Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ


26 апреля 2012, 12:14 | 4 869 просмотров



Халқымызда «Ас-адамның арқауы»,- дейді. Адамның денсаулығы, дене қимылы, ой-еңбегі және толып жатқан басқа іс әрекеттері астың құрамына тікелей байланысты.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Сабақта ас қорыту мүшелерінің құрылысы, бөлімдері, ерекшеліктері туралы білім беру;

2.Дамытушылық: Ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктерін көрсету, асты қорытудағы рөлін түсіндіре отырып, оқушының ойлау мен талдау қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: Тапқырлыққа, тез ойланып жауап беруге, табандылыққа, білімге деген құштарлық сезімдерін арттыру арқылы салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, тест, биологиялық диктант.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қалам, флипчарт.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1.«Ой қозғау» бөлімі(Оқушыны өз бетінше ізденіп, әрекет жасауға дағдыландыру, ойлау қабілетін арт-

тыру барысында проблемалық сұрақтар қойылады.)

А)Қоректік заттар құрамына қандай органикалық заттар кіреді?

Ә) Тағамдық заттардың құрылыстық қызметі дегеніміз не?

Б)Тағамдық заттардың энергетикалық қызметін түсіндіріңіз ?

В)Неліктен органикалық заттар организмге бірден сіңірілмейді?

2.«Мағынаны тану» бөлімі. Бұл бөлімде жаңа сабақты түсіндірдім.

1-слайд. Ас қорыту мүшелерінің құрылысының сызбанұсқасы.

2-слайд. Ауыз қуысының құрылысы.

3-слайд. Бауырдың қанмен қамтамасыз етілу ерекшелігі.

Түсіндіріледі:

а\Ас қорыту мүшелерімен ас қорыту бездері қосылып, ас қорыту жүйесін құрайды. Ас қорыту мүшелеріне – ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын (асқазан) , аш ішек, тоқ ішек, тік ішек жатады.

ә\ Ауыз қуысы, Ұрт, қатты және жұмсақ таңдай. Тілдің құрылысы, қызметі.

б\ Жұтқыншақ, ішкі құыс, бұлшық етті мүше. Ұзындығы 11-13 см. Қызметі.

в\ Өңеш, ұзындығы 25 см, іші құыс, бұлшық етті мүше. Құрылысы, қызметі.

г\ Асқазан ( қарын). Алмұрт пішінді, ас қорыту жолының кеңейген бұлшық етті мүшесі. Қызметі.

д\ Аш ішек. Ұзындығы 5-6 метр, асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын мүше. Аш ішектің асқазаннан басталған 25-30 см бөлімі ұлтабар деп аталады.

е\ Тоқ ішек. Ұзындығы 1,5-2 метр. Тоқ ішектің аш ішектен басталған өсіндісі – соқыр ішек деп аталады. Тоқ ішектің соңы тік ішекпен аяқталады. Тоқ ішекпен соқыр ішектің құрылысы, қызметі баяндалады.

3.Танымдық сұрақтар «Зерделе». Биологиялық диктант.

1.Таңдай доғасы және олардың арасында ... бар.

2.Адамнан сілекей үнемі бөлінеді, оның мөлшері ... .

3. Асқазан сөлінің негізгі ферменттері ... .

4.Тамақта ... жетіспеген дененің өсүі және қаңқаның қалыптасу үрдісі бұзылады.

5.Қорытылмаған ас қалдығы ... өтеді.

4.Тест жұмысы.

1.Адамда ас қорыту мүшелерінің ұзындығы:

а\ 3-5 м; ә\ 8-10 м; б\ 15-18 м.

2.Дәм сезу рецепторлары қайда орналас-

қан:

а\ жұмсақ таңдайда; ә\ ұрттың сілемейлі қабығында; б\ тілде.

3.Ас қорыту және тыныс алу мүшелері қай жерде қиылысады ?

а\ ауыз қуысында; ә\ жұтқыншақта;

б\ өңеште.

4.Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?

а\ аш ішек; ә\ тоқ ішек; б\ ұлтабар.

Қорытынды. Ұзақ жасағысы келетіндерге бірер кеңес.

Ең алдымен ішетін тамағыңыздың түрін көбейту керек. Холестерині көп, май қыш-

қылдары мол деп кейбір тамақтарды мүлдем жемей қоюға болмайды. Олардың мөлшерін ғана азайтыңыз. Әдетте іс-жүзінде келген тамақта ағзаға қарама-қарсы әсер ететін тамақтық заттар болады.

Өсімдік өнімдері мен мал өнімдерінен, өсіресе сүт өнімдерінен мөлшерлестіріп жасалған құрама тамақ түрлері пайдалы. Кешкі тамақтан кейін, айран ішүге дағдыланып, күніне төрт рет тамақтану керек. Өйткені егде тартқан ағза тамақпен келген нәр- қуаттың шағын мөлшерін ғана қажетке жаратып, қалғаны қорға жинала беретін болады.

А.А.ОҢАЙҚҰЛОВА,

«Ақын Қабан жырау атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің

биология пәнінің мұғалімі

Көксу ауданы

АНТОНИМДЕР

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді салыстырмалы сипатта жұмсау шешендіктің ең үздік тәсілдері екенін түсіндіру.

2.Оқушылардың тілдік қорларын, есте сақтау қабілетін жетілдіру. Оқушының жаңа сабақта әдіс-тәсілдер арқылы меңгеруіне көңіл бөлу.

3.Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: жасырын мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сөзжұмбақ.

Байланысы: әдебиет пәні

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың оқу-құралдарын ретке келтіру

4. Оқушының сабаққа дайындығын тексеру

5. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа оқу материалын түсіндіру:

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер дейміз. Мысалы: үлкен-кіші, суық-жылы, ескі-жаңа, қатты-жұмсақ, ыстық бу-суық бу, жылы қабақ-суық қабақ, тастай қараңғы-сүттей жарық, батыр адам-қорқақ адам, ақ жүрек-қара жүрек, қараңғы түн-жарық түн.

Антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағына болады. Оларды былайша көрсетуге болады:

Болымды - болымсыздық мағыналар: жақсы-жақсы емес, ал-алма, сулы-сусыз, көңілді-көңілсіз.

Антонимдер ойды әсерлі,бейнелі түрде жеткізудің де оңтайлы құралы. Ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антоним сөздер көп қолданылады.

1. Оқушыларға жасырын мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы жаңа оқу материалын меңгерту.

1. Дос жылатып айтады

..........күлдіріп айтады.

2. Жолдасы жақсы - жолды болар,

Жолдасы ...... -қолды болар.

3. Көз қорқақ - қол .......

4. Ақыл - дос

Ашу – ......

5. Жалқауға жатса да мейрам,

........ да мейрам.

6. Көп сөз күміс,

..... сөз алтын.

7. Арқанның ұзыны жақсы,

Әңгіменің ........ жақсы.

8. Ақылдыға жан қымбат,

........... мал қымбат.

9. ......... үй базар,

Баласыз үй мазар

Жұмбақтар:

1. Қашсам – құтылмадым,

Ұстасам – қолыма тұрмады.(Көлеңке)

2. Таңертең төрт аяқты

Түсте екі аяқты

Кешке үш аяқты. (Адамның сәби, жігіт, қарт кезі)

3. Ұйықтайды ұлы түнде, күндіз қызы

Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Ай мен күн)

4. Ти десем тимейді

Тиме десем тиеді. (Адамның еріні )

5. Асты тас, үсті тас

Ортасында шындыр бас. (Тасбақа )

2.Оқулықпен жұмыс. Оқулықтан жаттығу жұмыстарын орындату.

89-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

2. Әсем, тез, шебер, зор сөздерінің антонимдерін тауып жазыңдар.

Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зор екендігіне барған сайын көзім жете түседі. Қандай әсем сөйлейді! Айтқысы келгеннің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі өте тез жетіледі.

Әсем – көріксіз

Тез – жай, жайбасар

Зор – кіші

Шебер – жалқау

90-жаттығу

1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңдер.

2. Адам бойындағы ең асыл қасиет деп нені атар едіңдер?

3. Мәтіннен синоним, антоним сөздерді тауып, жеке-жеке топтастырып жазыңдар.

Синоним Антоним

Көзбен көру, жүрекпен сезіну Ізгілік - зұлымдық

Қайғы, қасырет

Күші, шымырлығы

Күшті, батыл, ер жүрек

Синоним сөздері сөйлемде бірін-бірі алмастырып, сөйлемнің мағынасын келтіріп тұр. Адам бойындағы ең асыл қасиет деп – жігерлікті, жанашырлықты, намысшылдықты айтар едім.

92-жаттығу

1. Мәтінді оқып, ненің суреттелгенін баяндаңдар

2. Жансыз нәрселерге жан бітіріп тұрған сөздерді, яғни кейіптеуді табыңдар

Өлі табиғатты жан бітіре суреттеуді кейіптеу дейміз.

1. Қара жер солқылдап биге басты.

2. Аспан қосыла гүрілдеді.

3. Буы бұрқыраған еңбек аспанға өрлейді.

4. Жер мен аспан қосыла билейді.

3. Пысықтау. Оқушыларға карточкалар тарату (сөйлемнен антоним сөздерді табу )

1. Балық аштықтан емес, тоқтықтан өледі.

2. Мәдениет үйіне бізді шығарып салуға ауылдың кәрі-жасы лық толды.

3. Үлкенді-кішілі үйлердің терезелері де жарық. Үлкен де, кіші де қуанышты.

4. Кейін жібергенін қайтем, қазір жіберсін.

4. Қорыту. Сөзжұмбақ шешу.

1. Көрікті сөзінің синонимін ата (ажарлы).

2. Ер Төстіктің әкесінің аты (Ерназар).

3. Мақалды жалғастыр: Өнер алды – қызыл ..... (тіл).

4. Дұшпан сөзінің антонимін ата (дос).

5. Жазылуы, дыбысталуы біркелкі, бірақ мағыналары басқа – басқа болатын сөздер (омоним).

6. Жұмбақтың шешуін тап (радио).

Бір бұлбұл отырады салып әнді,

Жүруге аяғы жоқ, емес жанды.

Өнері қандай асқан деп ойладым,

Бір демде жер түбінен хабар алды.

7. Дыбысталуы мен жазылуы басқа да, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер (синоним).

Бағалау

Үйге тапсырма.

А.Т.ДАНДЫБАЕВА,

«Талдықорған қаласының

№25 орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Азық-түлік

Сабақтың мақсаты:

1.Азық-түлік тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау, тексеру.

2.Ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін ояту.

3.Ойын арқылы қазақ тілін меңгеруге, білуге қызығушылықтарын арттыруға тәрбие-

леу.

Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ. Оқушылардың алған білімдерін тексеру; пысақтау, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сюжетті суреттер, азық-түліктер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме, балалар.

-Сыныпта кім кезекші?

-Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?

- Дүйсенбі, 20-шы ақпан.

-Өте жақсы, отыра ғой.

ІІ.Сабақтың мақсатын қою.

-Балалар, біз бүгін азық-түлік модулі бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз, және де грамматикалық тақырыбы бойынша мен, бен, пен жалғаулықтар қалай жал-ғанатынын, қаңшалықты меңгергенімізді көрсетеміз, ойын арқылы қазақ тіліне деген қызығушылығымызды тәрбиелейміз, ауызекі сөйлеу дағдымызды арттырамыз.

ІІІ. Өткен материал бойынша білімімізді тексереміз.

Алдымен топқа бөлініп 3-топ бойынша жұмыс жасаймыз. Мына партада кеспелер жатыр, кім қандай тағамды таңдап алады, сол қатарға отырамыз.

1 топ сүт тағамдары.2 топ ет тағамдары және де 3 топ ұн тағамдары.

Енді топпен жұмыс жасаймыз.

1 топ сүтпен қандай тағамдар даярлаймыз, 3 сөз тіркес, 3 сөйлем құрау.

IV. Ауызекі сөйлеу дағдысын арттыру.

Алдынала тапсырма. Диалог.

Дүкенде.

V.Интерактивті тақтамен жұмыс

Сөйлем құрау. Не артық? Неге?

VI. Ереже мен, бен, пен жалғаулықтарды дұрыс қою. Олар қалай жазылады?

3-тапсырма 148 бет.

VII. Дәптермен жұмыс.

Үш сөйлем құрау.

1.Қарбыз, алма, жедім, мен.

2.Сәбіз, қияр, сен ектің.

3. Жаңғақ, сатып алды, ол.

VIII. Сабақты бекіту.

Мәтінмен жұмыс.

IX. Сұрақ жауап.

X. Сабақты қорытындылау

XI. Бағалау.

Ж.Қ.НОҒАЙБАЕВА

Н.Островский атындағы гуманитарлық экономикалық мектеп лицейі МДШО мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сарқан қаласы

Азға азды қоса берсең аз-аздан,

Ол аз кейін көп болады орасан.

Грек мақалы

Түрік тілінің ішіндегі гауһары –қазақ тілі.

Тәрбиенің бірінші шарты балаға жақсы есім таңдау.

Ә. Науай

Баланың тәртіпсіздігі үшін әкені аяусыз жазалау керек.

Нәтижелі тәрбиенің сыры мұғалімге болған құрметте.

Перзенттер аналарын бриллианттан да артық безейді.

Бала тәрбиесін үлкеннен бастау керек.

М. Горкий

Баланы тәрбиелеу- қоғамды басқарғаннан да ауыр.

Ешеңе туралы сұрамаған адам ештеңе үйренбейді.

Т. Фуллер