4 мая 2012, 23:59 | 3 951 просмотр
Бастауыш сыныпта бір мұғалімге (негізгі пәндерден) үйреніп, тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа (әр пән мұғаліміне) бірден үйрене алмай, оқу үлгерімі де төмендейтіні белгілі. Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін беріп келеді.
Сабақтастық оқушының ерекше алға білімін, дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерінің, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі. Сондықтан мектепте оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде-ақ сабақтастықтың мәселесі қаралып, төртінші сыныптың оқу-тәрбие жұмысына қатысу, оған басшылық ету жайлы жоспарланады.
Оқу жылының ІІ, ІІІ тоқсанынан бастап 4-сыныптарда өтілетін барлық ашық сабақтарға, тоқсанда бір рет алынатын мектепшілік бақылау-тексеру жұмыстарын өткізу және оны талдауда сәуір айында өткізілетін 4-сыныптарда сабақтастық дағдысын тексеруде орта буында сабақ беретін пән мұғалімдері қатыстырып отырылады. Сонымен қатар орта буында сабақ беретін пән мұғалімдері бұйрықпен бекітіліп, 4-сыныптарда сабақтастыққа байланысты аптасына бір рет сабақ өткізеді.
5-сыныпқа келгенде бастауыш сынып мұғалімі жаңа сынып жетекшісіне оқушылары туралы толық мінездеме беріп, І, ІІ тоқсан бойы сабақтарына қатысып пән мұғалімдерімен байланыста болып отырады.
Әр пән мұғаліміне әдістемелік кеңесте бекітілген нұсқау үлгісі беріледі. Оның үлгісі төмендегідей:
І. Оқушыны зерттей білу, оқушының жұмыс қабілеті, білім көрсеткіші, дағдысы, оқушы ерекшелігінің ескерілуі, сыныптан тыс шараларға сынып оқушыларының қатысуы, ата-ана мен сынып мұғалімінің жұмысы.
ІІ. Әрбір пән бойынша мемлекеттік оқу стандарты талабына сай бастауыш сынып оқушысының біліктілігі мен білімділік дағдысын анықтау:
Өмір шындығын оқушыларға көркем әдебиеті құралдары арқылы көрсету. Соның негізінде оқушының ой-өрісін, қиялын, эстетикалық адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру. Оқыған әңгіме мазмұнын өз сөзімен қысқаша немесе толық айтып беруге дайын мәтін, сюжетті картина бойынша керекті сөздерді пайдалана отырып өздігінен жазба жұмыстарын орындауға үйрету. Сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқуға, кітаппен, мәтінмен жұмыс істеуге үйрету.
ІІІ. Математика сабағы бойынша: есептей білу дағдыларын қалыптастыру, есеп шығару қабілетінің, логикалық ойлау қабілетінің дамуы, көп таңбалы сандарды оқуы, жазуы, амалдар тәртібін, көбейту кестесін, өрнектерді салыстыру және геометриялық материалдарды меңгеру деңгейі және т.б.
Сабақтастық жұмыстары оқушының білімін, оқу-тәрбие жұмысын, тәрбиелік біліктілігін жоғарылату дағдысын арттырады.