Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Азаматтардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау жөніндегі құжаттар, актілермен жұмыс істеу


27 апреля 2012, 23:16 | 3 156 просмотров


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сыни тұрғыда ойлау технологиясының элементтерін пайдалану

Сабақтың мақсаты: азаматтардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау жөніндегі құжаттар актілермен, жұмыс істеуді оқушыларға мәнін ашып, мысалдар келтіре отырып үлгілермен түсіндіру.

Дамытушылық: іс жүргізу барысында жазуды қате жібермеуге оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойын айқын жеткізе білуге дағыдыландыру және ойларын еркін айту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз құқықтарын қорғауға, ойын дәл айтуға, алдындаәы борышы мен міндетін сезінуге баулу және адамгершілікке, жауапкершіліке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: азаматтық іс жүргізу құқығы, еңбек құқығы, азаматтық құқық, конституциялық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлгілер.

Сабақтың жүргізу кезеңдері

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

II. Сабақ өткізу барысы:

Сұрақ-жауап әдісі негізінде үй тапсырмасын сұрау:(миға шабуыл)

1.Мемлекеттік іс жүргізу дегеніміз не?

2.Қайнар көздері?

3.Өмірбаян дегеніміз не?

4.Түйіндеме дегеніміз не?

5.Арыз дегеніміз не?

6.Өтініштер дегеніміз не?

7.Анықтама дегеніміз не?

III. Жаңа сабақтың тақырыбы: Азаматтардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау жөніндегі құжаттармен актілермен жұмыс істеу.

Жоспар:

1.Азаматтардың хаттарын, өтініштерін тіркеу.

2.Актілермен жұмыс істеу. ызы жазылмағандығын растайтын мұрағаттан туу туралы куәлігімнің түпнұсқасын беру туралы өтінішін қабылданды. Өтінішке бес жұмыс күн уақытында азаматшаға туу туралы куәліктің көшірмесі берілді және құжаттың оң жақ жоғарғы бұрышында «Қайталанған » деген белгі жазылады. Құжатқа қол қойылғанда, бекітілгенде жіберген жауаптыңҫ күні, айы, жылы міндетті түрде жазылады. Себебі Айтқалиева өз уақытында алынған туу туралы куәлігін жоғалтқан. Өтінішке берілген жауапты шығыс кітабына тіркейді.

2. Актілермен жұмыс істеу.

Акт дегеніміз- оқиғаның немесе әрекеттің нақты болғанын бірнеше тұлға бірігіп жасайтын құжатты айтамыз.

Актіде құжатқа қол қойған тұлғалардың нақты білетін деректері ғана көрсетіледі. Акт мәтіні үш бөлімнен тұрады:

-кіріспе;

-айқындаушы;

-тұжырымдама.

Кіріспеде акті құрастырудың негізі көрсеті-

леді, құрастырушылар және қажет жағдайда қатысқан тұлғалардың аты - жөні жазылады.

Айқындаушы актіде атқарылған жұмыстың мәні мен сипаты белгіленген нақты фактілер мәліметтер баяндалады.

Тұжырымдама актіде орындалуы қажет іс-шаралар көрсетіледі және қорытынды жасалады. Мәтіннің аяғында, қойылатын қолдардың алдында акт данасы мен олардың орналасқан жері туралы жазылады. Актіге төраға және комиссия мүшелері қол қояды. Акт міндетті түрде екі данадан дайындалады.

VI. Бекіту: Оқушыларды төрт топқа бөліп тапсырма беру арқылы жаңа сабақты бекіту.

1 топ оқушыларына: (венн диаграмасы)

Өтініштермен хаттардың айырмашылығын анықтау.

2. Топ оқушыларына:

Сен білесің бе? (үлгімен жұмыс)

ЖӨГК-нің директоры

Е.С. Орынбаевақа

ЗК-ның оқытушысы

Р.Қ. Ковношаровтан

Арыз

Менің, сізге арыз беріу себебім 2010 жұмыс жылындағы кезекті еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын.

«11» шілде 2011 жылдан бастап «30» тамыз 2011жылға дейін.

«——»——————20——ж.

Қолы————————- ——

4. Топ оқушыларына:

Тест сұрақтарын шешу:

1.Жұмыс.....қабылдауызды сұраймын

а) -та

ј) -те

б) -қа

в) –ке

2.А. Рахмановтың аты ......аударуды өтіне.......

а) –не,-мын

ј) –а,-мін

б) -на,-мын

в) –на,-мін

3.Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік

а) қабылданды

ә) қабылдауыңызды сұраймын

б) қабылдау керек

в) қабылдаған жоқ

V. Оқушылардың білімдерін бағалау.

VI.Үй тапсырмасы.

1. Нормативтік актілермен жұмыс.

2.Үлгілерді, өтініштерді толықтыру.

3. Тақырыпқа байланысты тестерді құрастыру.

Автор:
Клара РАХАТОВА, Жетісу әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің заң пәндер кафедрасының оқытушысы. Талдықорған қаласы