4 мая 2012, 23:59 | 1 773 просмотра
Биыл Павлодар облысының мектептерінде ескірген компьютерлерді жаппай ауыстыру басталады, деп хабарлады білім беру басқармасынан.
Электрондық сыныптарды жаңартуға демеушілер атсалысады - өңірде «Мектепке компьютер сыйла» акциясы жарияланды.
Бүгінгі күні облыстың 416 мектебінің 412-сі компьютерлендірілген. Облыста бір электрондық есептеу машинасына орташа алғанда 12 оқушыдан, ал ауылдық жерде - 6,2 оқушыдан келеді.
Техникалық және кәсіби білім беретін барлық 55 ұйым компьютерлермен жабдықталған. Мұнда бір компьютерге - жеті, ауылдық жерлерде - бес адамнан келеді.
Облыстың 416 мектебінің 404-і (97,1 пайызы) интернетке қосылған, соның ішінде 319 ауылдық мектеп бар. «Әлемдік ғаламторға» сондай-ақ, кәсіби білім беретін барлық мекеме қосылған.
Кең жолақты интернетке 192 мектеп қосулы, олардың 134-і жылдамдығы жоғары ADSL модемдерін қолданады.
2012-2013 жылдары аймақтың 44 мектебінде электрондық оқыту жүйесін қабылданатын болады.