Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Салауатты өмір салтын қалыптастыру спорттан басталады


4 мая 2012, 23:59 | 2 314 просмотров



Денсаулық -зор байлық! Адамның ең басты байлығы –денсаулық екеніне барлығы келіседі. Бүгінгі жастар салауатты өмір салтын сақтауға міндетті, сонымен қатар қоғамда белең алып отырған нашақорлық, ішімдік, темекі сияқты жаман әдеттен аулақ болу керек. Тәні сау ұрпақтың, жаны да сау болады.

Салауатты өмір салтын сақтау жаман әдеттермен қатар жүретін түрлі аурулардан сақтайды, оған дәлел халық мақалы «спортпен дос болған адамнан аурудың өзі қашады».

Дене тәрбие сабағы салауатты өмір салтын үйрететін негізгі құрал, ендеше мұғалім де маңызды орында. Басқа пәндер сияқты бізде баланың қызығушылығына, ұмтылысына, өзіндік бейіміне қарай үйретеміз.

Дене тәрбие сабағы далада өтсе де, спорт залында өтсе де спорттық құрал жабдықтар маңызды орында.Мұғалімнің творчествалық еңбегі балаларды жүгіртіп, секіртіп қана қою емес, оларға спорт туралы салауатты өмір салты туралы түсініктеме беру.

Дене шынықтыру сабағын оқыту үшін спорттық құрал жабдықтың толық болуы сабақ өтуге өте қолайлы, әрі балалардың дене тәрбие сабағына деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар бізге іс-шаралар ұйымдастыруға көп көмегін тигізеді.

Дене тәрбиесінде бірінші теорияны түсіндіруге тырысамыз. Дене тәрбиесінің негізгі сапалығына көңіл аудару керек.

Ол: епті, күшті, жылдам, төзімді, қағілез, мінезі тұрақты болуы тиіс болғандығын тілейміз.

Теорияның негізіне сүйене отырып «мемлекеттік стандарт» дене тәрбиесінің бағдарламасы бойынша жоспар құрылады.

Бағдарлама бойынша.

Жеңіл атлетика, гимнастика, спорт ойындары, баскетбол, волейбол, футбол, қол добы, шаңғы тебу, ұлттық ойындар, кросстық жаттығулар.

Оқушылардың жас шамасы маңызды орында, жасына, дене бітіміне, денсаулығына байланысты жаттығуда қалыпты жүргізілуі керек, егер артық болса зорығып ауруға ұшырауы мүмкін.

Дене тәрбие сабағында техникалық қауіпсіздігін сақтау керек. Мұғалім қашанда оқушылардың жарақат алуының алдын алу керек.

Біздің ең үлкен қуанышымыз оқушылардың жаны мен тәні сау елдің ертеңін ойлайтын, елге жарамды, отан үшін үлес қосатын, әртүрлі аурулардан жаман әдеттен аулақ нағыз жастар болғанын көру. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың бірден-бір жолы –балаларды жастайынан спортқа шынықтыру. Спортқа жақын болып өскен баланың тән саулығы да, жан саулығы да жоғары болады.

Автор:
Д.И.КУРБАНОВ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жаркент қаласы, Панфилов ауданы