Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ


27 апреля 2012, 22:56 | 3 925 просмотров


Сабақтың мақсаты: Білімділік:

Сабақты өтілген сабақтармен байланыстыру, сөз байланыстарын таба білу, білімдерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге, еңбекке тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Өз бетімен жұмыс істеуге, сауатты жазуын қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын әдістері, топтастыру, жұмбақтар, тест.

Сабақтың көрнекілігі:мазмұнды суреттер, сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырмалар, қаттама.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, қоршаған дүние. музыка, (тарих).

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сабаққа назарларын аудару

б) қазір қай сабақ екенін сұрау

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім – деп,оқушылар жауап береді.

Міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын жазушыларымыз тілі – туған тіліміз – қазақ тілі сабағы.

Ой қозғау:

1. Сөйлем дегеніміз не? Олар қалай жазылады?

2. Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?

3. Буын дегеніміз не? Мысал келтір.

4. Тасымал дегеніміз не?

5. Қандай сөздерді тасымалдауға болмайды?

Саусақ жаттығулары. Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

Сс Мм әріптерінің жазылу элементтерін түсіндіру, мысалдар келтіру, сөздік диктант ретінде жаздыру, мағынасын түсіну, су, сағат, мол, мектеп.

Күн реті, сынып жұмысын жаздыру.

Жаңа білімді қабылдау.

Тақтаға тірек сызба арқылы жазылған сөздер білу _Сұрақ қою арқылы байланысын табыңдар.

Балалар, сабағымыздың тақырыбын дұрыс таптыңдар.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі ьсөзднрдің байланысы.

Мақсатын түсіндіремін.

Оқулықпен жұмыс:

186 – жаттығу. Берілген тапсырманы іштей оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

Кім жазды? Болат жазды.

Немен жазды? Қаламмен жазды.

Тақтаға жазу.

Сергіту жаттығуы.

Қане, балалар, тұрамыз,

Үлкен шеңбер құрамыз

Отырып, бір тұрамыз

Құс болып қанат қағамыз

Қайта отырып,

Орнымызды табамыз.

Топпен жұмыс:

І-топ. Сөйлемдегі сөздерді сызба арқылы көрсету.

ІІ-топ. Сөйлемнің схемасын жасау.

ІІІ-топ. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою арқылы байланыс-

ын табу бағалау.

Қызығушылықтарын ояту.

«Шыршаға ойыншықтар ілу» ойыны.

І-топ. Сөйлем түрлеріне қарай талдау.

ІІ-топ. Әсел әдепті оқушы. Сызбаға түсіру.

ІІІ-топ. Буын түрлеріне мысал келтір.

Сурет бойынша жұмыс.(құстар туралы)

І-топ. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

ІІ-топ. Ауылда қыстап қалатын құстарды ата.

ІІІ-топ. иЖылы жаққа ұшып кететін құстарды ата.

-Ауылымызда қыстап қалатын құстарға не көрсетуіміз керек?

Ойын: Дұрыс орналастыр

- Қамқорлық. Құс – фонет. талдау.

Венн диаграммасын қолдану.

Сергіту жаттығу. «Жалғастыр» шығармашылық ойын. қар, рама, ай, ине, елік, кітап, парта ...

-Балалар, Әдебиеттік оқу пәнінен өткен «Тәуелсіздік тұғыры» атты мәтін қандай оқиға туралы баяндалған?

-Желтоқсан

-Желтоқсан сөзін тасымалдап жазу.

- Желтоқсан оқиғасына үзінділер, қаттамамен жұмыс

(1 мин. еске алу)

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

Сөзжұмбақ шешу «Сөйлем» сөзін құрастыру, жұмбақтар шешу

Тест.

Ой толғаныс:

Сабақты қорытындылау мақсатында Не үйрендік?

Не білдік?

Үйге тапсырма:

Бағалау.

Автор:
С.А.КУЧУКОВА Қарымсақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі