Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Аңыз әңгімелер


11 мая 2012, 00:56 | 6 697 просмотров



Сабақтың мақсаты:

1. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына , іс-әрекетіне байланысты екенін ұғындыру;

2. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту, ізденушілік белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3.Аңыз әңгімелер арқылы Ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Аңыз әңгімелер, нақыл сөздер, сызбалар,ребус, бүктемелер, интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың түрі: қалыптан тыс, жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, сахналық шағын көрініс.

Технология: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Сынып екі топқа бөлінген, топ бойынша жұмыс жүргізіледі.

1- топ «Мұрагер»

2- топ «Асыл қазына»

І. «Қызыушылықты ояту» стратегиясы

Тренинг сабақтары бойынша жылдам ойлау қабілетін дамыту үшін «Миға шабуыл» әдісі қолданылады.Әр топқа сұрақтар оқылып, тез жауап қайтарулары қажет.

1-топ

1. Ертегі дегеніміз не ?

2.Қиял-ғажайып ертегілеріне тән ерекшіліктерді ата.

3.Ертегілерде түлкі қалай суреттеледі ?

4.Ертегілер қалай басталады?

2-топ

1.Ертегілердің неше түрі бар?

2.Хайуанаттар туралы қандай ертегілерді білесіңдер?

3.Тұрмыс-салт ертегілерінде кімдер суреттеледі?

4.Ертегілер қалай аяқталады?

ІІ. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушылар алған білімдерін іс жүзінде көрсетеді. Аңыз әңгімелерді талдап, кейіпкерлерге мінездеме береді.

1-топ. «Асан қайғы», «Қорқыт», «Жиренше шешен»

2-топ. «Алдар көсе», «Қожанасыр».

ІІІ. «Тумалы бейне» стратегиясы.

Оқушылар аңыз әңгімелерге жан бітіре отырып орындау. Маңызы: оқушыларды тіл көркемдігіне, қимыл көркемдігіне тәрбиелеу.

1-топ. «Жиренше шешен»

2-топ. «Алдар көсе»

ІҮ. Венн диаграммасы –екі нәрсені салыстыра отырып, ортақ ерекшеліктерін табу.

1. Ертегілер Аңыз әңгімелер

2. Жиренше Хан

3. Алдар көсе Шығайбай

Ү. «Тапқырлық» стратегиясы

Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Ребус шешу. «Аңыз анасы - шындық».

ҮІ. Шағын тест.

1.Аңыз әңгімелердің өзіне тән ерекшелігін табыңыз.

А) Аңыз таза қиял-ғажайып дүниеден тұрады.

Б) Аңыз әңгіме тек тарихи шындыққа құралады.

С) Аңыз тек бір нұсқалы болады.

Д) Аңызда қиял элементі мүлде болмайды.

Е) Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.

2.Жиреншенің ақыл айтушы серігі кім екенін белгілеңіз.

А) Хан

Б) Қожанасыр

С) Алдар көсе

Д) Қарашаш

Е) Уәзір

3.Отынына шапанын жауып, ығына өзі отырып, жауында су болмаған аңыз кейіпкері кім ?

А) Меңдіқыз

Б) Данагүл

С) Мақтагүл

Д) Қарашаш

Е) Зейнеп

4.Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.

А) Асан қайғы

Б)Жиренше

С)Жиембет

Д)Доспамбет

Е(Қазтуған

5.Қазақ аңыздарындағы кейіпкерді көрсетіңіз.

А) Ерназар

Б) Ер Тарғын

С) Қорқыт

Д) Шойынқұлақ

Е) Ер Төстік

Оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма.

«Аңыз әңгімелер – халық даналығы» тақырыбына шығарма жазу.

Автор:
Алма НҰҒМАНОВА Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақсу ауданы