Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуында мұғалімнің Шеберлігі


4 мая 2012, 23:59 | 1 645 просмотров



Қазіргі уақытта барлық салада даму үздіксіз болуы қажет. Әрине, дамудың негізі білім мен ғылымда екені баршаға аян. Дамыған қай елде болсын білім, ғылым бірінші орынға қойылған.

Білім беруді демакратияландыру, ізгілендіру бағытын дамыту оқыту жүйесін жеке тұлғаның даму заңдылықтарымен сәйкес, үйлесімді ұйымдастырумен тығыз байланысты.

Әр ұстаздың беделі ең алдымен, өзінің жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық қабілетіне байланысты екені анық. Ал «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияларды пайдалана білуіне, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуына іздеу қажет. Бұдан мұғалімнің шығармашылық еңбегінің көрінісі сабақ формаларын түрлендіруінде емес, сол сабақта оқушының жеке тұлға ретін-

де қалыптасуына қосатын үлесінде екенін аңғарамыз. Жеке тұлғаның білімді саналы түрде өздігінен игеруіне жол көрсетіп, шығармашылықпен ізденуіне бағыт беру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне тіккелей байланысты.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін шындаудағы басты бағыттарға тоқталатын болсақ, ол– мыналар:

-Жеке тұлғаның психикалық әрекеттеріне басшылық жасай білу;

-Баланың психологиялық жас ерекшелігін, темперамент, мінез-құлқын ескере білу;

-Оқушының жаңа білім қажеттілігін түсінуіне жол ашу;

-Жеке тұлғаға танымдық мәселені шешуде қиындық келтіретіндей тапсырма беріп, оның ойлау қызметін күшейту;

-Жеке тұлғаның бұрынғы білімдерін байы-

туына көмектесе отырып, проблеманы шешудің ұтымды жолын іздеуге бағыт беру;

-Тапсырманы жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын тұғызатындай деңгейде жүйелі беру;

-Теориялық материалдарды практикамен байланыстыруда жеке тұлғаның дербестігін ескере білу;

-Жеке тұлғаның оқу, тыңдау, өзіндік пікірін білдіру мәдениетін меңгерту;

-Жеке тұлғаның өз жұмысын тексере білуіне, өзгенің еңбегін бағалай білуге назар аудара білу;

-Педагогикалық әдеп және қарым-қатынас мәдениетін ұстана білу.

«Тұлға деген не?» сұраққа келетін болсақ, келесідей жауап туындайды. Адам тұлға болып тумайды. Тұлға әлеуметтік ықпалдар арқылы қалыптасады. Тұлға – белгілі бір сапалар немесе мінез-құлық үлгілерінің жиыны. Немесе, тұлға – өзгелер арасында өзінің позициясын еркін және жауапкершілікпен анықтап алатын және ұстана алатын адам.

Тұлға деп өзіндік бет-бейнесі бар адамды айтады.

Бет-бейне ұғымына тән қасиеттер:

-Ойлау қабілеті дамыған;

-Сезімі, әсерленуі дамыған;

-Өзінің ойлауын, сезімін, әсерленуін үйлесімді игеріп басқара алатын;

-Бастаған істі аяқтап шығатын;

-Өзгелерге нәтижелі көмек бере алатын;

-Өмірдегі қиындықтар мен кемшіліктерін, қауіп-қатерлерді қандай жолмен болмасын жеңе алатын;

-Сараптау, талдау дағдыларын жақсы меңгерген;

-Белсенділігі нақты іспен көрінетін;

-Мінезі ықпалды тартымды;

-Өзінің көзқарасы бойынша әрекет ететін, оны қорғай білетін.

Қазіргі күнде ЮНЕСКО білім мен тәрбие берудің төрт түрлі мақсатын белгілеп беріп отыр. Олар:

1.Тұлғаны өз бетінше білім алуға үйрету;

2.Тұлғаның өз бетінше өмір сүруге үйрете білу;

3.Тұлғаның өзгелермен бірлесіп өмір сүруге үйрету;

4.Тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Осы төрт мақсат біздің білім мен тәрбие беруде үйлесім табуы керек, өйткені Қазақстан әлемдік білім кеңістігіне бет алған мемлекет. Сондықтан тұлғаны қалыптастыру мемлекетіміздің білім беру саясатының философ-

иясы, яғни, мәні болып табылады. Қазіргі «Өзін өзі тану» бағдарламасы осы мақсатта жұмыс жүргізуде. Демек, тәрбие, білім жүйесі балаға, жеке тұлғаны дамытуға бағытталады.

Қорыта айтқанда, тұлғаны дамыту - күрделу үрдіс. Оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның бойындағы ерекше қасиеттерін ажырата біліп, қабілетін дамыту – ұстаз алдындағы басты міндет. Ол үшін ұстаз өз жұмысына берілген, ынталық пен табандылыққа үйренген өз мамандығына құштар болса ғана өз тәжірибесін, құштарлығын, өз сенімін оқушыға жеткізе алады.

Автор:
С.Ч.ЕСЕНОВА, Достық кенті №11 орта мектебінің педагог-психологі Алакөл ауданы