Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қанша артық?


4 мая 2012, 23:59 | 1 797 просмотров


Мақсаты: 1. білімділігі:

«Қанша артық?» ұғымын түсіндіру, мән- мағынасын ашып көрсету. 1-10-ға дейінгі сандар көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін, сандарды салыстыру, есеп шығару дағдыларын нығайту.

2/ дамытушылығы:

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай білуін, өздігінен әрекеттену қабылетін, шығармашылықпен жұмыс істеу қабылеттерін дамыту.

3/ тәрбиелілігі:

Сауатты, көркем,ұқыпты жазуға машықтандыру.

Тапқырлыққа,шапшаң ойлана білуге, ал-ған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Типі: сайыс сабағы

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, жеке жұмыс.

Көрнекілігі: Спорт ойындарының суреттері, кеспе қағаздар, жалаушалар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дене шынықтыру пәндері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а/Оқушыларды және олардың оқу құралдарын түгендеу, сынып даярлығын бағалау.

ә/Мұғалім:

-Балалар, жер бетіндегі ең ақылды кім?

-Адам.

-Сендер де адамсыңдар. Рас, әлі кішірексіңдер. Бірақ сендер ең күшті, ақылды, зерексіңдер. Ендеше біз өз білімімізге сеніп, бүгінгі «қанша артық?» тақырыбындағы қысқы ойын түрлеріне арналған жарыс сабағымызды бастаймыз.

а/- Қазір қай мезгіл?

-Қыс.

-Қыс айларын атаңдаршы?

-Қаңтар, ақпан, желтоқсан

-Былтыр елімізде дәл осы уақытта дүбірлеген үлкен мереке, спорттық ойындар сайысы өтті.

-Қысқы Азия ойындары өтті.

-Бұл жарыста үлкен басымдықпен қай ел жеңіске жетті?

-Қазақстан.

-Ендеше аға-әпкелеріміз секілді біз де жеңісті қолдан бермейік.

-Жарысымыздың мақсаты:/таныстыру/

ә/ Сайыс болған соң топ құруымыз керек. Әр топтың өзіне сай аты болады.Топтарымызды таныстырып өтейік.

Бірінші топ «Алғырлар»

Екінші топ «Тапқырлар»

б/Жарысымыздың шарты: Бірінші және дұрыс орындаған топқа жалауша, дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі. Сабақ соңында жалаушалар мен жұлдызшалар санына байланысты бүгінгі жеңімпаз топ пен үздік оқушы анықталады.

ІІ.Өткенді қайталау.

Білімді тексеру. «Жүгіру» жарысы

а/ Аптада неше күн ?

ә/ Санды немен белгілейміз?

б/ Кесіндіні немен өлшейміз?

в/ Геометриялық фигураларды ата.

г/ Алу амал болса сандар не істейді?

д/ Қанша жыл мезгілі бар?

е/ Қосу амалы болса сандар не істейді?

ж/ Сендерде 5 шар болды, оның екеуі ұшып кетті, неше шар қалды?

ІІІ. Жаңа сабақ

«Футбол» ойыны.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

1,2,3

Біз жинайық күш.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

ІҮ.Ойын «Шаңғы жарысы»

Ауызша есептеу

Ү.«Баскетбол» ойыны

ҮІ. «Хоккей» ойыны

Салыстыру

ҮІІ. Эстафета

3+0=5 0+1=6 6+0=7

0+1=5 3+0=6 3+0=7

1+0=5 4+0=6 0+2=7

ҮІІІ. Демалайық: «Қар лақтырыс» ойыны

5*7 6*2 4*7

3*6 3*7 7*6

ІХ. Қорытындылау

Әр топтағы жалау санына байланысты қай топтың жеңгенін, қай оқушының үздік болғанын анықтап, марапаттау.

Х.Бағалау.

Оқушыларды жұлдызша санына байланысты бағалау.

Автор:
С.Ж.ЕЛЕУСИЗОВА, бастауыш сынып мұғалімі Қарымсақ ауылы Кербұлақ ауданы