Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Салауатты өмір салты – мемлекет саулығының кепілі


27 апреля 2012, 22:00 | 2 667 просмотров



Әрбір мемлекеттің болашағы, оның азаматтары. Ал әрбір азаматтың денінің саулығы, бұл мемлекеттің де саулығы болып табылады. Бұрын соңды денсаулықты күту әр адамның жеке шаруасы деп қарастырылса, қазіргі таңда бұл мемлекеттік деңгейге дейін көтерілген проблема болып отыр. Себебі соңғы жылдары экономикалық және экологиялық себептерге байланысты Қазақстан азаматтарының денсаулығы нашарлап кеткені мәлім. Бұл орайда елімізде азаматтардың денсаулығын түзеуде үлкен жұмыстар атқарылуда. Емханалар салынып, спорттық кешендер мен мектептер ашылуда.

Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен қаржы құйылып, көптеген жұмыстар атқарыл-

уда. Теледидарлар арқылы спирттік ішімдіктердің, нашақорлық пен темекінің зияны мен әкелетін қасіреті жөнінде жарнамалар мен роликтер көптеп көрсетілуде. Бұның бәрі халықтың санасын, өз денсаулығына деген көзқарасын өзгертуге үлкен ықпал етуде. Сондықтан да атқарылып жатқан шаралар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мемлекетіміздің саулығының кепілі деуге болады. Бұл орайда Президенттің Қазақстан-2030 Стратегиясында көрсетілген «Салауатты өмір салтын қалыптастыр» бастамасы атқарылып жатқан жұмыстардың қайнар көзі деуге де болады. Сонымен қатар Президентіміздің алдағы жылдардың ішінде 100 аурухана салуға берген тапсырмасы, Президенттің өзі спорттың көптеген түрлерімен шұғылданып, халыққа үлгі көрсетуі, тағы бар. Қайткен күнде де, азаматтардың денсаулығы ең бірінші өздеріне байланысты. Зиянды әдеттерге әуестенбей, өз денсаулықтарын күтіп, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанса ғана дені сау және ұзақ өмір сүре алады. Жылдан-жылға спортпен шұғылданатын жастар да, үлкендер де көбеюде. Елімізде өткізіліп жат-қан спорттық жарыстар мен турнирлердің де саны артуда. Бұл жасөспірімдерді спортқа баулаға бірден-бір себеп. Ал болашақ чемпиондар мен спорт жеңімпаздары осындай жасөспірімдерден шығады. Спорттық ойындарда мықтылығын дәлелдей білген мемлекет, қай-қай жағынан да мықты екені анық байқалады. Мейлі ол экономика немесе саясат болсын, әйтеуір мықты екенін көрсетеді. Ал, жоғарыда атап өткен жұмыстар, ең бірінші мемлекеттік қауіпсіздігіміз үшін керек. Себебі азаматтары сау болса, мемлекет те сау, әрі мықты. Ал мықты мемлекеттен бәрі тайсалатын болады.

Салауатты өмір салтын нығатуда біздің мектепте де спортық іс-шаралар жоспарға байланысты үнемі өткізіліп тұрады. Атап айтар болсақ мектепте: шаңғы, волейбол, баскетбол, әке-шеше және мен және қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, аударыспақ, асық ату, арқан тарту, қазақша күрес сияқты жарыс түрлері өткізіліп тұрады. Ауыл жастарын салауатты өмір салтын насихаттауға әкімшілік мектеп ұжымы және басқа да мекмелер өз үлестерін қосуда.

Автор:
М.МОЛДАХМЕТОВ, Екіаша орта мектебінің мұғалімі, Сарқанд ауданы