Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Интеллектуалды ойын сабақ


4 мая 2012, 23:59 | 2 625 просмотров



Білімділік мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өткен материалды қалай меңгергенін қайталау, білімін бекі-

ту.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың танымдық әрекеттерін дамыта отырып, дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз бетімен ойын жеткізе білуге, білімділікке, табиғатты қорғауға, өзін-өзі тануға, ұқыптылыққа, жүйріктілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: «интеллектуальды ойын» арқылы жүргізілетін аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,уақыт үнемдеу әдісімен топтық жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, суреттер.

Сабақтың құрылымы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Ә) Топқа бөлу. 1-топ: «Қыран», 2-топ: «Сұңқар». Әр топ өз ұранын айту.

Б) Ойын тәртібімен таныстыру(уақытты үнемдей отырып, әр топ оқушылары әр пән бойынша өзі таңдаған сұрақтарға шапшаң, дұрыс, толық жауап беру керек.)

2.Өткен сабақтан алған білімдерін қайталау, бекіту үшін жүргізілетін ойын түрлері.

А) «Тайғақтас»

Ә) «Ұшқыр»

Б) «Зырылдақ»

В) «Қиын қия»

Г) «Қолмерген»

3.Қорытынды.4.Үйге тапсырма.

Интерактивті тақтада ойын түрлері, тапсырмалары ретімен слайд арқылы көрсетіліп отырады. Ойын тәртібі:уақытты үнемдей отырып, әр топ оқушылары әр пән бойынша өзі таңдаған сұрақтарға шапшаң,дұрыс,толық жауап беру керек.)

1)«Тайғақтас». Математика. Дұрыс жауап арқылы кітаптар жинау.

2)«Ұшқыр».Дүниетану. Уақыт арқылы ой ұшқырлығын тексеру.

3)«Зырылдақ». Ана тілі.Дұрыс жауапқа сұрақ астынан ақын суреті шығады.

4)«Қиын қия».Қазақ тілі. Дұрыс жауап нысанаға дәл тиді деп есептеледі.

5)«Қолмерген».Өзін-өзі тану.Осы тарау бойынша қандай даналық сөз білесің?

Қорытынды: «Жүзден жүйрік» өлеңін айту.

Үйге тапсырма.

Автор:
Н.ҚОҢЫРҚҰЛЖАНОВА «Жанама қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Жанама ауылы, Алакөл ауданы