Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілері


11 мая 2012, 00:58 | 3 042 просмотра


Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: Оқушыларды берілген санның цифрларының қосындысына қарап, оның 3-ке, 9-ға бөлінетіндігін ажырата білуге үйрету; натурал сандардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгісінің тұжырымдамасын айта білуге дағдыландыру;

3-ке және 9-ға бөлінетін көп таңбалы сандар-

ға мысал келтіре білуге үйрету.

2) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту; сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

3)Тәрбиелік. Оқушыларды еңбекке, тапқырлыққа, тыныштық сақтауға, ізденімпаздыққа, өз пікірін айқындауға, өзара ынтымақтастыққа, тәртіпке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: оқулық, интерактивті тақта, кес-

телер, «Математикалық турнир» тапсырмалары

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептер шығару, тапсырмалар беру

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-сәлемдесу сәті, оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Берілген жаттығуларды қатар аралап тексеру;

Оқушылардан сұрақ -жауап арқылы тексеру.

ІІІ.Өткен тақырыпты қайталау: (интерактивті тақта бойынша беріледі)

1) Математикалық диктант:

1)Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар...........

2)Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар..........

3)...........жұп цифрлар деп атайды

4).......... тақ цифрлар деп атайды

5)Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар....

2) Қандай сандар 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінеді?

(интерактивті тақтадағы ұяшықтарды толтыру)

IV. Жаңа тақырыпты өту:

Мұғалім: Берілген санның 3-ке, 9-ға бөлінетіндігін бөлінбейтіндігін бөлу амалын орындамай да анықтауға болады.

3-ке бөлінгіштік белгісі

Қосындының берілген санға бөлінгіштігін пайдаланып, санның 3-ке бөлінгіштігін анықтайық.

9-ға бөлінгіштік белгісі.

Қосындының берілген санға бөлінгіштігін пайдаланып, санның 9-ға бөлінгіштігін анықтайық.

9 саны 3-ке бөлінетіндіктен, 9-ға бөлінетін сандардың барлығы да 3-ке бөлінеді.

V.Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі: жаттығуларға шолу:

№235, № 236 -жаттығулар ауызша есептеуге пайдалана білуге арналған;

№237, № 238- жаттығулар берілген сандардың цифрларының қосындысы бойынша, олардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштігін үйрету үшін берілген;

№246. Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып;

1) 9-ға еселік санды;

2) 3-ке еселік сандардың ең кішісін жазыңжар:

Жауабы:

1)567; 279; 873; 882; 936; 468;

2)3-ке еселік сандардың ең кішісі: 267; 219; 870;822; 906; 462..

Оқушылардың білімдерін пысықтау үшін «Математикалық турнир» өткіземін.

Ол үшін сынып оқушыларын екі командаға бөліп, әрбір командаға

2-жеңіл есеп пен 5-6 мысал беріледі. (Әрбір командаға күрделі емес жаттығулар беріліп, команда капитандары сайланады. Команда мүшелері берілген есептерді дәптерлеріне шығарып дайындайды, бір-біріне түсіндіріп көмектеседі, сынып тыныштығы сақталу керек).1-ші және 2-команда капитандары ортаға шығып, қарсылас командадан 1 оқушыны ортаға шақырады. Осылайша келесі оқушылар тақтаға шығып, 2,3,4-тапсырмалар алмастырылып шығарылады. Қарсыластарынан түскен тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға баға қойылады.

Командалардағы жеңген оқушылар саны бойынша

«Озат команда» аты беріледі.)

VII. Бағалау кезеңі:

Оқушылар білімін бағалау

VIII.Үй жұмысын беру

Автор:
Г.Б.ҚҰРМАНАЕВА, Сарыбұлақ орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен математика және информатика пәнінің мұғалімі, Кербұлақ ауданы