Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚЫРЫҚ БІР ЫРЫС


27 апреля 2012, 23:21 | 2 084 просмотра


1.Жаратылым- жан ырысы

2.Тіршілік- хан иесі

3.Хан- тақ иесі

4.Тақ- әділдік ырысы

5.Әділдік- нақ ырысы

6.Байлық- сән ырысы

7.Сән- сәулет ырысы

8.Сәулет- дәулет ырысы

9.Сыйласым- татулық ырысы

10.Тұлпар- батыр ырысы

11.Ынтымақ- бірлік ырысы

12.Қайтпас ер- найза ырысы

13.Ерлік білегі- елдің ырысы

14.Су молдығы- көлдің ырысы

15.Еңбек- дән ырысы

16.Жарасым- береке-бірлік ырысы

17.Өнер- білім ырысы

18.Білім- өнер ырысы

19.Қос босаға- түтін ырысы

20.Әділ би- бүтін ырысы

21.Шілдехана- төр ырысы

22.Кебін- көр ырысы

23.Жаңбыр- жер ырысы

24.Ірге- ай ырысы

25.Жақсы сөз- жан ырысы

26.Шежіре бәйіт- сөз ырысы

27.Ақыл- көздің ырысы

28.Инабат- ізеттілік ырысы

29.Жақсы садақ - жасақ ырысы

30.Қалқан- арашашы ырысы

31.Шөп- мал ырысы

32.От- ел ырысы

33.Су- мал-жан ырысы

34.Ажал- жан алу ырысы

35.Жас- бақыт ырысы

36.Қан- құт ырысы

37.Сыйластық - сенімнің ырысы

38.Шыдамдылық- төзімнің ырысы

39.Тайсалмау- талаптың ырысы

40.Науқас- сырқаттың ырысы

41.Шипагерлік емдеу- айығудың ырысы.

Автор:
Өтебайбойдақ Тілеуқабылұлы баба