Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІК - САПА КӨРСЕТКІШІ


27 ноября 2009, 21:39 | 4 107 просмотров


Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі емес, тарихи танымдық, педогогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға саналады.

Қазіргі кезде, педагогикалық қызмет табиғатында шығармашылықты талап ететіні барлығымызға түсінікті. Адамның шығармашыл мүмкіндіктерінің дамуы тұлғаның интеллектуалды, эмоциялық, рухани потенциалының баюына, өзін-өзі жетілдіруге, танытуға ұмтылуға нақты жағдай туады. Осыған байланысты ұстаздардың кәсіби дайындығының мақсаты да өзгереді. Кәсіби құзіреттіліктің қалыптасу процесі кәсіби білімнің, біліктің, іс-әрекеттің қалыптасуын қамтиды, ұстаздың жалпы мәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі күнделікті педагогикалық қызметте әр түрлі танылады және әр түрлі іске асады.

Зерттеу барысында, педагогикалық үрдісінде құзіреттілігін қалыптастыру тиімді болады, егер:

•кәсіби құзіреттіліктің қалыптасуына әсер ететін факторлар ескерілсе: әлеуметтік; психологиялық; ұйымдастыру-педагогикалық;

•педагогикалық практика үрдісінде оқушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру бойынша тәрбиелеу;

Егемендік алып, жылдам дамып келе жатқан ақпараттық құзыреттілік мұғалімнің өзінің құзыреттілігіні арттыратын туысы.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кезкелген сабақта электорондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шағармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүделлі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану кезеңіндегі педагогикалық құзыретті мақсаттар мыналар саналады;

1.Ақпараттық қоғам құру кезеңінде оқушының жеке тұлғасын және индивидті лайықты өмірге дайындау;

-ойлау қабілетін жетілдіру;

-эстетикалық тәрбие;

-қатынас- сөйлесу (коммуникативті) касиеттерін дамыту;

- Тиімді шешім қабылдауды немесе күрделі жағдайларда қабылданатын бірнеше шешімдер нұсқасын ұсынуды қалыптастыру;

-ғылыми –тәжірибелік қызмет жүргізе білуге үйрету, оны дамыту;

-ақпараттық мәдениетті, ақпаратты өндеу ісін жүргізе білуді қалыптастыру

Білім беру мазмұнындағы өзгерістер, тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыру - мұғалімнің әдістемелік қызметінен көп жаңашылдықты күтеді, кәсіби құзыреттілігі шеңберінің кеңдігін қажет етеді. Заман талабына сай болу үшін мұғалім әрқашанда ізденіс үстінде болу керек. Өздігінен дамуға, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылатын ұстаз оқушысына оң бағдар сілтейді деген сенімдемін.

Автор:
Сураумбетова Р.Ж, Абай атындағы мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі, Сарқан ауданы