Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Туған елім, туған жерім» Астана – бас қала.


27 апреля 2012, 23:05 | 3 488 просмотров



Мақсаты:

1.Оқушыларға туған ел, туған жер туралы жан-жақты ақ-прат беру. Астанамен жақынырақ таныстыру. Мәтіндерді түсініп оқуға ынталандыру. Жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын толықтыру. Жеріміздің байлықтарымен таныстыру:пайдалы қазбалар, ауыл шаруашылығы т.б.

2.Заман талабына сай жан-жақты көзқарас қалыптастыру. Оқушыларды салыстыруға, ойлауға, абстракциялауға, моделдеуге үйрету.

3.Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Туған жері, елі туралы оқып білуге ынталандыру. Оқушыларды топпен жұмыс істеу арқылы өзара тіл табысып нәтиже шығаруға үйрету.

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдістері: Моделдеу, түсіндіру, демонстрациялау, бағалау.

Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, слайд, ЭО, қима қағаздар, сыйлық, оқулықтар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Аутотренинг арқылы сабақ бастау: оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап, ынтымақтарын көрсетеді)

Ойға толы санамыз,

Бестік баға аламыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

(Сабақтың мақсатымен таныстыру)

- Балалар, біз бүгінгі сабақта Отанымыз туралы көптеген жаңа білім аламыз.

ІІ. Ең алдымен үйге берген тамсырманы қалай орындағандарыңды тексерейік. Үйге не беріліп еді? (Астана туралы суреттер алып келу)

-Кім тапсырманы орындады? (Балалар суреттерін жоғары көтереді)

-Өте жақсы, бұл суреттеріңді әркім өзінің портфолиосына салып қоясыңдар. Сабаққа қажетті кезде пайдаланамыз.

ІІІ. Балалар, біз бүгін «Туған елім, туған жерім» деген жаңа тарау бастаймыз.

-Туған елім, туған жерім деген сөздерді қалай түсінсіңдер?

-Сендер туған жерлерің туралы не білетіндеріңді бір тапсырма арқылы анықтайық. Алдарыңда жатқан ақ парақтарға символ арқылы біздің Отанымыз, яғни жеріміз қандай екенін бейнелеңдер. Соны балаларға көрсетесіңдер, балалар дұрыс табу керек.

-Сонымен біздің сүйікті Отанымыз өте әдемі, кең байтақ, мықты көпұлттық екенін анықтадық.

ІV. - Осы мықты да, көрікті жеріміздің астанасы қай қала? (Астана)

-Астанамызды сипаттайтын қандай өлең жолдарын білесіңдер? (Өлең жолдарын оқу)

-Бүгінгі сабақта «Астана-бас қала» атты тақырыппен танысамыз. (Слайд көрсету)

-Сонымен Астана қандай қала?

-Не себептен ЮНЕСКО Астанаға назар аударған?

-Біздің туған жеріміз өте әсем және жері бай мемлекет. Неге? (Өйткені онда пайдалы қазбалардың барлық түрлері бар.)

-Мәтінді көзбен оқып шығыңдар. (2-3 мин)

-Балалар, қазір топқа бөлініп, шығармашылық тапсырмаларды орындаймыз. Барлық тапсырмалар оқулықпен байланысты орындалады. (Мәтінмен жұмыс)

-І топ – Оқу орталығы (Түсіндірмелі сөздіктен мәтінде кездесетін қиын, жаңа сөздерді тауып, дәптерге жазып, балаларға айту)

ІІ топ – Жазу орталығы. (№4 тапсырманы орындаңдар, дәптерге жазыңдар)

ІІІ топ – Ғылым орталығы. (Қосымша ақпаратпен жұмыс істейді. Энциклопедиядан тақырыпқа байланысты жаңа ақпарат тауып, айтып беру.)

ІV топ – Архитекторлар орталығы. (Флипчарттан Астана ғимараттарын тауып кластер құру)

V топ – Өнер орталығы. (Төрт түліктен алынатын өнімдердің сұлбасын салу )

V. Жаңа білімді бекіту. Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта не түсінгендеріңді көрейік. Мына картаға қарап, бүгінгі сабақта алған білімімізді қорытындылайық. Берілген суреттерді картаға қойып, атап шығыңдар. Оқулықтағы картаны ашып, қай өңір қандай шаруашылықпен айналысатынына назар аудара отырыңдар. (Флипчартен жұмыс.)

–Біздің жеріміз қандай?

–Қандай байлықтары бар?

–Астанамыз қандай?

VI. Үйге тапсырма.

VІІ. Бағалау.

Автор:
А.Т.УМАРХАНОВА №16 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Талдықорған қаласы