Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛУ ЕЛ»


18 мая 2012, 00:59 | 2 900 просмотров



Мақсаты: Төрткүл дүниедегі құндылықтар мен жетістіктерге қол жеткізген еңсесі биік елу ел жайлы оқушылардың түсінігін қалыптастыру және гүлденген Қазақстанның болашағына із қалдыру үшін «Мен не істей аламын?» деген сауалға жауап іздестіру.

Сабақтың түрі: Cаяси сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, тарих, музыка, әдебиет, география, физика, химия, информатика, ағылшын тілі,саясаттану, мәдениеттану, философия.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақпарат құралдары, кітап көрмесі, глобус, дүниежүзінің саяси картасы, нақыл сөздер.

Сабақ барысы

Мұғалім: Құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Еңсесі биік елу ел», «Еңсең ешқашан түспесін» дей келе, еңсеміз әрқашан таудай биік болсын, туған ел!!!

Енді бір сәтке мына дүниежүзінің картасына мән берейікші. Балалар, біз сыныпта 13 оқушы оқимыз. Ия, балалар!

-Ия!

-Сендер армандайсыңдар ма?

-Ия!

-«Арманға қанат бітсе,

Қияға жетелейді» демекші, кейде жалғыз өздерінің отырғанда бір нәрсені қиялдап, қалықтап кеткен сәттерің болды ма?

-Ия!!!

-Онда дәл қазір мынадай бір нәрсені көз алдымызға елестетіп образға кіріп көрейікші?!

Сендер қазір осы ауылда 11 жыл бірге оқыдыңдар. Одан соң барлығың оқу соңынан қалада немесе саяхат құрып көңіл көтерудесіңдер. Әйтсе де 20 жылдық кездесуге келулерің керексіңдер. Сонда ауылдағы әкім болып жүрген Гүлнұр АҚШ-қа кеткен Назеркені шақыртады. Назерке Австралия да жүрген Мадинаны кездесуге келуін өтінеді. Ал Мадина Кореяда оқып жүрген Айсұлу мен Балжанға бар жаңалықты айтады. Бұны естіп қуанған Балжан сық-сық күліп Айгүлге, Райсоваға, Құрметжановаға, Арнайға, Асуланға, Дастанға телефон шалып 25 мамыр күні қазақ тілі кабинетінде Сарсеновамен кездесуге шақырады. Әрине бұған бәрің келісесіңдер.

Сонда менің айтпағым бір-бірлерін 20 жыл көрмеген сыныптастар қалай, Ия, қалай жүздеспекшісіңдер? Кәне көрсетейікші?!

(Бір-бірімен қол алысып, құшақтасып, қуанып, тәтейлерін құрметтеп қауышып қалады).

-Апай, сіз қазір өзіңіз қай жерде жүрсіз?

-Охоу! Мен сонау ел кезіп, Мысыр елінен кемеге отырып Үнді мұхитын жүзіп, Атлантты кешіп, Тынықты басып Экводорға аялдадым. Жанындағы көрші ел Колумбияға келіп ылғалды орман сельваны еңбекпен жүріп, Амазонкадан анаконданы көріп, Манауста қонақта болып, Бразилияның карнавалында жүргенімде ұялы телефоным «шыр» ете қалды. Телефонымды қолға алсам біздің Алия екен. Ол мені осы жерге шақырды. Ал мен бас тарта алмадым. Өйткені елу елді араласам да Қазақстанға, оның ішінде Қызылтуға жетер еш жер жоқ екен, балалар!!

Мұғалім: Балалар, осы бір сәттік арманның ішінде серігіп, қанып қалдық қой, ия!

-Ия!

-Сонда бұл арманға жету үшін не жасасақ болады? Кім қалай ойлайды?

-(оқушы жауабы) Білім керек...

-2-оқушы жауабы.

Мынау сенсің, мынау сенің арманың. Ал анау үлкен кедергі. Ол кедергіні басып өту үшін сен шаршамайсың, уақытың өтеді. Сол себептен де жастайыңнан білім алып, оны шыңдап зор, зор, зор арманға ұластыруың керек. Яғни проблемадан да үлкен арман қажет.

-3-оқушы: Сонда «Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» демекшісің? Ия, онда дұрыс армандай білейік. Ия, солай!

Мұғалім: Осы жер шарында толып жатқан құпиялар, сырлар, тылсым оқиғалар, кереметтер бар емес пе?

Онда дәл қазір барлығымыз дүниежүзінің елдеріне саяхат, жасайықшы.

(улап-шулап, Уралап! Барлығы қуанып, келісім береді).

(Шағаласы шулаған теңіз толқынының үні шығып тұрады).

Автор:
Д.САРСЕНОВА