Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТТІҢ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ ЖҰМЫС БАҒЫТЫ


27 ноября 2009, 21:42 | 3 331 просмотр



Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті реформаланып, әлемдік білім кеңістігіне енудің алғы шарттарын жасап келеді. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырау үстінде. Соған орай, қазір елімізде оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты барлық ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және білім беру технологияларын меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Сарқан аудандық білім беру бөлімінде әдістемелік кабинет 2007 жылдың 1-ші ақпанынан бастап жұмыс жасаап келеді. Аталмыш мекемеге 1 кабинет меңгерушісі, 5 әдіскер қабылданып, өзжұмысын атқаруда. Әдістемелік кабинет жылдық жоспарын орындауда алдына «Жеке тұлғаны қалыптастыруда сапалы білім мен саналы тәрбие берудің жаңа әдістері арқылы әдістемелік үрдісті басқару және жетілдіру» мәселесін міндет деп қойды. Сондай-ақ, білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімдерге шығармашылық мүмкіндік туғызу, озат тәжірибені орынды пайдалану, мұғалімнің сабақ өту дәрежесін көтеру, ізденіс арқылы кәсіптік деңгейін арттыру - әдістемелік кабинеттің басты міндеті.

Әдістемелік жұмысты жүйелі атқарудың нәтижесінде ауданымызда мұғалімдеріміздің оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі тиімді әдістерді игеруі, шығармашылықпен еңбек ету ұмтылыстары артып келеді.

Оқу үрдісінің қай мәселесін алсақ та, оларды шешу, мұғалімнің танымына, білгірлігіне, ой-өрісіне, педагогикалық шеберлігіне байланысты. Оқушыға берілетін білімнің мазмұны мен сапасы, оны меңгертудің көрсеткіші мұғалімнің іскерлік қабілетінің басты бейнесі.

Ұстаз - білім беру ісіндегі шешуші тұлға. Оның біліктілігі мен кәсіби шеберлігі жас ұрпақтың дамуына, шығармашылығы мен қабілеті-

не әсер етеді.

Білім жүйесін дамытуға байланысты мұғалім еңбегін саралап, шеберлікпен шыңдау мақсатымен түрлі семинарлар, конференциялар, шығармашылық есептер, бас қосулар, пікір алысулар жоспар бойынша өтуде.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті реформаланып, әлемдік білім кеңістігіне енудің алғы шарт-

тарын жасап келеді.

Қазіргі таңда мектептерде дүниежүзілік тәжірибелерде өзін ақтаған оқыту технологиялармен қатар қазақстандық педагог – ғалымдардың да технологиялары белсенді түрде қолданылып жүр.

Ал, қазіргі кезде қоғамда болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер, ғылыми және өндірістік жаңалықтар бүгінгі бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді. Қазақстанның жас азаматы білімді, әлемдік жаңалықтармен таныс болуы шарт.

Осыған орай, заман талабына сай мұғалімдердің оқыту үрдісіне жаңаша көзқарасы қалыптасып, педагогикалық мәдениеті мен шығармашылық ізденісі артуда.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді.

Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдерінің ағартушысы, педагог, ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген сөзінде терең астар, үлкен мән жатыр.

Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет. Елімізде 130-дан астам басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мекендейді.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте – деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай биыл тіл Заңына 20 жыл толып отыр. Бұл - үлкен жетістік.

Осы қуанышқа орай, аудан мектептері, «Балдырған» балабақшасында және аудандық білім беру бөлімінде «Тіл – ұлттың жаны, тіршілігінің қайнар көзі» атты үлкен мерекелік іс-шара аталып өтті. Мұнда оқушылар мен ұстаздардың ұйымдастыруымен әр ұлттың салт-дәстүрінен сахналық көріністермен сурет, қолөнер, кітап көрмелері, гүлдер композициялары және әр ұлттың ұлттық тағамдары өз тілінде қорғалып, көрермен көзайымына айналды, соңы үлкен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Автор:
Дайындаған Ә.ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ