Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰЛТ РУХАНИЯТЫ - ҰРПАҚ АМАНАТЫ


4 мая 2012, 23:59 | 5 837 просмотров



Мақсаты: Ұлтымыздың асыл қазынасына айналып отырған бабалар мұрасын келешек ұрпақтың асылындай сақтап, өнеге тұтып, үлгі ете білуге тәрбиелеу.

Түрі: ойын-сайыс сабақ

Көрнекілігі: плакаттар, өсиет сөздер, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Құрметті, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің ашық сынып сағатымыз «Ұлт руханияты – ұрпақ аманаты» деп аталады. Білімді, елін, жерін шын сүйетін, санасы дамыған ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты мақсаты. Онсыз Қазақстанның өркениетті елдің қатарына қосылуы мүмкін емес. Біздің болашағымыз – осы жас ұрпақ. «Бұрынғыны айтпай, соңғы еске түспейді» демекші, біз осы келешек ұрпақты ата-бабамыз салып кеткен жолмен, сол бабамыздан қалған өсиет сөздермен тәрбиелейміз. Олай болса, рұқсат етіңіздер, ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялап, ойын - сайыс сабақ түрінде өтетінін айта кетіп, келесі сөзді ойын жүргізушілері Мадияр мен Дианаға беремін.

Диана: - Құрметті, қонақтар мен ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің ойын-сайыс сабағымызға қош келдіңіздер.

Мадияр: Ойын V турдан тұрады:

I-тур. «Ата сөзі – ақыл сөзі». Мұнда атадан қалған өсиет сөздерге тоқталамыз.

II-тур. Мақал-мәтел сайысы. Мәтелдің жал-

ғасын табу. Еркін тақырып.

III-тур. Тұрақты сөз тіркесіне түсінік беру. Бұл жерде сіздер қазіргі қазақ тілінен өтіп жүрген тұрақты сөз тіркестеріне түсінік беру, мағынасын ашуларыңыз керек.

IV-тур. Мұнда қазақ халқының ырымдарына тоқталамыз.

V-тур. Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне тоқталу.

І-тур. «Ата сөзі – ақыл көзі»

Диана. Қазақ жұрты - жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра сөйлейтін тапқыр да қанатты ойлары жөнінен өзіміз де өзгелер де таңдай қағып айтамыз.

Мадияр: Би-шешен бабаларымыздың әруағы риза болсын, даңқы артсын, ел үшін еңбегі елеусіз қалмасын, кейінгі ұрпақ бұл кісілердің өсиеттерін есте сақтап, сөз қадірін түсіне білуге үйренсін.

Диана: Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады.

Жігер: (Жас қыран) 1) Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не?

Назерке: (Атамекен) Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,

Судан терең дегенім – оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.

Айдос: (Атамекен) 2) Дүниеде не жетім?

Айсан: (Жас қыран) Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшысы болмаса – ел жетім.

Ұқпасқа айтылған – сөз жетім.

Жігер: (Жас қыран) 3) Дүниеде не қымбат?

Ж.Әлішер: (Атамекен) Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

Назерке: (Атамекен) 4) Дүниеде не қиын?

Жарас: (Жас қыран) Арадан шыққан жау - қиын,

Таусылмайтын дау - қиын,

Шанышқылаған сөз - қиын,

Жазылмаса дерт - қиын,

Іске аспаған серт - қиын,

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт - қиын.

Жігер: (Жас қыран) 5) Қазақ біздің қонақжай келеді. Қонақтың неше түрі бар?

Алмат: (Атамекен) Қонақтың төрт түрі болады:

Бірінші – арнайы қонақ,

Екінші – құдайы қонақ,

Үшіншісі – қыдырма қонақ,

Төртіншісі – қылқима қонақ.

Мұғалім: Осымен І тур аяқталды. ІІ-тур – мақал-мәтелдер сайысы.

Мадияр: «Мақал – сөздің мәйегі» демекші, мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде жиі қолданған жөн.

Диана: Ұлы Афиналық ақын Демосфеннің айтуы бойынша құр сөздің ғұмыры қысқа. Ондай болса, келесі тур – мақал-мәтелдер сайысы.

Мадияр: Бұл турда мақалдың жартысы оқылады, ал сендер сол мақалдың жалғасын табуларың қажет.

Диана: Әділқазылар алқасы өз шешімін қабылдағанша, келесі кезекті әнге бер-

Сек. Орындайтын Жарас пен Еламан.

Мадияр: Келесі кезекті биге береміз.

Орындайтындар – Айсан, Бота, Руслана, Диана.

Әділқазылар алқасы шешімін қабылдап, топтардың ұпайларын айтқан соң, көп ұзамай ІІІ-тур басталады.

ІІІ-тур. «Тұрақты сөз тіркесіне түсінік беру».

Мадияр. Бұл турдың аты – «Тұрақты сөз тіркесіне түсінік беру». Балалар, біздің ата –бабаларымыз бізге мынадай (конвертті көрсетеді) құпия хаттар тастап кетіпті. Қазір әр топ өз конвертін ашып, сол хаттарға жауап береді.

Екі топқа екі конверт беріледі. Уақыт – 2 минут.

Мұғалім: Осымен ІІІ-тур аяқталды. Келесі турда қазақ халқының ырымдарына тоқталамыз.

IV-тур. Қазақ халқының ырымдары.

•Жас қыран: Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа:

«Несібе төгіледі, ырыс шайқалады, ас азайып, дән далаға қашады. Отқа төгіліп, дән күйеді. Күл астында қалады. Қазан шайқалса – ырыс шамданады» деп ырымдайды.

•Жігер: Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса – отқа тұз құйылып, күйеді. Тұз күйсе – үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз – астың иманы, қыз – үйдің көркі». Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса - қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп сол ырымға нанады.

V-тур. Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері.

Жас қыран:

Сүйінші.

Жігер.

Жеті атаны ата.

Мадияр: Міне, соңғы тур – Супер ойынға да келіп жеттік

Диана: Ойынның мақсаты топтарға сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға шешендік өнермен жауап беру керек.

Мадияр: Арман деген не?

Жарас: (Жігер) Арман дегеніміз – ақыл-ойдың шындығы.

Диана: Бақытты болу оңай ма?

Әлішер (Жас қыран): Ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең, ақылдылықты үйрен!

Мадияр: Дос табу оңай ма?

Мирас: (Жігер)Дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

Мадина: Жоқ, Мирас. Дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.

Хор. «Болайықшы осындай» әні.

Қорытынды.

Автор:
Ж.Б.НҮСІПБЕКОВА, бастауыш сынып мұғалімі Талапкер орта мектебі, Алакөл ауданы