11 мая 2012, 00:46 | 1 605 просмотров
«Ілияс оқулары» бүгінде кең қанат жайған байқаулар санатында. Бұл оқуларда оқушылар ақын шағармашылығын өз бетінше жаңа қырынан тыңдармандарына таныта алу мүмкіндігіне ие болады. Ұлы Абай: «Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұған артында сөз қалдырған» деген даналығы ақиық ақын Илияс Жансүгіровқа айтылған ба дерсің осындай да.
Байқаудың мақсаты жайына тоқталар болсақ, қаланың жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында І.Жансүгіров шығармаларын насихаттау.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын,тума талант,табиғи дарындарын анықтау,
Оқушылардың поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Ілиястың прозалық, драматургиялық шығармаларымен және ғылыми зерттеулерімен танысып,ол туралы өз ой – пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру.
Жас ақындарға әлеуметтік – рухани қолдау көрсетіп,олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру болып табылады.
Соның айғағы, жуырда облыс орталығы Талдықорған қаласы мектептері оқушыларының арасында өткен қалалық «І.Жансүгіров» оқулары. Бұл өнер сайысына қала мектептерінен 20 оқушы қатысып, бақ сынасты. Байқаудың шарты бойынша қатысушы І.Жансүгіровтің 1 прозалық немесе поэзиялық шығармасын таңдап алып, шығарма немесе жазбаша талдау жасады.
«Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін» атты екінші сынақта талапкерлер І.Жансүгіровтің 1 өлеңін жатқа мәнерлеп оқыды.
«Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» сайысында талапкер өзінің төл шығармасымен таныстырады. Ал соңғы төртінші «Үмітке мініп жүр көңіл» турда талапкер І.Жансүгіровтің прозалық шығармасынан немесе драматургиясынан үзінді оқыды.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, сайысқа түскен үміткерлер арасында №4,2,7,19,5 орта мектептердің оқушылары әр тур бойынша тиесілі жүлделі орындарды иеленсе, Е.Берліқожа-ұлы атындағы №11орта мектептің 10 сынып оқушысы Сламбекова Мадина бас жүлдеге ие болды. Ол облыстық байқауға жолдама алды. Байқауға І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің оқытушысы, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ілиястанушы М.Инангазинов, «Білім шапағаты» газетінің бас редакторы Н.Нұрлыбеков, Талдықорған қаласындағы мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Н.Бексұлтанова, қалалық ғылыми-әдістеме кабинетінің меңгерушісі Е.Н.Ескендіров әділ қазылық етті. Жүлдегерлер төрелік еткен аға-апайларының қолдарынан марапатқа ие болып, ізгі тілектерін алды.