Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Атадан балаға мирас болған қолөнер – киіз басу


26 апреля 2012, 12:12 | 1 942 просмотра



Сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақтың дәстүрлі қолөнері- киіз басу өнерінің қыр-сырымен жан-жақты таныстыру. Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту.

Білімділік мақсаты: оқушылардың киіз басудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдікті бағалауға үйрету, әдіс-тәсілдерін үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: жұмыс барысында ұқыптылыққа, тазалыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: су, ши, жүн, тебен ине, ұршық, сабау, тулақ.

Сабақтың түрі: табиғи материалдармен жұмыс, сарамандық жұмыс, сұрақ- жауап.

Сабақтың әдістері: түсіндірмелі, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдістері.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, жануартану, өсімдіктану, қазақ әдебиеті.

Танымдық іс-әрекет: топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі- 2 минут.

2.Өткенді қайталау -8 минут.

3.Кіріспе бөлім- 4 минут.

4.Сарамандық жұмыс- 60 минут.

5.Қорытынды -7 минут.

6.Үйге тапсырма -3 минут.

7.Жұмыс орнын жинау-2 минут.

I. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысуын және құрал-жабдықтарының толықтығын тексеру, түгендеу. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

II. Өткенді қайталау:

Сұрақ- жауап кезеңі: сынып 2 топқа бөлінеді.

«Алғырлар тобы»

1.Тағы қандай түліктердің жүнін пайдаланады? (түйенің, жылқының, ешкінің, қоянның және құстың).

2.Ол жүндер қалай аталады?

1.Жылқының жал-құйрығы «қыл» деп аталады.

2.Ешкінің жүні «түбіт», «қылшық» болып екіге бөлінеді.

3.Түйенің «шудасы» жүні болады. Ол «жабағы» деп аталады. Жабағының астынан шығатын жүн «боздақ» деп аталады.

Жүннің қасиетіне тоқталайық.

«Тапқырлар» тобы.

1.Жүн жылуды жақсы сақтайды. Сондықтан одан тоқыл-

ған киім жылы болады.

2.Жүннің салмағы басқа талшыққа қарағанда жеңіл.

3.Ультракүлгін сәулені өткізеді.

4.Жүн талшығы иілгіш, серпімді, созылғыш.

5.Бояуды жақсы алады.

6.Шуды және тербелістерді төмендетеді.

7.Биязы жүннің ылғал тартқыштығы қылшық жүннен артық.

Жүннің иіруге дейінгі өңделуін атап өтейік.

«Алғырлар» «Тапқырлар»

1.Жүнді сұрыптаймыз 1. Жуамыз

2.Кептіреміз 2. Сабаймыз

3.Түтеміз 3. Созамыз

4.Шүйкелейміз 4. Иіреміз.

Оқушылар, біз бүгін киіз басамыз. Естеріңде болса, алдыңғы сабақта киіз басуға қажет заттармен танысқан болатынбыз. Олар. ши, жүн, тулақ, сабау, тебен ине, шуда жіп, ыстық су, арқан (оқушылар қосылып айтады)

III. Кіріспе бөлім. Оқушылар жұмыс бастамас бұрын, қауіпсіздік техниканы ескеруіміз керек.

IV. Сарамандық жұмыс: Топ болып киіз басады.

V. Сабақты қорыту: Оқушылар, кезінде дана халқымызда «тулақ шашу» деген мереке болған. Би өнерінде «Киіз басу» деген де би бар. Осының бәрі қызығы мен қиындығы бір- киіз басу өнерінен шыққандығын қашан да мақтан етуіміз керек.

Үйге тапсырма.Ою өрнек түрін қайталау.

Ж.Қ.АКИМЕЕВА,

«№ 12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын

орталығымен» мемлекеттік мекемесінің

технология пәні мұғалімі

Заречный ауылы,

Қапшағай қаласы

Достық туралы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың оқыған мәтіндеріндегі негізгі ойды ұғынуға адамгершілік – рухани құндылықтарды интеграциялап енгізуге жағдай жасау.

Білімділігі: Оқушылардың достық туралы түсініктерін кеңейту, достарына және достыққа мінездеме бере білуге, Ідос, адал достықІ деген ұғымдарын молайту.

Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге, дұрыс оқуға дағдаландыру.

Тәрбиелігі: достарды қастерлеуге, сыйлауға, бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бейнетаспа, теледидар, дидактикалық материалдар, үйдің макеті.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: сұхбаттасу, түсіндіру, танымдық ойындар.

Тірек сөздер: достық, адал, амал.

Рухани –адамгершілікті танытатын сөздер: достық, достық мектебі.

Сабақ эпиграфы: Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе-оның басқа адамдармен достық қарым-қатынасы.

Абай.

І. Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру. А) сәлемдесу

Ә) мультфильмнен үзінді көру

2. Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс жасау

а) оқу

ә) жаңа сөздермен танысу

жаугершілік-соғыс уақыты

жаудың қалың қолы-әскер

анталаған-қаптаған

б) Сұхбаттасу

1. Берілген әңгімелер шығарманың қай түріне жатады?

2. Екі әнгімедегі негізгі ой қандай тақырыпқа арналған?

3. Досын құтқарған жігіттің ісіне баға бер.

4. Әйтімбет шешен достықтың неше түрі болады дейді? Сендер Әйтімбет шешенмен келісе-сіңдер ме?

5. Сендерше, достықтың түрлері бола ма? Болса, қандай түрлері бар деп ойлайсындар? Неге олай, дәлелде?

в) Топпен жұмыс

І топ. А) ІМенің досымІ-сипаттау мәтінің құру.

ІІ топ. Мына сөздердің антонимін тап

Жаугершілік-

Өтірік-

Қатыгездік-

ІІІ топ. ІДосІ тақырыбына бес жол өлен құру.

1. Зат есім

2. Сын есім

3. Етістік

4. 4 сөзден тұратын сөйлем

5. Синоним

3. Сабақты қорту

а) Шығармашылық жұмыс. Достық мектебіІ ойыны.

Тақтаға үлкен әріптермен. Достық мектебі- деп жазылады. Балалар топтар бойынша жұмыс жасайды. Өздерін достық мектебінің мұғалімдеріміз деп санаулары керек. Өз оқушыларына бір-бірімен, табиғатпен қалай достасуға болатынын топтар бойынша көрсету.

1-топ. Бір-бірімен

2-топ. Табиғатпен

3-топ. Заттармен

Ә) Ән: Достармен біргеміз

Өзін-өзі бағалау.

4. Үйге тапсырма беру:

а) мәтіндерді әңгімелеу

ә) Досым тақырыбына шығарма жазу.

Бота НЕСИПБЕКОВА,

Қарашоқы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Кербұлақ ауданы

ДҰРЫС ТАҢДАЛҒАН

МАМАНДЫҚ - БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Мектеп түлектерін толғандыратын мәселе көп. Ол әсіресе мектепті бітіретін кезеңде, таңдау пәнін болашақ мамандығы немесе кәсіпке байланысты тұста көп ойландырады. Бұл мәселе әрине мамандық таңдау.

Мектеп түлектерінің мамандық таңдаудағы жауапкершілікпен қарауына, ата-аналар мен ұстаздар, психологтар бірігіп ықпал еткені дұрыс.

Психологтердің, социологтардың зерттеулеріне сүйенсек, мектеп оқушыларның мамандыққа көзқарасы сыныптан сыныпқа көшкен сайын өзгеріп отырады. Жас өспірімдер, негізінен көркем әдебиетке ден қойып, кино, театрдағы қойылымдарды тамашалауға уақытты көп бөледі. Кейбіреулері сол оқыған кітаптағы кейіпкерлердің, немесе әртістің мамандығын көріп, алдын ала сондай мамандықтың иесі болуға даярланады.

Ата-аналардың да бұл таңдауда атқаратын рөлі бар деуге болады, өйткені олар өз балаларының тілектеріне қарамастан, олардың қандай оқу орнына бару керектігін өздері таңдап қояды.

Кейде дос құрбылардың ықпалымен мамандық таңдау да кездеседі. Мектеп түлектері арасында жүргізілген сауалнама,тренингтер оқушылардың көпшілігі, ұшқыш, техник, әскери, менеджер, заңгер, тағы басқа мамандықтарды мәртебелі деп есептеп, ал механизатор, аспазшы, қолөнер, шаштараз сияқты мамандықтарды екінің бірінің қолынан келе береді деп ойлайды.

Сөйтіп, агрономдыққа бейім оқушы дәрігер болуды, аспаздыққа бейім оқушы инженер, болуды қалайды.

Осындай жастар мамандық таңдауда қателік жіберіп алғанын тек еңбек үстінде аңғарады.

Мектеп түлектері өздерінің болашақ мамандықтарын таңдауда тағы бір елеулі қателіктер жібереді, олар өздерінің денсаулықтарына көп көңіл бөлмеуі. Ал, адамның дене бітімі, оның денінің саулығы мамандық таңдауда соңғы орында тұрмау керек. Оқушының денесінің саулығы оның болашақ таңдаған мамандығына тигізетін әсері мол.

Мектеп түлектері өздерінің қай мамандыққа бейім екендігін алдын ала анықтау оңай іс емес. Бұл істе бірден-бір дұрыс жол сілтей алатын мұғалімдер, сынып жетекшілер, тәрбиешілер. Мамандық таңдауға кездейсоқ себептер де әсер етеді.

Дүние жүзінде 50 мыңнан аса мамандық түрі бар екен. Қазір қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты, мемлекетіміздің Тәуелсіз, демократиялы мемлекет ретінде қалыптасып дамуына бүгінгі оқушы, болашақ маманның қосатын үлесі мол деп ойлаймын. Соған байланысты оқушыларға бағыт, бағдар беруде мектептің орны ерекше.

Мұғалімдер, тәбиешілер, психологтер оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, келешек мамандықты игеру қабілеті мен мүмкіндігін нақты таңдап, қандай мамандық оларға лайық болатынын алдын ала таңдауына дер кезінде жәрдем етуі қажет.

Осы ретте мына тұжырымды айта кеткім келеді. «Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені, ол адамдарды ізгілендіреді»- деген екен

Л. Н. Толстой.

Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Зор ықылас, шабытпен істеген іс-табыс биігіне жеткізетін қанат.

Гүлғайша ІЛИЯСОВА,

Д.Рақышев атындағы мектеп–

интернаты 11-сыныптың тәрбиешісі,

Талдықорған қаласы