Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МӘТІНДІК АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ


27 апреля 2012, 22:02 | 7 181 просмотр


Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Оқушыларды мәтіндік құжаттарды кластарға бөлумен және оларды компьютерді өңдеу технологиясымен таныстыру.

Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

2) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, пікірлерін дамыту.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, компьютерлік сауаттылығын арттыру.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілік-

ке, техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ізденімпаздыққа, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интерактивті сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту, топпен және жеке жұмыс

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың типі: практикум элементтері бар түсіндірмелі- көрнекілікті

Білім мен білікке және дағдысына қойылатын талаптар:

Нені білуі керек:

-мәтіндік редактордың мәнін;

-құрама құжаттар жасау үшін дерек алмасу технологиясын;

-мәтіндік редакторларды, олардың міндетін, типін, негізгі функцияларын;

-гипермәтіндік, мультимедиалық программаларды ұйымдастыру принциптерін.

Нені үйренуі керек:

-дерек алмасудың нақтылы технологиясына мысал келтіруді;

-мәтіндік ақпараттарды форматтауды.

-өңдеу тәсілдерін.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-сәлемдесу сәті, оқушыларды түгендеу, техника қауіпсіздік ержелерін сұрау, үй жұмысын сұрау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді қайталау:

Флипчарт 1 бет 1 «Көсемдікке ұмтылу»

1.«Пиксель» дегеніміз не?

2.Мультимедиа деген не?

3.Компьютерде мәтіндік ақпарат қалай ұсынылады?

4.Компьютерде графикалық ақпарат қалай ұсынылады?

5.Растрлық, векторлық және фракталдық графикалардың базалық элементтерін атаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақты өту:

Мәтін дегеніміз-символдардың кез келген тізбегі. Компьютерлік алфавит 256 символдан тұрады. Мәтін табиғи тілдердің (орыс, қазақ, және т.б) бірінің символдарынан, сондай-ақ математикалық, физикалық формулалардан, сандық кестелерден және т.с.сс құрылуы мүмкін.

Мәтіндік редактордың комегімен жасал-ған файл мәтіндік құжат деп аталады. Ол алвафиттік-цифрлық символдарды, графикалық объектілерді және мәтінді пішімдеу туралы бас-

қарушы ақпаратты қамтуы мүмкін.

Мәтіндік құжаттарды магниттік дискіде құруға, өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге мүмкіндік беретін қолданбалы программа мәтіндік редактор деп аталады.

Гипермәтін - бұл басқа мәтіндермен, графикалық, бейне немесе дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланыста болатын мәтін. Ауысу асты сызылған түсті мәтін немесе графика түрінде болатын гиперсілтеме бойынша асырылады.

Колонтитул дегеніміз- берілген бет, тарау, параграф туралы қосымша ақпаратты қамтитын арнайы мәтін.

Орналасуы: беттің үстіңгі және астыңғы жағында

Кестелік мәтін мейлінше кең тралған, оның маңызды объктілері-символ, жол, баған, ұяшық. Ұяшық-бұл жол мен бағанның қиылысу нәтижесінде болатын объект.

Программалық мәтін дегеніміз-алгоритмдік тілдерде жазылған программалар. Жоғарыда келтірілген кезеңдерді қандай ретте болса да кезектестіруге болады. Мысалы:

1.Жаңа құжат құрдық, яғни мәтін тердік те, оны сақтамай бірден басуға шығардық.

2.Бұрын жасалған құжатты аштық, оны редакциялап басуға шығармай сақтап қойдық

3.Құжат құрдық та, сақтап қойдық

4.Құжатты аштық, пішімдедік, басуға шығардық және сақтап қойдық т.т.

Әрбір кезең белгілі операцияларды орындаудан тұрады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

Практикалық тапсырмаларды орындау.

Интерактивті тақтада деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Практикалық жұмыс: Әр абзац үшін символдардың ұсынылу стилін, абзацтық шегініс түрін және оның туралануын (оңға, солға, центрі бойынша, ні бойынша) көрсетіңдер.

Компьютердің жүйелік блогы-сырттай ең тартымсыз болып көрінетіндей компоненті. Алайда, ол дербес компьютердің ең маңызды бөлігі болып табылады. Онда ақпарат сақтау және өңдеу, сондай-ақ оны әр түрлі пішімі бойынша: бейнеге, дыбысқа және т.б. түрлендіру әрекеттерінің бәрін орындайтын элементтер орналасады.

V. Қорытындылау.

VI.Бағалау

VII.Үйге тапсырма

Автор:
Г.Б.ҚҰРМАНАЕВА, Сарыбұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен Информатика және математика пәндерінің мұғалімі Кербұлақ ауданы