Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Көмірдің кереметтері


4 мая 2012, 23:59 | 4 742 просмотра



Мақсаты: а).Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер бойынша алған білімдерін пысықтау, көмірдің кереметі туралы түсінік беру.

ә).Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.

б).Табиғатты сүюге, оның пайдалы, қазыналарың пайдасы мен сырын аша білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: суреттер, көмір, пайдалы қазбалар.

Әдіс тәсілі:сұрақ жауап,әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс:дүниетану

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: Қар ериді, нөсер жаңбыр жауады, артынан. Күн шығады. Бұл қай кез?

Ендеше, осы көктемгі күн біздің сабағымызға нұрын төге берсін деп сабағымызды жақсы өлең жолдарымен бастайық.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі, әрі нәзік, жарық, мейрімді,

Болып кетер, сонда дереу жан жағым.

2.Үй тапсырмасын тексеру. Ойын «Гүл теру» (гүлдердің артындағы сұрақтарға жауап береді).

3. Жаңа сабақ: Алтын деген не (сары түсті металл). Біздің елімізде өте қажет астықты «алтын дән», «алтын астық» дейді.

Ақ ұлпа мақтаны «ақ алтын» дейді,өйткені, одан жіп иіреді, жіптен мата тоқиды, матадан неше түрлі киімдер тігіледі. «ҚАРА АЛТЫН» деген не Неге Қарағанды қаласын «қара алтынның қоймасы » деп атайды. «Қара алтын» - ол көмір. Оның түсі қара болғанымен пайдасы өте мол.

Бүгінгі сабағымызда біз табиғаттың пайдалы қазынасы –көмір жайлы білетін боламыз. Автор жайлы мағлұмат беру.

(Шерхан Мұртаза).

1.Мәтінді оқимын.

2.Оқушыларға оқытамын.

3.Сөздік жұмыс

КӨМІР-өсімдіктің қалдықтарынан пайда болатын, жанатын қатты тас.

ШАХТА-жердің қойнауына жету үшін қазылады. Көмірді жердің астынан қазып алатын жер.

ШОЙЫН-темір мен көмірдің қоспасы. Үлкен» ДОМНА» пешінде қорытады.

ОТЫН, ДӘРІ, МАЙ, МАТА, ДӨҢГЕЛЕК,

КӨМІРДІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР

ПЛАСТМАССА , БОЯУ, ЖАРЫҚ

-Балалар, біздің туған жеріміз, атамекеніміз қай жер (Қазақстан). Біздің жер ұлан байтақ. Сол жеріміздің қойнауы барынша пайдалы қазбаларға бай. Пайдалы қазбалар-жердің астындағы, адамға өте қажет тау жыныстары.

ҚАНДАЙ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БІЛЕСІҢДЕР?

Мұнай, әктас, көмір, темір, мыс, алтын т.б

Біздің өзіміз тұратын жерде не өндіріледі (циолит)

Дәптермен жұмыс 97-жаттығуды орындау.

Сөздердің орындары ауыстырылған. Сөйлем құрап, тыныс белгілерін қояды.

Неше сөйлем құрадық

Шығармашылық тапсырма өлеңнің ал-ғашқы жолдары берілген, көп нүктенің орнына тиісті, ұйқас сөзді тауып жазу керек. Сұрақтар арқылы сабақты қорыту. Бағалау.

Автор:
Г.М.МОЛДАБЕКОВА, Д.Қонаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сарыөзек кенті Кербұлақ ауданы