4 мая 2012, 23:59 | 1 881 просмотр
Көктемнің осы бір жадыраған шуақты мейрамын кішкентай бүлдіршіндер жалғастыруда.Ұлыстың ұлы күніне арналған мереке жақында қаламыздың №7 ясли-бала бақшасында өтті. Бұл мекеме «Балапан» бағдарламасы аясында құрылып, ашылғанына азғана уақыт өтсе де, өздерін айналасына жақсы жақтарымен таныстырып үлгерген. Қала көлемінде өтіп жат-қан іс-шаралардың бәріне дерлік қатысып, жақсы нәтиже көрсетуде. Аталмыш бала-бақшада 320 бүлдіршін тәрбиеленіп, тәрбиеші-ұстаздар бала тәрбиесімен айналысуда. Ұжымның 80 пайызға жуығын жас кадрлар құрап, өз жаңалықтарын ортаға салуда. Бұл салада еңбек етіп бала жанының диқаны болып жүрген, әдіскер Гүлзат Мақсұтқызы мен тәриеші мен музыка, дене шынықтыру жетекшілері Дина Нуржанова, Индира Сағымбаева, Айгерім Исаевна, Әсел Растыбайқызы педагог- ұстаздардың еңбектері өлшеусіз. Бүгінгі таңдағы аталмыш ясли- бақшаның өзекті мәселесі: Бұл бала-бақша қабырғасында өткен осы мереке ұстаз-тәрбиеші қауымның еңбектерінің кішкентай бір көрінісі іспеттес.
Наурыз- ән, наурыз- жыр, наурыз-думан дейтін болсақ, бүгінгі шарада осы айтылған мерекеге тән қасиеттердің бәрі қамтылып, жоғарғы деңгейде өтті. Ата –аналар мен бірлесе отырып өткізген кештің өзіндік ерекшеліктері көп-ақ. Бала тәрбиесінде тек тәрбиешілер ғана емес, отбасының, ата-ананың орны, үлесі зор екенін тағы бір дәлелдеп өтті.
Айтулы мереке екі тілде өтті. «Наурыз» әні кішкентай бүлдіршіндердің шырқауымен салтанатты мерекенің шымылдығын ашты. Көктем думанына арналып жырдан шашу шашылды. Кеш барысында қазақ дәстүрінен көріністер көрсетіліп, қазақ ертегі аңыздарының кейіпкерлері Алдар көсе мен Қожанасыр сәтті сомдалып, балаларға қонаққа келді. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «арқан тартыс» ойыны ойнатылып, бүлдіршіндердің көңілін көтерді. «Шілдехана» әнге қосылып, ұлттық салт- дәстүрлер жырмен көрініс тапты. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінен, ырымдарынан біраз қойылымдар көрсетілді.
Кішкентай бүлдіршіндерді еңбекке баулитын тәрбиелігі мол «Құмырсқа» биі, балалардың орындауымен көрерменге жол тартты. Сондай-ақ, ата- аналардың араласып, қолдау көрсеуімен «Көктемгі бас киімдер» үлгісі көрсетілді.
Кеш өз мәресінде өтті. Бұл думанды мерекеден бүлдіршіндердің, алғаны, саналарына түйгені мол болды. Осы мерекенің өзіндік мақсаты балаларға ұлттық дәстүрді дәріптеу болса, ол діттеген мұратына жетті деуге болады. Осындай танымдық кешті көріп, ат салысып, бел отасында жүрген бүлдіршіннен ертең ұлтжанды азаматтың шығары сөзсіз!