Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы


27 апреля 2012, 23:07 | 2 200 просмотров



«…Тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.»

Н.Ә.Назарбаев

«2011 жыл - бұл Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи мәре. Биылғы жыл «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» деген ұранмен өтеді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Тәуелсіздік күні – жанарға жас толтыратын, ерлік пен өрлікке тағзым жасататын қасиетті күн. Егемендік пен тәуелсіздік еркіндік сүйген халқымыздың ежелден аңсаган арманы. Бүгінгі таңда тәуелсіздікке қол жеткізген еліміз талай асудан өтіп, әлемнің түкпір – түкпіріндегі елдерге танылған, өз мақсаты мен міндетін анық байыптаган жас мемлекеттердің қатарына кірді. Ұлан далада сан ғасырлық қоғамдық құбылыстарды басынан өткізген ел мен халық үшін ұлы дала сахнасында болған тарихи оқиғалар ізсіз кеткен жоқ. Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды. Қазақстан көп жылдар бойы өзге мемлекеттердің қол астында болып, небір сұрапыл соғыстарды, қайғылы күндерді басынан кешірді.Әйтсе де қазақ халқының атамекенді ардақтау, азаттықты аңсау сезімі өте терең, туған жерді қасиет тұту- қанына сіңген мінезі.

Тәуелсіздік - тәңірінің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетіс-тіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Елбасының «Мәдени мұра», «Қазақстан-2030», «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан», «Дағдарыстан дамуға», «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» сынды жоспарлы Жолдаулары мен бағдарламалары бүгінгі бақытты елдің басты бағдары мен ұстанар бағытына айналып отыр. Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын Тәуелсіздігіміздің мәні жарқырай ашылып, маңызы арта түскенін бүгінгі қол жеткен табыстарымыз бен жеңістеріміз дәлелдеуде. Әр азаматтың жүрегіне ертеңіне деген сенімді берік бекіткен – Ел Тәуелсіздігі, шын мәнінде ең қымбат және ең басты елдік ұғым. Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлтымыздың ежелден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің жеңісі.

Бүгін біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне айбынды абыроймен, толайым табыстармен келіп отырмыз. Қазақстан әлем қауымдастығы үшін айрықша маңызды оқиға болған – ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекет басшылыры Саммитін өткізіп, ғаламдық қауіпсіздік пен дамуға жаңа дем берді. Қоғамдық келісім және толеранттылықтың қазақстандық үлгісін ЕҚЫҰ кеңіс-тігінде маңызды басымдық ретінде ұсынуды жүзеге асырды. Қазақстан барша әлемге кең пейілін, қонақжай көңілін, бейбітшіл ниетін паш етті.

Тәуелсіздік тойы жалпыхалықтық сипат-

қа ие болып, отандастарымызға айрықша рух беруі керек. Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс. Сондықтан да еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Автор:
А.К.АНДАБЕКОВА, Сарқан гуманитарлық колледжі оқытушысы