Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КҮН ТАЛАБЫ БІЛІМДЕ


27 ноября 2009, 21:47 | 2 585 просмотров



Білім. Бүгінгі уақыттың ең шынайы капиталы осы. Сондықтан да қоғамымыздағы түбірлі өзгерістер мен жаңа тұрпатты стратегиялық бағдарлар білім беру саласына деген бұрынғы талап пен міндеттерге жаңашыл көзқараспен қарауды қажет етеді.

Ұрпағымыздың парасатты, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар елін, жерін сүйетін қайырымды ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне бағыттауымыз керек. Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу, өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған, өз өміріне өзі басшылық жасап, өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру – бүгінгі мектептің негізгі міндеті. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздар қауымына байланысты. Іскер, жаңаға жаны құмар, үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады.

Парасатты, мәдениетті де, білімді етіп тәрбиелеп, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, ибалы да, инабатты, қайырымды, ұлтжанды ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне бағыттауымыз керек.

Сарқан аудандық білім беру бөлімі 2009-2010 оқу жылын 7119 оқушымен бастады. Оның:

2573– қала мектептерінде; 4546 – ауыл мектептерінде білім алуда.

1-4 сыныпта 2751 оқушы; 5-9 сыныпта 3411 оқушы,

10-11 сыныпты 947 оқушы; Новопокровка ОМ-де 10 балаға денсаулығына байланысты түзету- дамыту сыныбы ашылды.

Мектепті бітірушілер саны 782. Орта мектепті бітірушілер саны 441 оқушы. 1 сыныпқа 800 оқушы келді.

18 қазақ тілді, 2 орыс тілді, 11 аралас мектеп, 5 бастауыш мектеп, 1 негізгі орта, 25 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды.

Бүгінгі күні ауданымызда 967 мұғалім қызмет етеді. Олардың 775 жоғары білімді, арнайы орта білімділер саны- 119, аяқталмаған жоғары білімді мұғалімдер саны – 63.

Мұғалімдердің 15 пайызы жоғары санатты, 33 пайызы І санатты, 24 пайызы ІІ санаттылар.

Биылғы оқу жылында облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында 205 мұғалім өз білімдерін жетілдірді және 5 мектеп директоры облыстық білім департаментінен аттестациядан өтті.

Педагогтардың табысты қызмет етуі үшін жұмыс жағдайын жасау маңызды мәселе, сондықтан әр оқу жылында мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсартылуда.

2009 жылы 50 балалық 1 «АСЕЛЬ» балабақшасы жабылды. 260 орындық «БАЛДЫРҒАН» балабақшасы мен Екіаша ауылындағы «Балдәурен» бала бақшасы жұмыс істейді. 2009 жылы «Балдәурен» бала бақшасына 1 топ, «БАЛДЫРҒАН» балабақшасына 3 топ қосылып, онда – 380 бала тәрбиеленуде. 2010 жылы мектепке дейінгі тәрбиеленушілер саны 400 болады.

Мектеп жасына дейінгі шағын орталықтар саны 14, онда 525 бала тәрбиеленуде.

2009 жылы Новопокровка орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. Көкөзек ОМ мен Абай ат. ОМГ-ның жылу жүйесі жөнделді. Пограничник ОМ, №54 ОМ мен Әл- Фараби орта мектептерінің шатырлары жөндеуден өтті. Сонымен қатар Тасарық ОМ жаңадан салынып, іске қосылды. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Қарғалы орта мектебінің спорт залы күрделі жөндеуден өтті.

Мектептерге 119 компьютер алынып, компьютерлер саны 641 болды. Бүгінгі күні 1 компьютерге 11 баладан келеді. Былтыр 1 компьютерге 14 баладан келген. Аудан мектептерінде 48 интерактивті тақта жұмыс істейді. 10 ЛМК бар. Сонымен қатар 10 физика, 8 биология, 3 математика, 8 химия, 2 география, 2 ағылшын тілі, 7 универсалды жаңа үлгідегі пәндік кабинеттер жұмыс атқаруда.

«Елді түзетуді - бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» депті халқымыздың аяулы ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы. Бұл сөздің төркіні тереңде жатқанын әркімнің – ақ жан жүрегімен түсінетіні ақиқат.

Ал, қазіргі кезде қоғамда болып жатқан тарихи әлеуметтік өзгерістер, ғылыми және өндірістік жаңалықтар бүгінгі бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді. Қазақстанның жас азаматы білімді, әлемдік жаңалықтарға ашық болуы тиіс.

Халқымыздың рухани қайта түлеу кезеңінде жеткіншек өрендер санасына ана тілі арқылы төл тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-санасын сіңіру, сол арқылы олардың дүние танымын қалыптастыру – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.

Автор:
Ж.Мұқашев, Сарқан аудандық білім беру бөлімінің бастығы