11 мая 2012, 00:51 | 2 238 просмотров
Мақсаты: 1. Оқушылардың Конституциясы бойынша білгендерін қайталап еске түсіру, заңгер ретінде өз сөзін қорғай білуге үйрету.
2. Құқықтық тәрбие арқылы адамның бойында заңға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастыру.
3. Құқықты оқыту жолымен заң жөніндегі білімін дамыту, заңды құрметтеу, орындау арқылы мемлекеттің іргетасы мызғымас берік болып қалатынын түсіндіру.
Сабақтың түрі: Ойын- жарыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі.
Көрнекілік: газет – журналдар, плакат, қанатты сөздер.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.
б) сабаққа қажетті заттарды әзірлеу.
ІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар «Мирас» және «Қыран» топтарына бөлініп, топ жетекшілері тағайындалады.
Мұғалім: Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз, ҚР –ның Конституциясы бойынша және Қылмастық Кодекс бойынша өткенімізді қайталау. Ойын түрінде, дебат- жарыс түрінде, рөлдік ойындар түрінде өз сабағымызды бастаймыз. Жарыс болған соң жеңімпаз болады, сондықтан арнайы 1 топ, 2 топ деп конверт жапсырылған. Кім дұрыс айтып, ұпай алған кезінде өз тобына 1 ашық хат қағазын салып қоюы керек. Сөтіп, жеңімпаз топ өзі белгілі болады. Ал әр топ мүшесінің дұрыс жауап беріп, ұпай алуын топ жетекшісі белгілеп отырады.
1.2 топқа ауызша сұрақтар қою арқылы жарыс- сабағымызды бастаймыз.
«Мирас» тобына.
1.«Конституция» деген сөздің аудармасы қалай?
2.Қазақ тарихында қабылдаған қандай заңдарды білесіз?
3.Дүние жүзіндегі елдердің мемлекеттік құрылысы?
«Қыран» тобына.
Мемлекет, Құқық, Заң.
Берілген сөздер бойынша сөйлем құру.
2.Үй тапсырмасы бойынша: Әр топ дайын-
дап келген сөз жұмбақтарын алмасып, шешуге кірісу( мемлекет, конституция)
«Қыран» тобына: 15 жасар Г. өзінің ауласында қаңтар айында қыз туды, тірі, жетілген, өмір сүруге толық жағдайы бар. Өлсін деген ниетпен анасы оны аулаға тастайды. Ертесінде баланы ауладағы қоқыстың астына көміп тастады. Г-ның іс- әрекетін сарала, қылмыстық бапты тап.(275 бап, 97 бет)
«Мирас» тобына. Кешке қарай 3 жоғары сынып оқушысы еріккенен мотоциклдеріне мініп, зиратқа келді. Біреуі: «кемпір шалдарды қорқытайық таңертең бір айғайласын»- деді. Бұл бәріне ұнады. Бірнеше крестерді қазып алып, түн ортасында кәрі адамдардың есік алдына қойды. Расында ойлары орындалып, кәрі адамдарды қорқытты. Бұл қылмыс па. Балалық па?(275 бап, 97 бет)
«Қыран» тобына. Медетті қаңғып жүрген жерінен тапқан.Үйіне әкелгенде әкесі: «баламды бағуға жағдайым жоқ, балалар үйіне беруге рұқсатымды беремін»,- деп қолхат жазып берді. Медеттің құжаттарын дайындап жат-қанда әкесінің інісі баланы өз қарауына беруін сұрап өтініш жазады....
Істі ары қарай жалғастыр. (НЖО, 101 бап)
«Мирас» тобына. Газеттен мынадай мақала оқуға тура келді. «Түрлі діндер еліміздің болашағының іргетасын, бірлігін шайқалтуда. Дінге деген еркіндіктен тапқан пайдмыздың сорақы түрі мынау: бір отбасында әкесі- Мұсылман, шешесі Исаға қарап, қызы-Кришина болып іріп жатқандар бар».
Менің айтарым: мемлекет бір дінді мойындап басқасына шектеу қоюы керек. Дұрыс айта ма, бұрыс айта ма?(19 бап, 20 бап, Құқ. Хрестом)
3-тапсырма бойынша сөз жұмбақты кім дұрыс шешкені тексеріледі.
«Мирас» тобына Данияр биыл мектепті бітірген болатын. Президенттік сайлауға қатынаса алмады. Өйткені, оған ешбір шақыру қағазы да келмеді. Сондықтан ол «Мен республика азаматы емеспін» деп ойлады. Жауап бер.
«Қыран» тобына Ержанның бала күннен арманы жеңіл машина жүргізу болатын. Мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түскен Ержан-
ға әкесі мшина сыйлады. Алайда бірер айдан соң МАЙ қызметкерлері жүргізу куәлігі бола тұрса да, ешбір жол ережелерін бұзғаны байқалмаса да ескерту жасады.....
4- қосымша сұрақтар беруге болады.
1-топ. Міне, балалар бүгінгі сабаағымызда ҚР-ның Конституциясы, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс баптары бойынша өз білетіндерімізді (Кодекс баптары бойынша өз білітінімізді) жарыс, дебат түрлерімен, сөзжұмбақ шешумен көрсете білдік.Сендерден болашақта заңгер, заңгер болмаса да өз құқығын қорғай алатын азамат шығатынына мен сенемін.
Үйге тапсырма: Тапсырмалық іс бойынша қылмыстық кодекстің баптарымен жұмыс, баптарды дәлелдеу.