Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білезік жасау технологиясы


27 ноября 2009, 21:42 | 11 200 просмотров



Халқымыз «Жігітке жеті өнер де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы», - деп әртүрлі кәсіптің көзін ашып, ойлы, білімді, мәдениетті, еңбекшіл азамат тәрбиелеген. Халықтық педпегагогиканың негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды шеберліктерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу делінген.

Халықтық педагогиканың негізі-тұлғаны тәрбиелеудің қуатты құралы, халықтың қолөнері. Ұсталық пен зергерлік өнері әртүрлі металдардан алуан түрлі үй бұйымдарын, сәндік әшекейлер жасаумен байланысты. Қазақстан жерінде мыс, темір, күміс сияқты металдардан бұйымдар жасау көне замандармен басталған. Зергерлік құрал-саймандарды қолдан жасап алуға болады.

Олар:

1.Көрік

2.Шапқы

3.Сым созғыш

4.Іскенше

5.Өткір біз

6.Шете жасайтын темір қалып

7.Ұшында сан түрлі бедерлері бар қадаубастыр

Зергерлік бұйым жасауда көптеген зергерлік тәсілдер қолданылады. Соның ішінде отқа қыздырып соғу, балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу, сымкәптеу, бедерлі қадаубастар мен батыра ұрып бедерлеу, бізбен безеу, асыл тастардан көздер орнату, дәнекерлеу т.б.

Қаңылтыр металды көркемдеп өңдеудің бір тәсілі-шекімелеу. Ол үшін қаңылтыр металдан алынатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина үлгісі кесіліп алынады. Сонан соң оны болаттан жасал-

ған плита үстіне ағаш балғамен соғып тегістейді. Егер өрнек салынған қаңылтыр қатты болса, оны өрнек салар алдында отқа күйдіріп жасытады. Қаңылтыр бетіне сурет салар алдында сабын немесе балауыз жағып, білезік үлгісінің астында көшіру қара қағазын салып, білезік суретін көшіріп салады.

1.Метал бетін бедерлеу үшін жалпақ резина немесе қапшыққа құм салып жасаған тегіс жастықшаның үстіне қояды.

2.Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін металдың бетіне қажет сурет көшіріп салу керек.

3.Салынған суреттерді бедерлегіш құралдармен нүкте, сызық бедерлерін түсіру арқылы бұйым бетін безендіріп, бедерлі өрнектер салады.

4.Ойықтары бар қалып үстіне қаңылтыр темірді қойып, әртүрлі пішіндемелер арқылы, балғамен соғу арқылы темірге дөңгелек дөңес бедер шығарылады.

5.Жасалынған бұйымды әрлеу және түс беру.

Оқушыларға қазақ халқының зергерлік және ұсталық өнерін үйрете отырып толық жеткізу, еліміздің дәстүрлік өнерін ұмыттырмай жандандыру, оқушыларға осы өнерді дәріптеу келешекте ұлттық қолөнерді бағалау болып саналады. Қолөнер арқылы сана-сезімін оята отырып, оқушылардың еліне, халқына деген сүйіспеншіліктері, өнерге қабілетіашылады.

Автор:
С.Б. ЧУНКЕНОВ, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі. Сарқан ауданы