4 мая 2012, 23:59 | 2 703 просмотра
Мақсаты: Ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілерін, ойлау қабілетін, қиялын дамыту. Ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Балаларды ертегі арқылы достыққа, адалдыққа, мейірімділікке, жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: ойыншықтар, қоржын, кеіпкер киімдері, қазан, қамшы, көрпешелер, дастархан;
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, кейіпкерлеу, жұмбақ жасыру, тақпақ оқу.
Сабақ барысы:
Балаларды әже карсы алады
-Сәлеметсіз бе әже!
-Сәлеметсіңдер ме балаларым, келгендерің қандай жақсы болды, төрге шығыңдар құлындарым. Еркін отырыңдар. Әжелеріңнің ұмытпаған шығарсыңдар?
-Жоқ, ұмытқан жоқпыз.
-Онда менің сиқырлы қоржынымнан сендердің білімдеріңді тексеретін тапсырмалар алайын. Қоржыным сендерге жұмбақтар ұсынуда. Жұмбақ шешуге дайынсыңдар ма?
-Иә, әжетай,дайынбыз!
-Ендеше, тыңдаңдар, №1 жұмбақ
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан. (Аю)
-Дұрыс, сиқырлы қоржыннан ойыншық аюды алып көрсетеді. Бұл не балалар?
-Аю, қонжық.
-Балалар, мен казір ертегідегідей, енді осы аюға жан бітірейін. Көзімізді жұмамыз, 1...2....3....!
Балалар көздерін жұмған сәтте, есіктен аю болып киінген кейіпкер кіреді
Аю: Мен қорбаңдап жүремін,
Балды тәтті сүйемін
Аю: Балалар, мен қай ертегіде кездесемін?
Балалар: «Айлакер қоян», «Үйшік», «Бауырсақ», «Үш аю».
Аю: Мен қалай жүремін?
Балалар: Қорбаңдап
Аю: Кәне, көрсетіңдерші
Балалар қорбаңдап жүріп, тақпақ айтады
Кезіп ішін орманның,
Кетіп қалма қорбаңым.
Қалың нудан бал таңдап,
Қаңғи берме балпаңдап.
Аю: Мен жайлы айтқан тақпақтарың, маған ұнады. Жүрген жүрістерің де менен аумай қалды ғой. Мен жайлы көп білесіңдер ме? Ал, мен қайда өмір сүремін?
Балалар: Орманда
Аю: Дұрыс айтасыңдар.Мен сендермен мында көп жүріп қалған сияқтымын, орманыма қайтайын. Сау болыңдар балалар!
Әже: Менің сиқырлы қоржыным сендерге тағы не дайындады екен, көрейін.
-мынау не балалар?
Балалар: Қамшы
Әже: Бұл кімнің қамшысы?
Балалар: Білмейміз....
Әндетіп ортаға, осы сәтте, Алдар кіреді.
Мен Алдармын, Алдармын
Шайтанды да алдадым.
Сақал тұрмақ, мұртта жоқ,
Мендей қулық жұртта жоқ.
Е-е-е-е-е-ей.....
Алдар көсе: Сәлеметсіңдер ме балақандар, сәлеметсіңдер ме балапандар!
Балалар: Сәлеметсіз бе Алдар ата!
Алдар көсе: Мен қамшымды жоғалтып алып едім, соны көмедіңдер ме?
Балалар: Жаңа сиқырлы қоржыннан шыққан қамшы сіздің қамшыңыз болар. Міне, алыңыз.
Алдар көсе: Рахмет сендерге, балалар! Мені таниды екенсіңдер, ал, мен туралы ертегілер білесіңдер ме?
Балалар: Білеміз, білеміз. «Сиқырлы тон», «Алдар көсе мен бай», «Алдардың шайтанды алдауы».
Алдар көсе: Жарайсыңдар, мен жайлы көп білгендеріңе ризамын. Сол үшін сендерді ойынға шақырамын.
«Алдаймын, алдаймын» ойынын ойнайды
Алдар көсе: Балалар, сендерге ойын ұнады ма? Балалар, тек бір ережені есте сақтаңдар, бұл ойын ретінде, көңілдеріңді көтерейін дегенім ғой, ал шынайы өмірде өтірік айтпаңдар, бір-бірлеріңді алдамаңдар. Ол жаман әдет. Сендермен өте көңілді екен, бірақ мені балалар күтіп отыр. Қолдарыңды жайыңдар, батамды берейін.
Балалар Алдар атаға қарап, қолдарын жайып, отыра қалады.
Алдар көсе:
Бата
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін.
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Денелеріңе саулық берсін.
Аумин.
Балалар: Сау болыңыз, Алдар ата!
Әже: Менің сиқырлы қоржыным енді бізді тағы несімен таң қалғыздыртар екен, көрейін.
Әже тақпақ оқиды
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым,
Секеңдемей деміңді ал,
Селдеңдемей құлағың.
Әже: Тақпақ не жайлы айтылған?
Балалар: Лақ.
Сол кезде маңырап есіктен лақ кіреді
Лақ: Қасқыр бәрін жеп қойды. Мен пештің ішінде тығылып қалдым. Мә-мә, мен қай ертегіден келдім балалар?
Балалар: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінен
Лақ: Иә балалар, дұрыс айтасыңдар
Сөзін аяқтамай жатып-ақ лақ жылай бастайды. Балалар дауыстап
Лағым менің жылама,
Біз сенімен біргеміз,
Біз саған көмектесеміз,
Анаңды тауып береміз.
Әже:Балалар, лағымыз әлі көңілсіз күйде, ән айтып көңілін көтерейікші.
Балалар шеңберге тұрып «Лағым» әнін орындайды.
Балалар: Лақ, сенбізбен бірге бол сабақтан соң анаңды табуға көмектесеміз.
Әже сиқырлы қоржынының ішінен тағы бір затты алып шығады.
Әже:Балалар, бұл не?
Балалар: Бұл асық қой, сақа.
Әже:Жай сақа емес, алтын сақа ғой деймін, ұстап көріңдерші.
Бәрі ұстап көреді. Әжей ұстай бергенде сақа қолынан сырғып, домалап кетеді. Сол кезде сақаның қасына жалмауыз кемпір келіп отырады.
Жан-жағына қарап, қаһарлы жүзімен, ызғарлы дауысымен Жалмауыз кемпір:Қазір келсең ұстап аламын!
Осы мезетте атпен шауып бала келеді
Бала: Апа, апа, сақамды беріп жіберші.
Жалмауыз кемпір:
Отырсам, тұа алмаймын.
Тұрсам, отыра алмаймын.
Бала:
Атқа мінсем, түсе алмаймын.
Түссем, міне алмаймын.
Бала еңкейіп сақаны іліп ала, балаларға қарай қаша жөнеледі.
Жалмауыз кемпір:Ой, ұстай алмадым. Неткен көп балалар!
Әже:Жалмауыз кемпір, қорқытпа менің балаларымды. Отырып, дем ал.
-Балалар, кәне жылы лебіз айтайықшы, мүмкін жалмауыз кемпір де мейірімді болып кетер.
Балалар:
-Мейірімді бол!
-Балаларды жақсы көр!
-Ауырма!
-Бақытты бол!
Жалмауыз кемпір:Ой жүрегім жылып барады. Сендердің әр сөздеріңнен мен мейірімді болып барамын. Кешіріңдер балалар, мен енді тек жақсылық жасаймын.
Әже:Не істейміз балалар, кешіреміз бе?
Балалар:Иә! Кешірейік.
Жамауыз кемпір:Мен басқа балалардан да кешірім сұрайын, сау болыңдар балалар!
Әже:Сиқырлы қоржынымда тағы не бар екен? Ертегі кітабы ау деймін. Баяғыда Қозыбайдың үш жақсы нәрсесі болыпты. Оның біріншісі не балалар?
Балалар: «Піс қазаны»
Әже:Дұрыс айтасыңдар балалар. Менің сиқырлы қоржынымды бір қазан жүр. Ол қай ертегіден, балалар?
Балалар: «Ұр торпақ» ертегісінен
Әже:Ал ендеше, бәріміз «піс қазаным, піс»-деп үш рет айтып көрейікші.
Балалар дауыстап «Піс қазаным, піс»-дейді. Әже қазанның қақпағын ашып
Әже:Балалар, қараңдаршы қазан бізге бауырсақ пісіріпті. Топқа барып, бауырсақпен шәй ішейік.