Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сызықтық теңдеу және сызықтық теңсіздік тарауын қортындылау


27 апреля 2012, 23:12 | 2 924 просмотра


Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Өткен сабақтарды қайталау арқылы оқушылардың білімдерін, икемділіктерін тексеру. Оқуға қызығушылығын,ынтасын арттыру

Дамытушылық: Ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылық ізденіс тапқырлығын зеректілігін ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Математикалық сайыс

Сабақтың әдісі: Топтар бойынша жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.

«Білімді азамат – ел ертеңі ». «Білім мен даналық-адам көркі». «Халыққа наннан кейінгі қажеттісі білім».

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушыларды түгендеу.

Ә)Оқушылардың назарын сабаққа аудару .

Б) Сыныпты 2 топқа бөліп, топ басшыларын сайлап, топтпрға «Теңдеулер» және «Теңсіздіктер» деп ат қойылады.

В) Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.

1.Ұран.

2.«Арқан тартыс».

3.« Көкпар».

4.« Бәйге».

5.« Бетпе - бет».

Г) Кіріспе сөз ( нақыл сөздер).

2. Сабаққа кірісу кезеңі:

1. Әр топ топтарының аттарымен, өз ұрандарымен таныстырады.

2. « Арқан тартыс» сайысында сөйлемді аяқтау.

А) Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, ....

Ә) Теңсіздікті шешу дегеніміз ...

Б) ахв. Егер а болса, теңсіздіктің шешімі ....

В) ах в. Егер а0 болса, теңсіздіктің шешімі ...

Г) Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік дегеніміз ...

Ғ) Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз ...

Д) а саны в санынан болса, ...

Е) ав, ал вс болса, ...

Ж) Санды теңсіздіктің екі жақ бөлігіне бірдей санды қосқанда немесе азайтқанда ...

З) ( 3; 20) сан аралығы ...

3. « Көкпар» сайысында ауызша есептер орындау.

А) Теңсіздіктің шешімін тап: 4х 20.

Ә) кесіндісі интервалдың қайсысына жатады ?

Б) Координаталық түзуде көрсетілген аралықты қос теңсіздік түрінде ата. В) 6х-3 теңсіздіктің шешімін аралық түрінде ата.

Г) сан аралығының ең үлкен бүтін шешімін ата.

Ғ) (-4;2) сан аралығының неше бүтін шешімі бар?

Д) х+3 және 5у. Мүшелеп көбейт.

Е) 1,2х 2,3; 3у4; х+у –ті бағала.

Ж) Теңдеуді шеш: 8х-7 = 5х+8

З) ( - 4;7) сан аралығының неше натурал шешімі бар?

4. «Бәйге» сайысында теңсіздіктер шешу. (Әр топтан бір – бір оқушы тақтаға шығады. Қалғандары орындарында орындайды.)

5.«Бетпе - бет» сайысында топ басшылары шығып, үйде дайындап келген есептері мен сұрақтарын бір – біріне қойады.

6. Сабақты қортындылау. Топ басшылары өз қортындыларын айтады.

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса

Озғандар жарады.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпаз болу шарты сол -

Еңбектену, жалықпау.

Жеңімпаз топ аталып,оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма беріледі.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер-деп сабағымызды аяқтаймыз.

Автор:
А.ҚҰРСАҚБАЕВА, «Жанама қазақ орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі, Жанама ауылы, Алакөл ауданы