27 апреля 2012, 23:11 | 2 711 просмотров
Сабақтың мақсаты: Дұрыс көпбұрыш анықтамасын беру арқылы қоршаған ортадағы обьектілерден, нәрселерден дұрыс көпбұрыштарды көре білуге көз жеткізу.
Сабақтың міндеттері: Білімділік. Теориялық білімін практикада қолдана білу және білім – білік дағдыларын қалыптастырады.
Тәрбиелік. Эстетикалық тәрбие беру және оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
Дамытушылық. Оқушының танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттырады.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Творчестволық ізденіс, практика
Сабақтың түрі: Топтық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интер-
активті тақта, слайдтар
Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
4. Жаңа сабақты бекіту.
5. Есеп шығару.
6.Үйге тапсырма
7. Қорытындылау.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын, құрал – жабдықтарының болуын қадағалау және топтарға бөліп отырғызу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.Оқушының жан – жақты білімін тексеру:
а) Математикалық диктант
1) Көпбұрыш сыз, белгіле.
2) Көпбұрыштың қабырғаларын жаз.
3) Көпбұрыштың төбелерін жаз.
4) Көпбұрыштың диагональдарын жүргіз.
5) Көпбұрыштың қабырғалар санын анықта.
6) Көпбұрыштың бұрыштар-
ының санын анықта.
7) Көпбұрыштың төбелерінің санын анықта.
б) Репродуктивтік өзіндік жұмыс
3. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты оқушылар өздері жұмыс жасай отырып меңгереді.
1) Оқушылардың әрқайсысы дөңес көпбұрыш сызады.
2) Тең қабырғалы үшбұрыш салады
3) Шаршы салады
Тең қабырғалы үшбұрыштың және шаршының анықтамаларын, қасиеттерін айта отырып әр топтан бір оқушыдан шығып тақта берілген суретті пайдаланып жазып шығады.
Тақтада барлық қабырғалары және бұрыштары тең бесбұрыш, алтыбұрыш алып, қабырғалары мен бұрыштарын өлшейміз.
Жаңа сабақты бекіту:
1)бұрыштарының қосындысын;
2)әрбір бұрышын;
3)әрбір төбесіндегі сыртқы бұрышын;
4)бір төбеден шығатын диа-
гональдар санын;
5)барлық диагональдарының санын
6)егер периметрі 24,6 м болса, әрбір қабырғасын табыңдар.