4 мая 2012, 23:58 | 1 993 просмотра
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Фазылхан Байымбетов атындағы дәрісхана салтанатты түрде ашылды.
Бүкіл өмірін ғылымға арнаған ҚР ҰҒА академигі, физика ғылымдарының докторы, профессор Ф. Байымбетов плазмалық физика мектебі мен кафедрасының негізін қалаушы.
«Ф.Байымбетов атындағы дәрісхананың ашылуы - нағыз ғылымды дәріптеген ғалымның бүгінгі студенттерге қалдырған мұрасын насихаттау, еңбектерін таныта отырып дәріптеу деп білеміз. Білім бұлағын ашып, университетте плазмалық физика мектебін қалыптастырып, әрбір шәкіртті өз баласындай тәрбиелеген ғалым-ұстазға деген құрметпен жасалған дүние», - деді ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов.
Шараға ғалымның туған-туыстары, дос-
тары мен шәкірттері және жары Роза Сүлейменқызы қатысты. Онда сондай-ақ, кафедра қызметкерлерінің, шәкірттерінің ұйымдастыруымен «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген «Өзін-өзі жасаушы» («Сотворивший себя») атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтіп, Ф. Байымбетов атында арнайы тағайындалған шәкіртақы студенттерге табыс етілді.