Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ЖАЗ КЕЛЕР»


27 апреля 2012, 22:18 | 4 723 просмотра



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Жаз келер» өлеңіне жалпы түсінік беру.

Ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін қатесіз оқуға дағдыландыру. Адамгершілікке, мәдениеттілікке эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ жауап

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карточкалар.

Сабақтың барысы.

1.үйымдастыру кезеңі

балалардың көңілін сабаққа аудару.

2.Ал, балалар үй тапсырмасын сұрамастан бұрын, алдарындағы әр түрлі геометриялық фигуралар бойынша өздеріңнің бағаларыңды қойып отырсаңдар. Ондағы -5, -4, -3 деген бағаны білдіреді.

3.Ал енді үйге қандай тапсырма берілді. Үй тапсырмасын сұамастан бұрын үй тапсырмасына байланысты үлестірмелі карточкалар. Бұл карточкада 5 тапсырмадан тұрады. Яғни 5 сөйлем жазылған. әр сөйлемнің арасынан 2-3 сөздің орнын тастап кеткенмін сол тастаған орынға тиісті сөздерін қойып үй тапсырмасын айтып болғанша сендер де маған жазып өткізіңдер.

Үй тапсырмасын қортындылау.

1.Бұл әңгімеміз не жайында?

2.Қандай ағаштар туралы?

3.Тобылғының жасаған әрекетіне қандай баға бересіңдер? Неліктен.

Тобылғының жасаған әрекеті дұрыс емес өйткені өзінің достарын бір-бірімен шағыстырып қойды.

Бізде мұндай нәрседен аулақ болмауымыз керек.

«Біреуге жаманшылық жасасаң өзіңе қайтып оралады». Деген осы.

4.«Жаз» туралы жұмбақ жасыру. Тақтаға жазу.

1.Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың.? (Жаз).

5.Ал, енді балалар бүгін сендермен Ш. Құдайбердиевтың «Жаз келер» өлеңімен танысамыз.

I.Жаз суреті (суретпен жұмыс). (өз ойларын айтқызу)

II.Жаз келер деген өлеңін өздеріңнің аталарың Ш.Құдайбердиев жазыпты.

III.Ш.Құдайбердиев 1858жылы 11 шілде айында.

IV.Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Қарауыл ауылында дүниеге келген. Ол жастайынан жетім қалып аға немересі Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленген. Сол кезден бастап ақындыққа деген шеберлігі арта түскен. Ол бірнеше тілді меңгерген: орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жақсы білген.

Кітап (сур) ол көптеген шығармалар жазған соның ішінде «Жастарға», «Жастық туралы» кәрілік туралы т.б өлеңдер жазған.

VI. «Түрік,қырғыз,қазақ пәл хандар» кітабын жазып шығарды.

VII. Кітапхана сурет.

Сонымен Ш.Құдайбердиев 1931ж жалған жаламен ату жазасына кесілді. Тек 1988ж жазған еңбектері ақталып шығады.

Ал, енді балалар, сендер Ш.Құдайбердиевтің қандай шығармаларын білесіңдер.

VIII. «Жаз келер өлеңін оқып шығу» (сур).

7.Қиын сөздердің мағынасын түсіндіру.

8.Тізбектеп оқыту. Мағынасын түсіндіру.

9.Сұрақтарға жауап.алу.

Сергіту сәті Күннің жылуын аламыз.

10. Дәптермен жұмыс тақтаға жазу.

11. 3 топқа бөліп деңгеймен жұмыс.

1.Топ өлеңде негізгі трек сөздерін жазу.

Жаз келер қыс өтіп,қар аяз кетіп,табиғат рақым етіп,жас балалар жүгірер. Кемпір шал күн шуақтап, бота-құлын, бұзау лақ қозы ойнақтайды.

2.Жаз туралы сурет салу.

3.Кітап оқыту.

Сабақты қорыту.

Автор:
Б.Н.БАТЫРШАЕВА, Ш. Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі