Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Қыздың қылығы үйде...»


26 апреля 2012, 12:11 | 3 189 просмотров



Осы күнгі этика дегенімізді бұрынғы қазақтар әдеп деп-ақ түсінген. Анығырақ айытқанда этиканың адамгершіліктің сағасы, төркіні әдеп. Бұрынғылар бұны ең алдымен қыздың тәрбиесінен бастаған. Өйткені, бүгінгі бармақтай бала бойжетеді, бүрсігүнгі ана болады. Азаматты осы анадан деп түсінген қазақ әдепті, ана арқылы, қыздан бастаған. Бұл үшін ең әдепті болсын деп мыналарды істеді.

1.Бала алдында әкені Алатаудай ете білді. Оның атын атамады. Сонан соң қыз бала бұл ғаламда әкемнен артық адам жоқ деп мойындады. Бұл опасыз пәниде, бірде жыртық, бірде бүтін тіршілікте жоқшылық пен барлығы құрғырдың есірткіні де, кейітетіні де жиы кездеседі емес пе. Осындайда қызын әдептілікке апарғысы келген ақылды әке сыр мінез білдірмейді.

2.Қыз балиғатқа толысымен оның айналасы жауға толады. Біреу «Үкілеуге» ұмтылады. Біреу «Кетік алма» етіп кеткісі келеді. Осындайда бұрынғы аналардың екі көзі төрт,ұйқысы аз. Ол есік алдында ит үрсе де,үйіне қонақ қонсада, қызы көзінен таса болсада, секем алады.мұндайда ана қызының мінезіндегі өзгерісті, денесіндегі ержеткендігі байқала бастайтын белгілерді сәт сайын абайлаған.

3.Қызы әдетке жарасымен ол кездкгі ақылды аналар оны бұрынғыдай бөлек жатқызуды, бет албатты қыдыруды шекткеп, не өзінің , не әжесінің іргесіне жатқызған. Далаға жіберсе бейбастық бала, төрге жатқызса ынсапсыз қонақ, жеңгеге ілестірсе «Қызды жеңге, жеңгені теңге бұзады» деп, өзінен өзгеге мүлдем сенбеген.

4.Қыздың ойын, уақытын бөлуге мұрша бермеу үшін үйдің тіршілігінен бас алғызбаған. Еңбекке машықтандырып, тіл алғызуға қалыптастыру да қазақта әдепке апаратын бір жол болған.

5. Ана қызының табиғатындағы талантты алдымен аңғарады, егер ол іскерлікке, балбармақтылыққа, өнерге бейім болса, баласына осы жөнінде жағдай жасауға бейімдейді, мүмкіндік жасайды. Бұл да әдептілікке, желдеп кетпеуге қарсы тұратын екінші жол.

6. «Қызың жақсы болсын десең, қызы жақсы мен көрші бол» дегенді білетін ана маңындағы қызы құралпыларды жете білуге, оның тегін тексеруге көңіл бөліп, олардың әдепсіздігін қызының құлағына жиіркенте жиі-жиі айтып, жолатпауды ескерген.

7.Ертедегі қазақта бастаңғы, қызойнақ, алтыбақан, ақсүйек т.б жастардың бас қосуы жиі болған. Мұндайда ақылды аналар қызын сенімді адамға қосқан, ерте қайтудытапсыр-ған. Келген соң кәдімгідей жүрген- тұрғанын тексеріп отырған.

8.Сұмдыққа ұрынған, қолды болған қызын ертедегі аналар келісімен не түрінен, не құбылысынан не уақытынан тексеруді ұмытпаған.

9.Қызы ел көзіне түсе бастасымен оған анасы көсемсіп сөйлемеуді, бауырдан басқаның жаны ашымайтынды жалықпай айтқан.

10.Жеті атаға дейінгілердің бірін-ағасы, бірін – бауыры деп таныстырған. Мұнысы қыз алмасуға болмайтынын түсіндіргені.

11.«Әкенің ең жақсысы жездедей » дегенді қазақ көп айтқанмен, сақ аналар қызын «жезде» деуден гөрі «аға» деп сыйласатын шекара жасаған.

12.Қызының ерте ме, кеш пе әйтеуір кететініне іштей бейімделіп жүрген ақылды аналар көргенді ата- ананы, әдепті бала – шағаны біліп алып, оны қызына сөз ретінде дәріптеп, көргенсіздерді білдіртпей жамандап, қызына өз сыңайын сөз арасында ептеп ескертіп отыр-ған.

А.Т.УМИРАЛИНОВА,

мектепке дейінгі шағын орталығы бар Жетіжал орта мектебінің

психологы,

Көксу ауданы

Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы

Мақсаты:

1.Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы жалпы түсінік беру. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын дәріптеу.

Өз елінің тарихын білуге, сыйлауға үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығын, сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық рухта өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Н. Назарбаев суреті, ҚР-ның мемлекеттік рәміздері, нақыл сөздер, фото суреттер, шарлар.

Түрі: танымдық сабақ.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру. Сабақты оқушылар тік тұрып Гимн айтумен бастайды.

ІІ. Кіріспе сөз

1-қыркүйек білім күнімен құттықтау.

«Ой шақыру» әдісі: Ассоциация.

-Отан дегеніміз не? Қане, қалай түсінесіңдер?

-Отан дегеніміз – біздің отбасымыз ,адамның туып –өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

-Қазақ жері –бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке.

-Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қай жылы жарияланды?

-1991 жылы 16 желтоқсан. Тәуелсіздігіміздің арқасында тілімізді, дінімізді қайта орнаттық. 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Гимні» туралы Заңға қол қойылып ұлттық рәміздеріміз қабылданып, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жандандырылды.

(Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту).

1.Қазақстанның Елбасы кім?

2.Қазақстанның Елордасы қай қала?

3.Қазақстанның халқы қай тілде сөйлеседі?

4.Біздің тұрып жатқан қаламыз?

Ой қозғау:

«Екі дос» туралы әңгіме.

Екі дос кездесіп, әңгіме –дүкен құрды.

Біріншісі: «Ұйықтап, 100 жылдан соң оянып, елімнің қандай болғанын көрсем ғой» - деді.

Ал екіншісі тұрып: «Мен ұйықтағым келмейді. Мен елімнің болашағын өз қолыммен тұрғызғым келеді»-деді.

Сендер екеуінің жауабының қайсысын қолдар едіңдер.

-Оқушылардың ой –пікірін сұрау.

-Балалар біздің рәміздеріміз туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Рәмізім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім- гимн, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Қазақстан туы Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен –тек

Елдің ашық қабағы.

Мәртебесі жалауы.

Елтаңбасы елімнің Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған...

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім – Елтаңбам.

Гимн Гимнім-әнұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым-

Мың қайталап айтам мұны.

Қорытындылау:

Айгүл ОҢҒАРБАЕВА,

Достық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Алакөл ауданы

Химиялық байланыстың негізгі түрлері

Мақсаты: Саяхат сабағы арқылы,химиялық байланыс түрлері тақырыбын терең ұғындыру

Міндеті: 1.Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыра ұғына білу

2. саяхат кезінде алған жаңалықтарын пайдалана білу

Түрі: саяхат сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Барысы

Біз саяхатымызды ауа шарымен шығамыз, шарға ір айлақ өткен сайын алған жағалықтарды жапсырып отыру.

І айлақ «Күн»

Үй тапсырмасын тексеру «сұрақ-жауап» ар-қылы тексеру

1.Электіртерістілік дегеніміз не?

2.Электіртерістілік топ, период бойынша қалай өзгереді?

3.Электіртерістілік ең жоғарғы элемент,ең төменгі элемент?

Период бойынша элементтің атом ядроларыының зарядтары өскен сайын олардың сыртқы электрондық қабаттарын толтыру аяқтала бастайды.Осыған сай элементтердің бейметалдық қасиеттері күшейіп, олардың электртерістіліктері арта түседі.Бұдан электіртерістік элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерін көрсететін шама екенін байқаймыз. Элементтердің электіртерістігі туралы мәліметтер олар түзетін химиялық байланысты түзуге көмегін тигізеді.

Бүгінгі тақырыбымыз химиялық байланыстың негізгі түрлері.Осы тақырып бойынша табиғаттың негізгі құраушылары ауаға, табиғи су қорларына, өндіріске ауа шарымен саяхатқа шығамыз.

ІІ аялдамамыз – «Ауа кеңістігінен » бастаймыз,ол үшін ауаның құрамына тоқталамыз.Ауаның құрамындағы сутек,оттек, азот молекулалары өзара бірдей екі атомнан тұратын жай затттар H2 O2 N2 ковалентті полюссіз байланыс түзеді.

Электіртерістіктері бірдей сутектің 2 атомының әрекеттесіп молекулаға айналуын қарастырсақ.Сутек атомы оң зарядты ядродан және оны қоршаған шар пішінді электрон бұлтынан тұратындығы белгілі.Осындай екі атом әрекеттескенде, олардың электрон бұлыттары жақындасып бірімен-бірі араласады.

•H + • H ’! H ’»’•H

атом атом молекула бұдан шығатыны

1.Қай заттың болсын молекуласындағы атомдар белгілі –бір ретпен орналасады.

2.Молекуланың құрамындағы атомдар өзара тікелей не болмаса басқа атом арқылы қосылысса да біріне-бірі әсер етеді.

3.Заттың қасиеті молекуладағы атомдардың қосылу ретіне және олардың біріне-бірінің әсеріне , яғни химиялық құрылысна тәуелді.

4.Заттың химиялық қасиеттеріне сүйіне отырып, оның молекуласынығ құрылысын анықтауға болады.

Сонда жұптаспаған электрондар жұптасу үшін атомдар арсында химялық байланыс түзіледі.Сыртқы валентілік электрондарын 8 ге толтыру үшін электіртерістілігі төмен элементтер беріп жіберсе, электіртерістігі жоғары элементтер қосып алуға бейім.Сондықтан арасында байланыс түзіледі.

Химиялық байланыстың 1916 жылы американ ғалымы ЛЬЮИС теориясын ұсынды.

Теорияда- 1. Атомдар молекула құрып біріккенде ортақ электрон қосағын түзу арқылы өздерінің сыртқы қабаттарын инертті газдардікіндей етуге тырысады.

2.Химиялық байланыс әсерлесуші атомдардың екеуіне де ортақ электрон жұбы арқылы жасалады.Бір электрон жұбын түзу үшін әратом бір-бір электроннан жұмсайды.

Бір не болмаса бірнеше электрон жұптары арқылы түзілетін химиялық байланыс коваленттік байланыс деп атайды.

ІІ аялдама «Табиғи су қорларына» саяхат. Баріміз білеміз теңіз суларында тұз коп кездесетінін. Сол тұздардың арасындағы байланыс иондық байланыс түзеді. Атомдарэлектрондарын беріп жіберу немесе қосыпалу арқылы оң нетеріс зарядталады. Мұндайзарядталған атомдар иондар деп аталады. Демек қарама-қарсы зарядталған иондарарсындағы байланысты иондық байланыс деп атайды. 1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады.Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып иондық байланыс түзіледі.

ІІІ аялдама «Өндіріске» саяхат. Біз білеміз өндірісте әртүрлі заттар өндіреді соның ішінде қышқыл өндіретін зауытқа саяхатқа атанамыз.Жалпыалғанда әрекеттесуші атомдардың электіртерістіктерінің азғантай болса да айырмашылықтарына байланысты, көбіне молекулалар ковалентті поюсті байланыс түзеді.Коваленттік полюстібайланыс көбіне қышқылдарға тән.

Полюсті молекуладағы электрондар ығысқан кезде атомдар қосымша зарядқа ие бола бастайды.Молекуланың бір жағы оң, бір жағы теріс зарядталады.Мұндай молекулалар полюсті деп аталады.

ІҮ аялдама «Гүлдер»

Жоғарыда берілген кестенің сәйкес бағанына мына заттарды толтырыңыз

NaI , ZnF2 , N2 ,H2SO4, PH3, O2, HNO3 ,H2S , I2 , KNO3, Br2 ,

Тест тапсырмалары

1.Электртерістік дегеніміз не?

А)атомның электрон беру қабілеті

Б)қосылыстағы атомнығ электронды өзіне тарту қабілеті.

С)атомның қосылыстағы белгілі валенттік көрсететін қасиеті.

2.Элементтердің электртерістілігі период бойынша қалай өзгереді?

А)солдан оңға қарай өседі

Б)алдымен өседі,сосын кемейді

С)артады

3.Элементтердің электртерістілігі топ бойынша қалай өзгереді?

А)артады

Б)алдымен өседі,сосын кемейді

С)кемейді

4.Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз

а)NaF CaF2 Na2SO4

б) N2 Na2S HF

с) K2SO4 O2

5.Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз

а) Na2SO4 б) HF с) O2

6.Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді?

А)электртерістігіайқын айырмашылық бар элемент атомдары

Б)электртерістігі бірдей

С)электртерістігінде айырмашылық аз.

7.Ковалентті полюссіз байланысы барқосылыстар қатарын көрсетіңіз

а)F2 O2 N2 C8 б) N2 Na2S HF С) NaF CaF2 Na2SO4

8)Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады?

А)иондық б)коваленттік с)металдық

9.Оттек молекуласы түзілгенде неше ортақ электрон жұбы түзіледі?

А)1 б)2 с) 3

10.Иондық байланыс қалай жасалады?

А)атом электронын электртерістілігі жоғары Атомға беруі

Б)ортақ электрон жұбының түзілуі

С)электрондардың жалпылануы

Жауаптары

Ү аялдама «Үй жағалауы»

Үйге тапсырма

Нұрмағамбет ЖАНҒАБҰЛОВ,

О.Жандосов атындағы орта мектебі химия пәнінің мұғалімі.

Қызылжар ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы