Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КӨКТЕМ


27 апреля 2012, 22:57 | 3 015 просмотров



Сабақтың мақсаты:

1/ Көктем мезгіліндегі табиғатта болатын өзгерістер туралы түсінік беру.

2/Оқушылардың табиғат туралы дүниетанымын кеңейтіп,қызығушылығын арттыру.

3/Оқушылардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға, аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, өз ойын ортаға салу.

Көрнекілігі: табиғат көріністерінің суреттері, өсімдектер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Мынау -менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау- басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау- менің оң қолым

Мынау- менің сол қолым,

Барлық істі бастаған.

ІІ. Өткенді пысықтау.

-Біз өткен сабақтардан не туралы білдік?

-Жыл мезгілдері.

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Төрт.

-Қандай жыл мезгілдері екенін табыңыздар.

а/Бұлттар төніп, жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,өңі тайып

Дала сұры қашады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

1/Күз айларын ата?

2/Күздегі табиғаттағы өзгерістерді ата.

3/Адамның күзгі еңбегі жайлы әңгімеле.

ә/Аяз қысып, өрнек сызып

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып

Балдырғандар ойнайды.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

1/ Қыс мезгілі туралы не білеміз?

2/ Адамның қысқы еңбегі жайлы әңгімеле.

3/ Қыс айларын ата

Сергіту сәті

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай салада ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады

2. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Түсіндіру. Ой шақыру:

ІҮ.Суреттермен жұмыс

Көктемдегі өзгерістер:

Өсімдіктерде

Жануарларда

Табиғатта

Ү.Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқу

Түсінгендерін тексеру.

Суреттермен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашу.

ҮІ. Сабақты бекіту: / сұрақ- жауап арқылы/

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Құстар, өсімдіктер, жануарлар тіршілігіндегі өзгерістер туралы не білдік?

ҮІІ. Қорытындылау

Қыс құнар береді,

Көктем дән себеді,

Жаз баптап өсірсе,

Күз жинап береді.

ҮІІІ. Бағалау.

Автор:
С.Ж.ЕЛЕУСИЗОВА, бастауыш сынып мұғалімі Кербұлақ ауданы Қарымсақ ауылы