Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бастауыш сынып оқушыларының Шығармашылық қабілеттерін дамыту


4 мая 2012, 23:59 | 2 454 просмотра



Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-бастауыш мектеп. Бастауыш саты-білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға,дамытуға және кәсіби шыңдауға бағыталған 41-бабында атап көрсетілген. «Педагог қызметкерлер оқушылоардың мемлекеттік білім беру стандарында білім,білік дағды алуын қамтамасыз етуге жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін,дамуын үшін жағдай жасауға міндетті» делінген. Бастауыш мектеп оқушыларыныңоқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетін-

де шығармашылық қабілетін дамыту-өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Бүгінгі күннің негізгі талабы- білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.

Шығармашылықтың дамуында интеллектуалдық қарым-қатынас және әр-түрлі тапсырмаларды шешу жүзеге асырылады.Ойын барысында шығармашылық элементтерді қолдану арқылы, кез-келген ойын затына шығармашылық танымдық сипатта жүзеге асыру арқылы балалардың ойынында шығармашылық дамытуға болады. Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасауы керек.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу»деген мағынаны білдіреді.

Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық қабілеттері

•Қызығушылық

•Жақсы баға алуға ұмтылу

•Дербестіке ұмтылу

Интелектуалдық логикалық компонент

*талдау

* жинақтау

* Салыстыру

* дәлелдеу

*түсіндіру

Эмоционалды сезімдік компонент

*қиялдау

*шабыт

*сезім

* белсенділік

Оқыту үрдісінде балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау-мемлекеттік білім беру стандаррттық бағдарламасы іске асырудың негізгі құралы.

Ж.Аймаутов өз еңбектерінде «Жақсы қойылған сұрау, жақсы жауап тілейді», дей отырып балалардың шығармашылық қабілеттіліктің жан-жақты әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін дәлелдейді.

Балалар бойындағы қабілетті анықтауда тапсырмалар беру-баланың білімді тең әрі жеңіл меңгеруіне қабілетін айқындауға себепші болды.

Бала мектептегі оқу бағдарламасынан алған білім жүйесін, өмірде, білімді қолдана алуға бейімдеу. Оқу бағдарламасы сабақтың мазмұ-

нына және оның құрлымына шығармашылық көз қарасты талап етеді. Міндетті түрде шығармашылық тапсырмаларды қолдану,ұжымдық және жеке жұмыстарды сабақта пайдалану,мәтінмен жұмыс істеуді үйрету,әр-түрлі ойындарды қолдану, интеграциялық және дәстүрлі емес сабақтарды қолдау. Сабақты нәтижелі болуы үшін, тілді шынықтыру, жаңылт-

паштар, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер, сөзжұмбақтар, жаттау арқылы тілдерін, ойлау қабілетін дамыту. Мәтінмен жұмыс істеу барысында-негізгі ойды анықтау, әңгімелеу, сұраққа жауап беру, мәтін тақырыптарға шағын шығарма жазу арқылы баланың шығармашылық қабілеттерін дамыта аламыз.

Жана ақпараттық технологияларды пайдалану

Тапсырмалардың мазмұнын ашып жазу

Шығармашылық жұмыстарының талаптары

Оқушылардың жас ерекшелігін есепке алу.

Оқушының пәнге қызығушылығы.

Бастауыш сыныпта:

1.Оқушылардың интеллектуалдық рухани табиғи нышандарын дамытуға қызығушылықтарын бейімдеу.

2.Жеке адамның сезімін қалыптас-

тыру.

3.Ұжымдық іс-әрекеттерге үйрету.

4.Баланың еркін, шығармашылықпен ойлауына қабілеттерін дамыту.

Кіші жастағы оқушылардың оқуға, оқу арқылы қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді.

Мысалы: бастауыш сынып оқушыларында қабілеттері әр салаға бөлінгендері байқауға болады..

Бірқатар балалар оқу мен жазуға, біреулері математикаға ,енді біреулері сурет салуға немесе қол еңбегіне қабілеттірек.

Мұғалім әрбір оқушыны жіті бақылап оңайлықпен қолға түсе бермейтін, оның қабілетілігін ашуға тырысуы керек. Оқушыларға өз бетінше есеп құрастырып,оны шығару, өлең құрастыру шығармашылық шығармалар жазу өте пайдалы. Сондықтан әр оқушының шығармашылық қабілетін аша білейік.

Автор:
Э.О.ОМЕРКУЛОВА, Ақбастау негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі Ақбастау ауылы, Кербұлақ ауданы