Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі


11 мая 2012, 01:29 | 4 274 просмотра



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім, түсінік беріп, ұғымдар қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, тыныс алу мүшелерінің макеті, модельдері, суреттері, слайдтар

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту, шығармашылық сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті оқыту, түсіндіру, сызба-нұсқа, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік, Insert кестесі

Пәнаралық байланыстар: Химия, ағылшын, салауат-

тану, экология

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

II.Үй тапсырмасын сұрау

1-кезең: «Көкпар»

1. Қанайналым жүйесі дегеніміз не? Қандай мүшелер жатады?

2. Қантамырлары неше топқа бөлінеді?

3. Жүрек неше қуысты, қабырғасы неше қабаттан тұрады?

4. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі қалай аталады? Қалай білуге болады

5. Қанның қанайналым шеңберімен ағатынын ашқан ағылшын ғалымы?

6. Мынау қандай аурудың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсеңдейді.

2-кезең: «Полиглот»

1.Ешбір техникамен алмастыруға болмайтын моторлы қызмет атқаратын мүше?

2.Көптеген ұлпалардың жиынтығынан не құралады? Мысалы бұлшықет және дәнекер ұлпасынан тұратын қанайналым .........

3. Жүрек кемістігі (порок) жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болатын жұрек-қантамырларының ….?

4. Дәнекер ұлпасының сұйық түріне немесе ағзаның ішкі ортасына не жатады?

5.Жүректің сол жақ қарыншасынан басталып дене жасушаларына жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталып, қанды бүкіл денеге таратып, қайтадан жүрекке әкелетін қанайналым шеңбері

6.Жүректің оң жақ қарыншасынан басталып өкпеге жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталатын қанайналым шеңбері

7. Лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болатын, тек қана рентген сәулесі, радиоактивті элементтердің көмегімен емдейтін жүрек-қантамырларының ауруы

8. Қай қантамыр оттекпен қаныққан? Себебі біз не арқылы тыныс аламыз?

9.Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайтын қантамыр?

10. Қандай да болмасын аурудың алдын алу үшін әр адам нені сақтап, ұстану қажет?

III Жаңа сабақ

•Тыныс алудың маңызы

•Тыныс алу мүшелерінің құрылысы

•Тыныс алу мүшелерінің қызметі

IV. Бекіту

«Ойлан, тап!» кезеңі.

Тыныс алу жүйесінің мүшелерін сызба-нұсқа түрінде сызып, макеттен орналасуы мен құрылысын түсіндіріп өтіңдер

V.Бағалау

VI.Үйге тапсырма беру

Автор:
З.ҚҰТПАНБАЕВА, Сарыөзек орта мектебі биология пәнінің мұғалімі. Кербұлақ ауданы