Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару


4 мая 2012, 23:59 | 2 962 просмотра



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, квадрат теңдеу-

дің түбірлерінің формуласымен Виет теоремасын есептер шығаруда қолдана білу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: теориялық білімнің практикада ұштастыра отырып ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін арт-

тыру, жауапкершілікке, өзіне сенімділікке нәтижеге қол жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест,деңгейлік тапсырмалар.

Қолданатын технология: деңгейлеп саралап оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта. Слайдтар, электронды оқулықтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Ой қозғау

ІҮ. Ойды іске асыру

Ү. Білімді тиянақтау (тест жұмысы)

ҮІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабаққа даярлығын, құрал-жабдықтарының болуын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (проектор арқылы тексеріледі)

ІІІ. Ой қозғау. өткен бөлім бойынша теориялық материалды қайталау.

1.Қандай теңдеуді квадраттық теңдеу дейміз?

2.Толымсыз квадраттық теңдеулер дегеніміз не?

3.Келтірілген квадраттық теңдеу дегеніміз не?

4.Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

5.Теңдеуді шешу дегеніміз не?

6.Виет теоремасы қалай оқылады?

ІҮ.Ойды іске асыру (кітаппен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар)

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

Кітаппен жұмыс (№190, №192, №193, №195 есептер шығару)

Ү. Білімді тиянақтау (тест жұмысы)

1. а=-3, b=8. c=5 болса, онда ах+bx+c=0 теңдеуін жазыңдар.

А) 3х+8х+5=0; Б) -3х+8х-5=0;

С) -3х+8х+5=0; Д) -3х-8х-5=0.

2. -5х+3х+8=0 теңдеуін шешіңдер:

А) 1,6; -1; Б) 1; -1,6; С) 5-; 8; Д) 8; -5.

3. Қай сан х-3х-10=0 теңдеуінің түбірі болады?

А) 5; Б) -4; С) -1; Д) 0.

4. 4х-х+а=0 теңдеуінің бір түбірі 0-ге тең болуы үшін а-ның мәні қандай болу керек?

А) 4; Б) -4; С) -1; Д) 0.

5. Түбірлері және -5 болатын квадрат теңдеу құрыңдар:

А) х+4,5х-2,5; Б) х-4,5х-2,5=0;

С) х+5,5х-25=0; Д) х-4,5х+2,5=0.

6. 24-х=х(х+4) теңдеуін шешіңдер

А) 8; -3; Б) -8; 3; С) -4; 6; Д) (-2; 12).

7. Бір түбірі 7-ге, ал екінші коэффициенті 3-ке тең болатын келтірілген квадрат теңдеулерді жазыңдар.

А) х-3х+4=0; Б) х+3х-4=0;

С) х+3х+70=0; Д) х+3х-70=0.

8. q-дың қандай мәнінде х+6х+ q=0 теңдеуінің тек бір ғана түбірі бар болады?

А) 5; Б) 6; С) 9; Д) 7.

Жауабы:

ҮІ Үйге тапсырма.

Автор:
А.Е.ҚҰРСАҚБАЕВА, «Жанама қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»мемлекеттік мекемесі математика пәнінің мұғалімі Жанама ауылы, Алакөл ауданы