Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматы облысы Талдықорған қаласы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М.Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің 20 жылдығына арналады --- МҰҒАЛІМНІҢ ӘДІЛ СЫНШЫСЫ - БІЛІМДІ ОҚУШЫСЫ


11 мая 2012, 01:43 | 3 154 просмотра



Атақты педагог-ғалым В.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген. Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар. Сондай жанның бірі - Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы № 24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Мұратбекова Тамара Ибрагимқызы.

Лицей ашылғаннан бері дарынды оқушыларға ағылшын тілінен 20 жыл үздіксіз білім беруде. Тамара Ибрагимқызы «АКСЕЛС» конкурсының 5 мәрте грант иегері, 1996 жылы Флорида штатында, 2003 жылы Оңтүстік Каролина, Колумбия Университетінде кәсіби шеберлігін көтеріп қайтты. 1994-2004 оқу жылдары АҚШ-тың Бейбітшілік Корпусының 10 жылдық бағдарламасы бойынша американдық волонтерлар біздің лицейде жұмыс атқарды. Дайана , Рон Сайбл, Кристина, Мэри Лоренстің келіп сабақ бергені, оқушыларымыздың ағылшын тілінде еркін сөйлеп үйренуіне мол әсер етті. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалім күнделікті сабақтарында жаңа технология үрдістерінің талабымен оқушы білім беруде мақсатқа жету, оқушының іс-әрекет арқылы ойлау дағдыларын танып, белгілерін арттыра отырып, сабақтың үш мақсатын жүзеге асыруға қол жеткізе біледі. Олимпиадаға дайындық барысында Тамара Ибрагимқызы оқушының жеке бас ерекшіліктерін айқындау жолында дидактикалық оқыту қызметтерін, яғни, білім алу деңгейімен іскерлік дағдылары, іске деген қабілеттілігі, еңбек сүйгіштігі, өз бетінше танып білу деңгейі мен белсенділігін есепке алады. Ағылшын тілі сабақтарында жеке оқушыға бағытталған тапсырмалар, жобалау әдісін ұтымды пайдаланады. Ол оқушыны іздендіріп, ынта қойып оқуға жаттықтырады , келешекте құзырлы маман болуына әсер етеді.

«Лицей мәртебесі шәкірттерімен асқақтайды» дегендей шет елдерге осы білім ордасының даңқын шығаратын ұстаздың шәкірттері жыл сайын «FLEX»бағдарламасы бойынша өткізілетін байқауға қатысып, жоғарғы деңгейдегі сапа дәрежесін көрсетуде. 1999 жылынан бастап бүгінгі күнге дейін 13 оқушы халық-

аралық байқаудың жеңімпазы атанып, АҚШ –та тегін білім алуға жолдама алды. Сонымен қатар «Болашақ» халықаралық бағдарламасының грант иегерлерін Г.Төлегенова , Қ.Бозымбекова, А.Ойшынов, А.Садықова, Б.Мылтықбаев, М.Кенжеғаранова, Ә.Әжмағанбет-ова, А.Төреғожина шет елде білім алып жатса, «АКСЕЛС» бағдарламасының жеңімпаздары З.Альбосынова, Р.Бектұров, Ж.Мұсаханова, Қ.Бозымбекова, Д. Жұмықбаева, А. Садықова, А.Еркінова, А.Жанымханов, А.Шарипов, А.Өмірбеков, Е.Смағұлов, А.Айтқожа АҚШ-та тегін білім алды. Ағылшын тілі пән олимпиадасының қалалық жеңімпаздары М.Есімханов, А.Төреғожина, Ә.Нүсіпқожан-ова, Г.Әбішева 2007 жылы І орынды қоржындарына салса, облыстық ағылшын тілі пән олимпиадасының жүлдегері Ә.Әжмағанбет-ова ІІІ-орын, А.Қожахметова ІІ-орын иеленіп, республикадан А.Қожахметова ІІ-орын, А. Әжмағанбетова ІІ-орын, А.Еркінова ІІІ-орын, А. Көлдейбаева І-орын, А.Өмірбеков ІІ-орын, А.Нұрбосынова ІІІ орынды иеленіп, лицей мәртебесін үстем етті. Биылғы оқу жылында 11ә сынып оқушысы Нұрқуатова Сәния республикалық ағылшын тілі пән олимпиадасынан ІІІ орынды жеңіп алды. Қазіргі күннің өзінде қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздарын тәрбиелеп жатса, қаншама шәкірттері әлемнің түпкір-түпкірінде өз мамандықтарының шебері атануда. Мысалға, ұстаз шәкірті

Ойшынов Азамат - тұңғыш «Алтын белгі» иегері, Гарвард университетін бітіріп, бүгінде, «Самрұқ-қазына инвест» қорында, халық-аралық қатынастар бөлімінің төрағасы. Бек-тұров Ренат- тұңғыш алтын белгі иегері, ағылшын тілінен Хорватияда өткен халықаралық «Дебат» пікір-сайысының үздік спикері атағына ие болған, лицей драма үйірмесінің белсенді мүшесінің бірі, «Акселс » бағдарламасының жеңімпазы атанып, АҚШ-та бір жыл тегін білім алды. Ренат бүгінгі күні Қазақстан Даму Банкінің, қазынашылық бөлімінің бас менеджері. Альбосынова Зауре- тұңғыш «Акселс» бағдарламасы бойынша шетелде 1 жыл оқып, тегін білімін алды.Кенжеғаранова Мадина- 1997 жылы лицей мұғалімдерінің ұжымы мен оқушыларының қолдауымен дауысқа түсіп, оқушылар арасынан лицей республикасының президенті болып атанды. АҚШ-та магистратурасын үздік бітіріп, қазір КИМЕП-те проректор қызметін атқаруда.

Бойында ерекше қасиетімен танылатын, жаңалыққа жаны құмар Әжмағанбетова Әмина өз білімін Англияда жалғастыруда.

Ұстаздың оқушылары Назарбаев Университетінде грант бойынша ағылшын тілінде білім алуда: Көлдебаева Арай, Өмірбек Азат, Жанымханов Айдос, Нұрбосынова Айжан, Оңғарбекова Ақерке, Төленбеков Қайрат, Оспанова Әсел. Әрине, осындай көрсеткіштерге жету- сапалы білімнің берілуде тәжірибелі де ұлағатты ұстаздың үлесі өте көп.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, шәкірттерінің ыстық ықыласына әрдайым бөленіп жүрген Тамара Ибрагимқызының еңбегі зор, сондықтан оқушылары құрметтейді, ұжымында қадірлі, жас ұстаздар сыйлайды, қатарластары үлгі тұтады.

Осындай жетістікке жеткізе алған «Ұстазын қарап шәкіртін таны» демекші тәжірибесі мол Мұратбекова Тамара Ибрагимқызынан үлгі алған ұстаздар - Дәрібаева Ардақ Көпжасарқызы, Омарбекова Мейрамгүл Сейтжан-қызы, Мұхаметшарова Айгүл Қанатбекқызы, Асылбекова Гаухар Өміржанқызы, Шаймерденова Назгүл Сағынайқызы өз нәтижелерін дәлелдеуде. Өнегелі ұстаз үнемі дарынды оқушыны олимпиадаға дайындауға, жеке оқушыға бағытталған бағдарламасын құруда өз ақыл-кеңесін беруде. Лицейге жаңа келген Ануар Әсел Болатқызы, Кенжетаева Әсел Серікболатқызы, Бекбаева Жадыра Мырзабайқызы, Исаева Мақпал Бахытсұлтанқызы өз еңбек жолдарын осы қасиетті білім ордасынан бастады. Ұстаз-азаматтың бейнесін, өткенін ұмытпайтын, жаңаны жатырқамайтын елгезек ұстаздың бейнесін көреміз.

Ұстаз болып өмір жолын бастадым,

Ақ қағазға сырын төкті жас жаным.

Бар арманым ұрпақ үшін тер төгу,

Бір сол үшін қиындықтан қашпадым,-

дегендей, Тамара Ибрагимқызы осы білім шаңырағында ұстаздық еткен 20 жыл белесінде шығар биігіне талмай талпынып, қажымай тер төгіп келеді. Ендеше қаншама шәкірт қолына бақыт кілтін ұстатқан Тамара Ибрагимқызын бақытты жан деуге болады.

Біз осындай шәкірттер дайындаған ұстаз-

ымызды, ұстаз еңбегін биіктен көрсеткен шәкірттерімізді мақтан етеміз.

Автор:
А.К.ДӘРІБАЕВА, директордың ағылшын тілі бойынша орынбасары