Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және педагогикалық ортаға енгізу


4 мая 2012, 23:59 | 2 355 просмотров



Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынас-

қа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу -әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.

Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы , мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімденіп, жекеленуі болып табылады. Тұлғаны әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс.Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.

Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы , мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі – біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек.

Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы.

Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы-әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен протездермен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен,жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский:- «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері»- деп атап көрсетеді. Сондай – ақ ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.

Әрбір баланың бойында мүмкіншілігі мен ерекшелігі болады, тек оны ашып, қолдау көрсетіп, дамыту қажет. Әр бала өзінше жеке тұлға болып табылады. Бала дамуындағы ауытқушылық – бұл түсіністік шеңберіндегі қателік. Айналасындағылардың қанағаттанарлықсыз қатынасы бұл жетіспеушілікке әкеледі, ал бұл аурудың емес, қоршаған ортаның мәселесі. Даму мүмкіншілігі шектеулі балалар жақсы әрі жан-жақты өмір сүруге құқылы. Сондықтан оларға бұл мүмкіндікті қолдануға қол ұшын берейік.

Автор:
Г.Қ.РАУАНОВА, № 5 ОПМПК әлеуметтік педагогы Іле ауданы