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушыға өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік танытуға жағдай жасалады.

Сабақтың тақырыбы: тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы

Сабақтың мақсаты: терінің құрылысы не қызметі туралы жаңа мәліметтер негізінде оқушының жаңа мүше жайлы түсінігін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: 7 сыныптағы алған білімдері негізінде тері жайлы білімдерін тереңдету, ойлау, сойлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: оқушының қоршаған орта мен адам ағзасының арасындағы байланысты арта отырып гигиеналық экологиялық тәрбие беру, жауапкершілік пен салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру.

Сабақтың түрі: интербелсенді сабақ

Көрнекілігі. Плакаттар, схема сызбанұс-қалар, таратпа материалдар, мәтін берілген карточкалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. үй тапсырмасын : а) тест 1-2 нұсқа; ә) б) ауызша сұрау.

Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан тұрады. Үстіңгі қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар қорғап тұрады хим-қ одиз-қ әсерден өлі клетка орнына жаңа клетка ауысып отырады. Мұнда бояғыш заттар болады ағза түсін күн сәулесінен қорғайды. Ішкі қабат дәнекер ұлпадан тұрады. Ол қалынырақ және теріге серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты қан тамырымен және жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Мұнда май және тер бездері бар. Терінің астында май торлары бар. Ол терінің терең жатқан қабаты. Май торлары ішкі мүшелерді жауып тұрады. Оларды зақымданудан және организмді салқындаудан сақтайды және энергия қоры болып табылады. Адамның алақан, ерін, табаннан басқа жерін түк басқан ұзын, қайратты, жұмсақ түк кездеседі.

1-топ. Тері гигиенасын қалай сақтау керек? Қандай кеңес береді (жарнама)

2-топ. Шаш пен тырнақ гигиенасын қалай сақтау керек? Ақыл- кеңес беру

3-топ. Теріні шынықтыру (жарнама)

Сабақты бекіту

Үйге хабарлама дайындау

М.Ө.ОМАРОВА,

Мұсабек орта

мектебі биология пәнінің мұғалімі

Көксу ауданы